Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады. Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар ....
Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттер қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында ереулі рөл атқарады. Тарихынаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырылмайды. Оның үстіне деректер үзік-созық және қарама-қайшы, мұның өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фулю, Юйни, Цзу, Юйцзнь, сияқты бес «Шағын иелік» бағынды. «Кангюй» бұл Қытай жазбаларында осылай аталған қаңлы мемлекеті. Қытайдың тарихи храникалары деректерінің ерекшелігі мынадай: тек соларға қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің (Сусе, Фулю, Юйни, Юйцзнь) қалай орналасқаны және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндірмей, археология деректерін қарастырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалық мәселелерді шешу мүмкін емес. ....
Ілияс Омаров (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист.
Өмірбаяны Орта Азия жоспарлау экономикалық және сауда-тауар ісі институтын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 1936 жылдары Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 1945 жылы Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен республикалық ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 1947 жылы Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 1952 жылы Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы......
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.
Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-та және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары болса, ал 2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-та басшылық етті.
2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.....
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 .....
Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады.
Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп..
Оны қайдан таппақ?
Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен......
Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек....