Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген. 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген 1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында әкімші болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді. 2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған ....
Литература начала ХХ века – явление очень сложное и противоречивое. Продолжая лучшие традиции русской классической литературы, писатели и поэты этой поры представили свою концепцию человека и мира, свои темы, проблематику, разработали свои оригинальные жанры, нашли оригинальные способы воплотить известные проблемы в новом свете. Одним из представителей этой эпохи был Ф. К. Сологуб. Ф. Сологуб (Федор Кузьмич Тетерников) – один из значительных представителей Серебряного века, мастер слова, поэт, прозаик, драматург, публицист, переводчик. Творчество художника вызывало и продолжает вызывать множество вопросов у исследователей. Ранний период (1878-1892) в творчестве писателя - самый плодотворный и одновременно наиболее изученный в его литературной биографии. К этому времени относятся два романа - «Тяжелые сны» (1895), одно из самых ранних повествовательных произведений русского модернизма; сборники рассказов «Тени. Рассказы и стихи» (1896). К среднему периоду (1892-1904) относится роман «Мелкий бес» (1892-1902), который вызвал интерес у критиков-современников Сологуба и интересует исследователей наших дней. Тогда же вышел сборник рассказов и новелл «Жало смерти» (1904), четыре книги стихов и «Книга сказок» (1905), отчасти предвосхитившая появление текстов обэриутов. В зрелый (1905-1913) и поздний (1914-1927) периоды были написаны роман-трилогия «Творимая легенда» (1905-1913), множество статей, несколько пьес и сборников стихотворений. Изучение творчества писателя развивается по общим законам литературоведения В разные периоды исследователей привлекали различные направления, и интерес к некоторым проблемам возрастал или, наоборот, затихал, зарождались новые подходы и методологии. Ф. Сологуб начал писать, когда происходило становление русского символизма. Изучение этой эпохи во всей многоаспектности ее проблем стимулировало обращение исследователей к художественным текстам писателя, прежде всего к лирике и роману «Мелкий бес», признанному классическим произведением русской и мировой литературы. Актуальность исследования. Интерес к различным аспектам раннего творчества и литературной биографии Ф. Сологуба реализовался в работах отечественных и зарубежных исследователей: В. Е. Багно, Н. В. Барковской, М. М. Бахтина, Х. Барана, С. М. Бройтмана, М. И. Дикман, А. Н. Долгенко, И. Ю. Жирковой, Л. В. Евдокимовой, Вик. Ерофеева, П. В. Куприяновского, А. В. Лаврова, 3. Г. Минц, Т. В. Мисникевич, Н. Г. Пустыгиной, М. М. Павловой, С. В. Сергеева, С. Л Слободнюк, И. П. Смирнова, М. G. Barker, N.Denиssoff, G. Donchиn, E. M. Ellиot, A. Fиeld, И. Gapanovиch, D. Garaban, D.Greene, С. Hansson, J. Holthusen, L. J. Иvanиts, G. Kalbouss, Л.Клейман, K. L. Robbиns, О. Ronen, С. Rosenthal и Н. Foley, , Г. В. Селегень, Л.Силард, G. J. Thurston, Т. Венцлова и др. Творчество писателя активно исследуется, но отнести Сологуба к изученным авторам все же нельзя. ....
Әсел Баймұқанова Каспийдегі итбалықтарды зерттеп, таспаға түсіреді.
«Мен итбалықтарды зерттейтінімді білген кезде, көп адам біздің елде олардың әлі күнге дейін мекен ететініне таңғалады. Тіпті, ақтаулықтар да».
Әсел Баймұқанова Марқакөл өзенінің бойында дүниеге келген. Бала кезден жоғалып бара жатқан жануарларды қорғау саласында жұмыс жасауды армандаған көрінеді.
«Менің әкем – ихтиолог, ол белгілі жерде ғана мекен етететін балықтарды зерттейді. Алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімде, әкем менің өтінішім бойынша Марқакөлді аралатты. Қайыққа отырып, әдемі табиғатты тамашалаймын деп ойлаған едім. Бірақ күн қатты суық болып, масаға әбден таландым. Содан бері ешқашан мұндай сапарға шықпаймын деп шешім қабылдаған едім».
Алтыншы сыныпты аяқтаған жылы Әселдің отбасы Алматыға көшіп келеді. «Өскен сайын табиғатты қорғау мселелері бұрынғыдай уайымдатпайтын болды» дейді ол. Осылайша Әсел басқа сала бойынша оқуға түседі. Бірақ уақыт өте келе бала арманын жүзеге асыруды қайта қолға алады.....
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк Бауыржан Момышұлы Соғыс... Қандай қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ шығар. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейірімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Сол бір қиын заманда өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi берілдi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген үлкен құрмет! .......
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. .....
Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”. Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар. Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі. “Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”. Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді. Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін... “Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды. Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. 1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады. Өзінің еңбектерінде Локк корольдік өкіметтің ауысуын және Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты негіздеуге ұмтылды. Ол мемлекеттің пайда болуының келісім теориясы және “табиғи құқық” теориясын жақтады, адамдар алғашында табиғи жағдайда өмір сүрді және ерікті және тең болғандығын дәлелдеді. Өзінің “Адам ақылының тәжірибесі” атты негізгі философиялық еңбегінде Локк адам санасында туа біткен идеялар мен елестетулердің болмайтындығы бала жаны “таза тақта” сияқты екендігін дәлелдеді. Осыдан – адам дамытуда тәрбиенің ролін жоғары бағалады. Локктың білімнің және идеялардың сезгіштік тәжірибесінен шыққандығы туралы ілімі феодалдық аристократияға қарсы күресте буржуазияны қаруландырды, феодалдық аристократия идеялардың, “рыцарлық сапалардың” мемлекетті басқаруға қабілеттілікті, үстем тап өкілдерінің білім алуға ерекше құқы туа біткен қасиеттер екендігін насихаттады. ....
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды. ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді. ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды. ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды. Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық. Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.....
Май төбенің өңірі Сол күні аса нұрланып, Алатаудың ақ басын Күмісті нұрға күн малып. Қызғалдақ пен сарғалдақ Алақан аша гүл жарып, Үйіріп тілін төлдердің, Бал бетеге шырмауық.....