Реферат: Құқық | Мемлекеттік билік

Мемлекет териясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды, ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейінректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне , билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.
1.Мемлекеттік билік түсінігі
«Билік» сөзі күнделікті әңгімеде және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы Абайдың өлеңдерінде де болыс болудың қиындығы, ұлы Жамбылдың шығармашылығындағы Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана, шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін «билік» терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше түріне тап боламыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Несие беру этаптары немесе кезеңдері

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай – ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс – тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай – ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
 Несиеге деген өтінішті қарау;
 Несиелік қабілетін талдау;
 Несиелік келісімшарт жасасу;
 Несие беру;
 Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет” деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерін есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылатын қызметің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалатынын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстардың әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатта орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және беллгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге ( реквизитке) жататындар:
Құжаттың аты, нысанының коды;
Құжаттың толтырылған уақыты ( күні, айы және жылы );
Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты жөні;
Шаруашылық операцияның мазмұны;
Шаруашылық операцияның өлшемі ( натуралдық немесе ақшлай );
Шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты- жөні;
Жауапты атқарушының қолы;
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмері, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерін, шаруашылығын сипаттайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Мақтанышым-Әкем!

Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. Қазір басқа қалада оқуда жүрген апам мен ағам әр телефон шалып сөйлескен сайын «Әкем мен анамды ренжітпе, айтқандарын екі етпей орында, сыйла!» ,-деумен болады. Мүмкін сағынып жүрген болар деп ойлаймын кейде. Ал бір ойым адам қасында жүргенде жақын адамдарының қадірін білмейді,- деген оймен астасып, олар әкем мен анамның қадірін енді біліп жүрген болар деген ой мені мазалайды. Олар оқудан демалысқа келіп, қайтатын күні болғанда - анама таңертеңгі шайға балалардың бәрін оят, бәріміз бірге ауызбіршілік шайын ішейік, -дейтін. Анам сол күнге бола таңертең ерте оянып, бар тәттіні пісіріп, аузымызға тосатын. Бұл да болса әкемнің бірлік пен татулыққа шақырған тәрбиесі деп білемін. Әкемнің асыл қасиеттерін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Қанша шаршап- шалдықса да үйге үнемі күлімсіреп кіреді......
Эсселер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аддуктор

Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; лат. duco — серпу, яғни ішке тарту, жақыңдатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына эсер ете отырып, аталған мүшелерді дене түлғасына жақындататын бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін "жауырынасты бұлшықеті", жамбас-ортан жілік буынын қозғалтатын "сымбат бұлшықеті" мен "санды жақындатқыш бұлшықет" жатады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Ақ түн

Ескі пароход Вознесеньедегі айлақтан ырғалып әрең шықты да Онега көліне келіп түсті.

Айналада ақ түн созылып жатыр. Мен бұл түнді алғаш рет Нева мен Ленинград сарайлары үстінен емес, солтүстіктің орманды кеңістігі мен көлдері арасында жүргенде көрдім.

Шығыста жүзі жүдеу ай қуарып, төмендеп тұрды. Ол мүлде жарық шығармайтын сияқты.

Пароходтан тараған толқындар қарағай қабығы бөлшектерін тербетіп, алысқа маңып барады. Жағада, ежелгі бір қыстақ шетіндегі шіркеуде ме қалай, күзетші мұнарадағы қоңырау сағатты - он екі рет соқты. Жағалау алыс болса да, оның әуезді үні бізге жетіп, пароходты жанап, су айдыны үстімен ай салбырап, ілініп тұрған мөлдір сапаққа сіңіп жатты.

Мен ақ түннің кісі жанын қажытатын жарығын не деп атайтынымды өзім де білмеймін. Жұмбақ дейім бе? Әлде дуалы дейім бе?

Осынау түндер маған әманда табиғаттың әсіре сыйы сияқтанып көрінеді. Оларда аппақ ауаның және фольга мен күміс жарқылының тұнық мөлдірлігі бар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АҚЫН ЖЫРАУЛАР МЕН БИЛЕРДIҢ ШЕШЕНДIК СӨЗ ӨНЕРIНДЕГI ТӘЛIМДIК ОЙЛАР

Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған.
Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам.
Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Күнiнде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама – деп,
Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Рефераттар
Толық
0 0