Реферат: Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстандағы лизинг

Отандық лизингтің қалыптасуының 15 жылдық тарихы бар. Ол 1989 жылдың екінші жартысынан басталды жэне осы күнге дейін дамуын «бес» кезенге бөліп, қарастыруға болады.
Бірінші кезең (1989-1992 ж.ж). Бүл кезеңде республикамызда лизинг бизнесі тек қана жандана бастады, яғни, жаңа лизингтік компаниялар қүрылып, өз қызметін бастады.
Екінші кезең (1992-1994 ж.ж). Бұл кезеңде қолайсыцз эканомикалық жағдайлардың нэтижесінде лизинг бизнісі бэсеңдеп кетті. Осы жерде қолайсыз эканомикалық жағдайлар деп отырғанымыз жаппай ырықтандыру, 1992 жылғы эсіре инфляцияның (гиперинфляция) эсерінен бағаның түсіп кету, банктің просенттік ставкасының өсуінің нэтижесінде көптеген лизингтік компаниялар өзінің қызметін тоқтатып, кейбіреулері делдалдық жэне сауда қызметімен айналысты.
Үшінші кезең( 1994-2000 ж.ж). Аграрлық жэне жандану кезеңі.Бұл кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, Қазақстанның лизинг бизнісінің ынталандырылу кезеңі. Дэл осы кезеңде Мемлекеттік Лизинг Қоры қүрылып, лизингтік операцияларды жүзеге асыру жағдайлары қарастырылып, реттеуші нормативтік-қүқықтық актілер эзірленді. Осы кезең нэтижесінде қүралдардың жаппай қайтарылуына байланысты Мемлекеттік Лизингтік Қор қайта қалыптастырылып, оның қызметі мемлекеттік Қаржы-Лизинг компаниясы «ҚазАгроФинанс» ЖАҚ-на көшті.
Төртінші кезең(2000 тамыз-2003 ж.ж). Бүл «банктік» кезең.ҚР-да комерциялық бактер лизингтік операцияларды жүргізу үшін заңдылықты база қүрылған, яғни, «ҚР-дағы банктер жэне банктік қызмет туралы» ҚР-ның Президентінің 1995 жылғы 31 -ші тамыздағы заңдық күші бар жарлығына сэйкес банктердің ҚР-ның ҮБ-сінің арнайы лисензиясы негізінде лизингтік операцияларды жүргізуге қүқықтары бар. Соған байланысты біз «бактік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін білікті деңгейі неғүрлым жоғары үйым болып табылады» деген пікірге толығымен қосыламыз. Себебі кез келген заңды түлғалар үшін лизингтік қызметті жүргізу кезіндегі қаржылық тэуекелдіктің деңгейі өте жоғары екендігі белгілі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шығыс сметаларының орындалу есебі

Менің курстық жұмысысның тақырыбы: “Шығыс сметаларының орыфндалу есебі” деп аталады.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында бюджеттің экономикалық мәніне, бюджеттің шығыстарыына және шығыс сметаларының орындалу есебіне байланысты мәселелерді қарастырғалы отырмын. Осы негізгі үш сала бойынша жаңа даму қарқынына еніп отырған әлеуметтік-экономикамыздағы бюджет шығыстарының жалпы алатын орны толық ашылмақ.
Экономикамызды әлемдік деңгейге жеткізу үшін түрлі салаларға бюджеттен бөлінетін шығыс орындалуы есебін дұрыс әрі ұтымды ұйымдастырудың экономикалық мәні зор десек, сол шығыс сметларының орындалуы есебін бүгінгі атқарушы қаншалықты дәрежеде қолданып жүр. Осы туралы мәліметтерді сіздер курстық жұмысымның ішінен ала-аласыздар ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Айтбай Жұмағұлов Ботпайұлы (1975 жылы)

Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент[1].
Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесінің ең үлкені-оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Ә. Нұршайықов

Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланың еңбекқор,ақылды,тәрбиелі болып өсуіне ата-анасы жауапты. Жақсы тәрбие көрген бала ешқашан жерде қалмайды. Айналасы жақсы адамдарға толып,үлкендерге құрмет көрсетіп,кішілерге өнеге беріп жүреді. Жалпы жақсы адам болып қалыптасқан баланың өмірі жақсылыққа толады. Көбінесе,қазіргі жұмысбасты ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бере алмай жүр. Мен бұндай оқиғаларды күнделікті өмірден және фильмдерден көрдім. Тек қана жұмысбасты ата-аналар ғана емес,басқа да отбасылар ішінде бар. Әркімнің тәрбиесі әрқалай. Тәрбие байлыққа,жоқшылыққа қарай бөлінбейді. Ең әуелі баласына тәлім тәрбие бергісі келетін ата анада ниет пен сүйеспеншілік болады.

Қазіргі кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбей жүр. Балалардың көпшілігі жан жаққа шашылып кетті. Барлық бала бірдей емес. Себебі,әркімнің тәрбиесі әрқалай. Мен бұл сөзді қайталаудан таймаймын. Өйткені бұл-заңдылық. Қысқасы барлық адам бірдей тәрбие көрген жоқ. Сондықтан олардың балаларына беретін тәрбиесі де әртүрлі болады. Мысалы,ауыл мен қала балаларының алған тәрбиесі көпшілік жағдайда әртүрлі болады ғой,иә?Ауыл балалары ауылдағы ата әжелерінің қолында өсіп,қазақи тәлім-тәрбие көреді. Олар көбінесе ұлтшыл,намысшыл,салт дәстүрді ұстанатын болып өседі. Бірақ бәрі деп айтпаймын. Себебі,ауыл балаларының арасында қала балаларына еліктейтіндер табылары хақ......
Эсселер
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернеттің пайдалы және зиянды тұстары

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лимфоциттер

Лимфоциттер
Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.

Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабілетті бағаналы жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезің сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығымен мен бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9мкм дөңгелек және сопақша келген ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз дөңгелекше келген жасушалар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Сүргінде

Заманында Толковый деп атанған Семен қарт пен атын ешкім де білмейтін жас татар жігіті жағада, оттың басында отыр, қалған үш қайықшы үй ішінде. Жасы алпыстарға келген, арық, тістері түскен, жауырынды, сырт қарағанда әлі де мығым Семен қарт мас ол үйге барып жатып ұйықтайтын еді, бірақ қалтасында жарты штофы бар, соны үйдегі жігіттер сұрап ішіп қоя ма деп қауіптенгендіктен ғана бармай отыр. Татар ауру. Қиналып, шоқпытына оранып, Симбир губерниясы жақсы екенін сонда, үйінде, сұлу, ақылды келіншегі қалғанын айтып отыр. Жасы жиырма бестен аспаған, бірақ қазір оның бозғылт, мұңды жүзі оттың жарығында жас баланың әлпеті сияқтанып көрінеді.

— Әрине, бұл жақ пейіш емес, - деп отыр Толковый. - Өзің де көріп жүрсің ғой өзен жағалауы жап-жалаңаш, төңірегінің бәрі саз балшық, басқа түк те жоқ...

Жарықтық пасха мейрамы өткелі қашан, сең әлі жүріп жатыр, мана ертеңгісін қар да жауды.

— Хал мүшкіл! Хал мүшкіл! - деп татар төңірекке үрейлене қарап қойды.

Бұлардан он қадамдай жерде ызғарлы өзен қарауытып ағып жатыр, суы гүрілдеп, жырмаланған жардың балшығына шолпылдай соғып, әлдеқайда алыстағы теңізге қарай асыға ағып барады. Тап жағада үлкен баржа қарауытып көрінеді, оны қайықшылар "қарбас" дейді. Арғы бетте, алыста, біресе өшіп, біресе шалқып, айдаһардай ирелеңдеген оттар көрінеді, олар - қау шөпке салынған өрт. Сол айдаһар оттардың арғы жағы тағы да меңіреу қараңғылық. Ұсақ сеңдердің баржаға дүңкілдеп соғылғаны естіліп қалады. Ауа дымқыл, суық... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0