Серәлі Қожамқұлов (Серке, 5 мамыр 1896, қазіргі Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 31 желтоқсан 1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Өмірбаяны 1936 жылында Қазақстанның халық әртісі атағын иеленді. 1976 жылында Социалистік Еңбек Ері (1976). 1913 - 19 1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә.Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды.....
Бақыт деген әр күніңе шүкіршілік ету.Уақыт зымырып өтіп кетіп жатыр,сол уақыттағы бақытты сәттер ұмытылмайды .Меніңше әрбір адам өзін бақытты ете алады,әрине еңбек керек.Кейде бақыт үшін өз өзіңмен күресуге тура келеді.Кейбір адамдар бақытты ақша деп түсінеді бірақ ақша келеді кетеді.Бұл екі ұғымды шатастырып алмау керек.Ең басты бақыт қиын сәтте қасыңдағылардың көмектесуі.Егер адамда мейірімділік болмаса адам бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмейді.Бақыт кішігірім бөлшектерден тұратын ғаламат сезім.Осы өмірге келгеніміздің өзіде бақыт.Құс ұшу үшін жаралса,адам бақытты болу үшін жаралған.Бұлттың арқасынан күн шығады емеспе,қиындықтың арқасынанда бақыт келеді.Жақсы адамдар сізге бақыт әкеледі.
Ал жаман адамдар тәжірибе береді.Бақытты емеспін деп өз өміріңді өзің баға беріп,жастықтықты құшақтап жасыңды төгесің.Бақытты өмір болмайды,бақытты минуттар болады.Сен менде өміріміздің әр минутына мән берсек,астарында бақытты сәттерді байқаймыз.Бақыт деген кішігірім ғана көңіл,аз ғана сәтті рахат. Бірақ ол бір рет ақ келіп кетпейді.Тағдырыңның үлкен жолдарында талай кездеседі.Бақытты бір үлкен күш деп,оны өмір бойы күтіп жатуға болмайды......
Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы немесе AIDS ( ағылшын сөзінен Acquired Immunodeficiency Syndrome) – көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды – тапшылық вирусы немесе HIV ( HIV ағылшын сөзінен human immunodeficiency virus ) – мен тудыратын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы өлім - жітімділігімен сипатталады. АИВ-ны 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Американ ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты. Антигендік құрылымы. АИВ–ның серологиялық қасиетін көрсететін бірқатар беткейлік (gp 106, gp 120, gp41) және жүрекшелік (р 24, р 18 және т.б.) антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады: АИВ -1, АИВ-2-нің айырмашылығы құрамында gp140, gp105, gp36 болады. Осы ерекшеліктер АИВ-1 және АИВ-2 қоздыратын аурудың ағым айырмашылығына негіз бола алады. Негізгі антигендер науқас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. Алғашқыда gp120, gp41-ге, сосын р24-ке антиденелер пайда бола бастайды, олар қанда ұзақ сақталады. АИВ грипп вирусынан өзгергіштігінен жүз және мың есе артық болатын өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие, және де осы қасиет басқа вирустарға қарағанда оның транскрипциялануының жылдам жүруімен де байланысты. Ең кең тараған түрі АИВ-1 өзгергіштік қасиетке ие болғандықтан, 10-ның астам генотиптерге ие(субтиптері: А,В,С,Д,Е,F ж.т.б.). Олардың ақуыздық құрамына кіретін амин қышқылдары 25-30% өзаралық айырмашылықтары бар. Субтиптің ішінде құбылмалы деңгейі 5-20% құрайды. Инфекцияның жұғу жолдары. Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы ауру адамнан сау адамға , сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және де эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. Ауру анасынан ұрығына және де емшек сүтімен қоректенгенде баласына жұғады. АИВ – инфекция көбінесе қауіп- қатер тобына кірушілерде (жезөкшелерде, гомосексуалистерде, наркомандарда) дамиды. Осы топқа гемофилияны да жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда АИВ инфекциясы осы инфекция жұққан донорлардың қанын құйғанда немесе кәсіпке байланысты(хирургтарда, акушер-гинекологтарда) дамиды. Клиникасы бойынша АИВ-инфекциясы да басқа индекциялар сияқты бірнеше кезеңнен өтеді: 1. Жасырын кезеңі 2. Алғашқы белгілердің пайда болу кезеңі 3. Екіншілік аурулар кезеңі 4. Соңғы кезеңі Аурудың жасырын кезеңі басқа инфекцияларға тән жалпы өзгерістермен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілеріне лимфа түйіндерінің, әсіресе бірнеше аймақта жатқан бездердің, бір мезгілде үлкеюі (лимфоаденопатия) тән. Бұл кезде АИВ вирусына қарсы антиденелер анықталады. Аурудың екінші кезеңі 3-5 жылға созылады. Аурудың үшінші кезеңі үшін иммундық жүйенің бұзылып, екіншілік инфекциялардың дамуы тән. Алғашында кандидоз, фурункулез, герпес, белдемелі теміреткі дамиды. Төртінші кезеңді ЖИТС деп атайды. Бұл кезеңде ЖИТС – ке тән Капоши саркомасы, пневмоцисталы пневмония өріс алады және басқа да оппортунистік инфекциялар байқалады. ....
Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында .....
Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.
— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?
— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.
— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.
— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.
— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады. .....
... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.
Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.
-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады. .....
Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы қылықтармен шектеледі.
Бірде кешкісін ескі досым Джеральд Паркердің үйінде отырғанбыз. Менімен үй иесінен бөлек тағы да бес-алты адам бар-тын. Әдетте Паркер отырған жерде әңгіме қалайда баспана іздеу мәселесіне қарай ойысатын. Бұл жолы да дәл солай болып шықты. Әңгіме арқауы Лондоннан пәтер іздеп табудың қиындығы жайында болатын. Баспана.іздеу, пәтер ауыстыру Паркердің үйреншікті кәсібіне айналған еді. Соғыстан1 бергі уақыт ішінде - ол ең кемінде бес-алты пәтер ауыстырған. Бір.жерге қонар-қонбастан және бір арзан үйге ықыласы ауып, дүние-мүлкін арқалап көше жөнелетін. Дегенмен әрбір көшіп-қону оған аз да болса пайда келтіретін. Ал шынына келгенде, пәтер ауыстыру енді оған пайда табудың көзі емес, күнделікті әдетіне айналып кеткен еді. .....
Іңір әлетінде "кеш жарық" деп кіріп келсең, келген үйің кешкі тамағын жаңа ғана алдына алып жатқан болса, үй иесі үйде жоқ боп, боқташақ балалардың арасындағы бас көтерері жалғыз ғана жас әйел болса — олар да ыңғайсызданып қалады, сол үйге сыймағандай солбырайып сен де тұрасың. Дегенмен, декабрь ішінің тымырсық аязы — осы үйден шықсаң-ақ шап беріп ала түсетіндей боп, сені еріксіз аялдатады. Жылынғаныңмен тұрмай, сол үйдің тұрмысына сын тағып кеткелі келген адамнан жаман көзіңді анаған да қадайсың, мынаған да қадайсың.
Жас келіншек салманы ұрғылай түсіп:
— Биыл салған үйіміз еді... Жөндейтін жері көп әлі, дейді.
Шын таңырқау осы жерден басталады. Екі бөлмелі үй, асты-үсті тақтайлы, жинақы ғана бұйым; төргі бөлмеде темір керует, керует тұсында мәнерлі кілем... Тағы-тағыларды көзіңмен бір шолып өтіп, кішкене ойлансаң, қаладағы кеуде қызметкерлердің бірі боп жүрген Абалақтың пәтері көзіңе келіп елестейді. Соғыстан шыққандай қирап жатқан бұйым, шашылып жатқан дүние болады оның үйінде. Үсті-бастары дал-дұл, танауларының асты нелеу боп, тәртіпсіз өскен балалары болады. Осының бәрінің ортасында тұлданып Абалақтың әйелі отырады: "Қараң қалғырдың қайсы бірін жинайсың?!" — деп. Сонда сол әйелдің бар бітіретіні — күнде базарға бір шығып, қаланың күнделікті өсегін теру ғана болады-ay... .....
1.1. Жер қойнауы туралы түсінік. Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады. Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады. Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі: • жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек, • рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері; • бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б. Адамдар өте ерте заманнан бері жер қейнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қейнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ, жер қойнауындағы минералдық: қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады. Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай.....