Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы

Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз

Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. Сонымен әркім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА...

Өз кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын», - деп әдемі теңеумен дөп айтқан екен.
Сол секілді өмірімнің түрлі кезеңінде өзімнің тарапыма сөгіс, басқаша айтсам сырттымнан айтылатын жағымсыз әңгімелер легін естіп жатамын яки естіп те келемін. Бәлкім, бұл нәрсе бәрінің басында....
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қасиеті туралы

Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді. Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер. Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды. “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын.

Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын .” Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойға қаласың. “Апырай, Мәшекеңдікіне жұмсайтын”- деуіне қарағанда, айнала төңірегін мекендеген тірі адамдар Мәшекең аруағын қастерлеумен одан тура мағынасында қолқайыр да көрген екен- ау. Мәшекеңнің бейіт үйінен ағаш жаруға балта, үйге келген қонаққа ыдыс- аяқ алулары соның айғағы емес пе?! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке адам туралы тусінік

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Хаббл эффектісі

Галактикалардың негізгі сипаттамалары. В. Гершель XVIII ғасырда аспандағы бақыланатын мыңдаған тұман тәрізді дақтарды (тұмандықтарды) ашып, оларды каталогқа тіркеді. Кейініректе олардың көбінесе спиральды тұрпаты бар екені аңғарылды.
Американ астрономы Э.Хаббл (1889-1953) Андромеда шоқжұлдызы ішіндегі тұмандықтың фотосуретін түсірді. Сонда оның сансыз көп жұлдыздардан тұратыны көрінді. Тұмандық ішінен ол жаңа жұлдыздардың оталысын, шашыранды және шар тәрізді шоғырларды және цефеидтерді байқады. Осы цефеидтердің айну периодтары мен көрінетін жұлдыздық шамаларын анықтап, Хаббл олардың бәрі дерлік біздің Галактикадан тысқары өте алыста екенін тағайындады.
Осы тұмандыққа шейінгі қашықтықты және оның бұрыштық өлшемін біле отырып, оның диаметрін сызықтық бірліктермен оңай есептеп табуға болады екен.
Сонда Андромеда шоқжұлдызындағы спиральды тұмандық үлкендігі, біздің Галактика шамалас, өте зор жұлдыздық жүйе болып шықты. Біз қазір оған шейінгі қашықтық 2 миллион жарық жылына тең екенін білеміз. Біздің Галактиканың ішіндегі сияқты, оның ішінде де газды және тозаңды тұмандықтар бар. Андромеда шоқжұлдызындағы галактиканы біз оның осіне біршама көлбеу бұрышпен көреміз, сондықтан ол сопақтау болып көрінеді. Үшбұрыш шоқжұлдызы ішіндегі галактика да спиральды, көру сәулесіне оның көлбеулігі кемірек, сондықтан оның түрі бір басқа.
Астрономдар біздің Галактиканың шегінен тысқарыдағы, өте көп ғаламат зор жұлдыздық жүйелерін тапты. Оларға біздің Галактикадан айырып, г а л а к т и к а л а р деген жалпы атау берді.
Хаббл мынаны ашты: өте жарық жұлдыздарының көрінетін жарықтығы бойынша, қашықтықтағы бұрынырақ анықталған галактикалардың спектрлерінде сызықтар спектрдың қызыл жақ шетіне қарай ығысады екен. Осы қызыл ығысу галактикаға шейінгі қашықтыққа пропорционал болып өседі. Доплер эффектісіне сәйкес қызыл ығысу жарық көзінің бақылаушыдан қашықтап үдеп бара жатқанын көрсетеді. Қашықтау жылдамдығы ығысу шамасына, демек, қашықтыққа пропорционал. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Исламдық мәдениет әлемінің қалыптасу ерекшеліктері

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Жұмағали Саин | Ырысбай мен Балдақ

Күн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.

Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.

Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...

...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.

Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.

Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.

— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.

— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.

Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Кездейсоқ оқиға

— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!

Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.

— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.

Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.

Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:

— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.

Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.

— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.

— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?

— Еміс-еміс есімде......
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Ықтималдылық туралы түсінік

К і р і с п е
Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы барлық жаратылыстану, экономикалық және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп саналатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ социологияға, археологияға еніп, ортақ тіл табысып, ішкі құрылыс заңдарын ашатын пәрменді құралға айналып келеді кеңейтіліп, анықтала түседі де, формальданады. Оқиға ұғымы ықтималдылықтың . Ықтималдықтар теориясының бірінші негізгі ұғымы- оқиға бірте-бірте классикалық анықтамасында бастапқы ұғым болып, формальды логикалық тұрғыдан анықталмайтын жиын ұғымы ретінде түсіндірілсе, аксиоматикалық тұрғыдан оған анықтама берілді. Сондықтан оқиға ұғымы туралы мына жағдайларды ескеру қажет. Оқиғалар мен олардың арасындағы қатыстарды үш рет қайталап отырғанымызды аңғару қиын емес.
Ықтималдылық формальданған, бұл жағдайда ықтималдықтың классикалық, статистикалық (жиіліктік),, геометриялық және аксиоматикалық анықтамалары бір-бірімен салыстыру және жетімсіздігін толықтыру арқылы түсіндіріледі.
Негізгі теоремалардың дәлелдемесі ықтималдылықтың классикалық анықтамасы негізінде келтірілді. Комбинаторика ұғымы қарапайым статистикалық мәліметтер арқылы сипатталады. Мұнда қайталама және қайталанбайтын таңдаамалар сияқты статистика терминдерін енгіземіз. Комбинаторика ұғымы ықтималдықтарды есептеуге кең қолданылады.
Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғыылым ретінде қалыптасуы бірнеше сатыдан өтеді. Бұл ғылымның дамуына Европа ғалымдары Б.Паскаль (1623-1662), П. Ферма (1601-1665), Х. Гьюгенс (1629-1695), Я. Бернулли (1654-1775), А. Муавр (1667-1754), П. Лаплас (1749-1827), Ф. Гаусс (1777-1855), С Пуассон (1781-1840) және орыс ғалымы Буяковский (1804-1889) көп үлес қосты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0