Әңгіме: Маңғыстаудың экологиялық ахуалы қалай


Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне келетін болсақ, облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, алайда проблемалар да бірінен соң бірі туындап отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл мақалада ең өзекті деген үш проблемаға тоқталғанды жөн санадық.



Өңірдің басты экологиялық проблемасы ретінде «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын айтуға болады. Бір кездері мұнда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш зауытынан барлығы 105 млн. тоннадан астам қалдықтары жиналған. Өз кезегінде бұл жиынтық белсендігі 11,2 мың кюри және 51,8 млн. тонна әлсіз радиоактивтік қалдықдың жиналуына әкеп соқты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде арнаулы жоба жасақталмастан 1994 жылға дейін химиялық-гидрометаллургиялық зауыттың қатты радиоактивті қалдықтары көмілген.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаевтың айтуынша, күкірт қышқылы зауытының өндірістік қалдықтары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік - шығыс бөлігінде, оның санитариялық аймағы шекарасынан тыс жерде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі уақытта қалдық қоймасының және оның айналасындағы экологиялық жағдайы мәз емес. Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы халқының табиғи ортасы «экологиялық қысымда» тұрғаны ешқандай күмән келтірмейді.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары, қалдық қоймасының жақын жердегі елді мекендердің экожүйесіне әсерін зерттеу мен бақылау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, бірінші кезекте «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы экожүйесіне әсері және қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы тұрғындардың денсаулығына экологиялы-генетикалық әсерін бағалап көрген. «Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, санитариялық аймақ ішінде өмір сүретін кеміргіштердің дезоксирибонуклеиндік қышқылы мен хромосомдарына теріс әсері анықталған. Сондай-ақ, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне және генетикалық (тұқымдық) ауруларға минорлы генотиптерді тасушылар түсуі мүмкін деген болжам жасалып отыр», - дейді Серік Сағынбаев.

Бұл проблеманы кешенді шешу мақсатында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі және бірінші кезеңінің жұмыс жобасының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нәтижесінде, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің І кезеңінің жұмыс жобасын іске асыру үшін, республикалық бюджеттен төрт күнтізбелік жылға 17 518,159 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2017 жылдың II жартыжылдығына – 3 738,786 млн. теңге; 2018 жылы – 5 168,147 млн. теңге; 2019 жылы – 5 426,304 млн. теңге; 2020 жылы – 3 184,922 млн. теңге қаржыландыру жөнінде ұсыныс өтінім берілген. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4 млн. м3 су құйылады. Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас ұзындығы 3 км жасыл қорғаныш аймағын құру жоспарлануда.

Шөлейттенуге қарсы атқарылған жұмыстарды да айтып өту қажет. Маңғыстау облысындағы көшпелі құмдармен күрес жұмыстары қалай жүріп жатырғанды, әрбір тұрғынды мазалайтындығы сөзсіз. Айта кету керек, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өңіріміздің қарқынды игерілуі қоршаған ортаға түсетін антропогендік фактордың салмағын еселей түскендігі белгілі. Биологиялық алуан-түрліліктің кемуі соның бір көрінісі. Облысымыздың ірі құм массивтерінің жер асты су көздерінің игерілуі, құм массивтерінің қысы-жазы жайылым ретінде пайдаланылуы, және де жергілікті тұрғындардың орман ресурстарын отын ретінде пайдалануы құм сілімдерінің көшуіне әкелді. Мұндай жағдай Қарақия ауданындағы «Түйесу», Маңғыстау ауданындағы «Бостанқұм» және «Қызылқұм» құм массивтерінде көрініс алды. Аталған құм массивтерінің іргесінде орналасқан Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарының тұрғындары табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуының салдарларының куәсі болды.

2004 жылдан бастап Сенек, 2007 жылдан Ұштаған, 2012 жылдан Тұщықұдық және де 2016 жылдан бастап Шебір ауылын көшпелі құмнан қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл уақыт арасында 2910 гектар аумақты алып жатқан территория қоршалып, фитомелиорация-механикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қоршалған аумақтың өсімдік жамылғысы толықтай қалпына келді деп қорытындылауға болады.

Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау жұмыстары алдымен «Түйесу» құм массивінде (Сенек ауылы) 2004 жылдары басталды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Аумақтағы 440 гектар жердегі құм қозғалысы тоқтатылды. 2009-2013 жылдары аумақта 300 гектар құм тоқтату іс шараларын іске асырды. «Бостанқұм» құм сілемінде (Ұштаған ауылы) 2007-2010 жылдар аралығында ауқымды құм тоқтату шаралары іске асырылды. Нәтижесінде тұрғылықты жер маңайындағы 530 гектар аумақтық құм массиві тұрақтанды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақтың құм тоқтату іс шаралары іске асырылды. 2011 жылдың аяғында Қызылқұмда (Тұщықұдық ауылы) құм тоқтату жобасы басталды. Жоба 640 гектар жер аумағынын қамтиды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақта Тұщықұдық елді мекенін көшпелі құмнан қорғау жұмыстарын іске асырды. 2016 жылы құм тоқтату жұмыстары Маңғыстау ауданының Шебір ауылында басталып жалғасын табуда.



Тағы бір өзекті мәселе, Каспий теңізінің экологиясын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жайы. Теңізде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспары әзірленіп облыс әкімдігінің 09.08.2016 жылығы № 249 қаулысымен бекітілді. Сонымен қатар, жер үсті өзен сулары облыс бойынша жоқ екені белгілі. Ал облыс аумағы жер асты су ресурстарымен және де Каспий теңізі айдынымен қамтылған.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат ресурстарды пайдалануды реттеу басқармасы Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігін қорғау аясында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 1399,5 қашықтықты құрайтын Түрікменстан шекарысынан Атырау облысының шекарасына дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері орналастырылды. Жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жыл аясында Экологиялық зерттеу зертханасы Гидробиология бөлімімен толысып Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын зерттеуге мүмкіндік алды. Зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі экология департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара қолдануға жіберіліп отырады.

Жылда халықаралық Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілдерімен және де халықаралық беделді ұйымдармен Каспий теңізінің биоресурстарын қорғау мәселесінің аясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір ғана Каспий мәселесін айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны тек еститін құлақ, сезінтін жүрек болса жетіп жатыр.



Дайындаған Нұрбол Оқуов,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Брутон ауруы

Брутон ауруы

Алғаш рет 1952жылы американдық педиатр Брутон әр түрлі жұқпалы аурулармен (4жасына дейін 14рет пневмониямен, бірнеше рет отитпен, синуситпен, сепсис, менингитпен) ауыпған 8-жасар ер баланың ауру тарихын жазған. Оның қан сарысуын зерттегенде антиденелер табылмаған. Ғылыми медициналық әдебиеттерде жеке нозологиялық түрі ретінде белгіленген біріншілік иммундық тапшылықтың алғақы жазылымы болған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Назды қоңыр даусым жетсін өзіңе


Ол бір Полонскийдің, Майков пен Апухтиннің өлеңдері, Пушкиннің қарапайым әуезді жырлары көбірек айтылатын шақ еді, осы романстың сөзін шығарған Пушкин екенін Левитан тіпті білмеуші еді.

Ол күнде кешқұрым дуал сыртынан әйел әнін тыңдайды, сөйтіп "махаббат зары" жайлы тағы бір романс жадында сақталып қалады.

Ол қайғылы әнді шырқай салған әйелді көргісі келеді. Қыздармен бірге крокет ойнап, айғай сап, ағаш допты соққанда сонау темір жол жиегінен бір-ақ шығаратын гимназисттерді көргісі келеді. Ол балконда отырып, таза стақаннан шай ішкісі келеді. қасықпен лимон езіп, сол қасықтан сағыздай созылып сары өрік шырынының аққанына бей-жай қарап отырғысы келеді. Ол ойына не келсе, соны істеуге, жадырап күлуге құштар, жасырынбақ ойнап, түн жарымға дейін өлең айтуға құштар, аяғын аршындап басып, цензура тыйым салған "Төрт күп" деген әңгімені жазған жазушы Гаршин туралы гимназистердің әсерлі сөзін естуге құштар. Ол он салған әйелдің көзіне байыптап қарағысы келеді - ән шырқаған адамның көзі жұмулы тұрса да, бір мұңлы сезімге толы болады ғой.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бөбектің психикалық дамуы

Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сол жақта ортада оң жақта Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдер: практикалық, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Мотивациялық қозғаушы Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда отырған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жастар жөніндегі әлеуметтік саясат

ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жапония бағалы қағаздар нарығы

Экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің бірі Жапония қор нарығын қарастырсақ оның күрделі екеніне көз жеткіземіз. Жапонияның бағалы қағаздар нарығы 1949 жылдың мамырында соғыстан кейінгі қайта ашылу сәтінен бастап, Жапонияның ірі биржасы – Токиолық қор биржасы дамыды. Ұзақ уақыт бойы Жапонияның бағалы қағаздар нарығы провинциалды сипатта болған. 1968 жылы Жапония ең бірінші Қаржы министрлігінің лицензиясын алуға брокерлердің міндетін енгізуіне қарамастан, 1970 жылдарда осы нарықта халықаралық сипаты әлсіз айқындалған болатын. 1980 жылдың соңына қарай жағдай күрт өзгерді, яғни 1989 жылдың ортасында Токиолық қор биржасында айналатын бағалы қағаздардың нарық құны 3,815 млрд. доллар болды, яғни Нью-Йорк қор биржасы (2,445 млрд. доллар) және басқа биржалармен салыстырғанда едәуір өсті. Ол бірінші орынға шыға отырып, жылдың аяғына қарай жапон нарығының жалпы капиталдануы 4 трлн. доллардан асты.
Жапониядағы бағалы қағаздар мен қор биржалар туралы заңы 1947 жылы жарық көрді. Оның өңдеу барысында (1965 жылы, 1971 жылы, 1981 жылы, 1988 жылы) құқықтық нормалардың бірқатары 1933-1934 жылдары АҚШ-тың заңдылығының сәйкес нормаларына жақындастырылды. Жапон заңы тиімді экономикалық даму мен инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында алғашқы және екінші нарықтың реттеуін қамтамасыз етеді.
Облигациялар жапон нарығы (қарыз қаржы құралдарының нарығы) - әлемде шамасы бойынша екінші болып есептелетін қарыз қаржылық құралдарының нарығы. Жапон облигациялар нарығының инвесторлық базасы кейбір топтармен шектеледі: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Компьютердің негізгі блоктарының элементтерінің негіздерін ұйымдастыру

Процессор – компьютерді басқару құрылғысы.Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын атоматты түрде басқарады.Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секөнтте орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін,оған балама етіп,электрондық схемалардың жұмыс ритімін ұйымдастыратын электор импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт – тізбекті берілетін екі сигнал арасындағы уақыт).Импульс көзі – түрлі сигналдар арасындағы үзілістерді ұйымдастырушы микросхемалардан тұратын импульс генераторы (generatior - өндіруші).Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар,типіне қарай, 4-50 МГц шамасындағы, тіпті 100 МГц – тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады ( 1 МГц = 1 000 000 такт/с.).

Жалпы,алғашқы буын компьютерлердің жұмыс өнімділігі аз болатын. Буын өскен сайын компьютерлердің жұмыс өнімділігі де қарқындап өсті. Мысалы,бірінші буын ЭЕМ – дерінде секөнтіне бірнеше операция,үшінші буын машиналарында жүз мыңдаған операция орындалады.Соңғы Пентиум типті дербес компьютерлердің жұмысөнімділігі секөнтіне миллиондағаноперациялардан тұрады.Келешекте дайындалатын кәсіби Компьютерлерде өнімділік арта беретіні сөзсіз.Тағы бір ескеретінжайт:жұмыс өнімділігін арттыру үшін бір компьютерге бірнеше микропроцессорлар орнатылып қойылады.Әмбебап дербес компьютерлерде, мысалы, 80486 DX әбебап дербес компьютерінде негізгі процессордан басқа жылжымалы үтірлі (нүктелі) нақты сандармен (мысалы, 475.2, 1025.6 сандарының 0.4752Е+3, 0.10256Е+4) үлгілерінде жазылу түрлерімен математикалық процессор да бар.Одан бөліп көрсету үшін біріншісін орталық процессор деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Наурызбай батыр

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады. ....
Рефераттар
Толық
0 0