Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Экология | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда.
Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн.
Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.
Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды.
170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Зиянды әдеттер

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол депспирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50ы,туберкулезге шалдығудың 30 ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс екі елдің ұстанымдарының, екі елдің көздеген мақсаттары ұқсас келетіндіктен қарқынды темпен дамуда. Екі елдің бір-біріне көмек көрсетуге қызығушылық танытуы 1990 жылдардың басында-ақ екі ел арасындағы достық қатынастардың орнауына алып келді.
Турция алғаш Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап (1991 жылдың 16 желтоқсаны), еліміздің халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуіне ат салысқан мемлекет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы Түркия үшін бұл аймақта туындайтын мәселелерде шешуде көмек көрсететін серіктес ел ретінде қарастырылды.
1991 жылдың 15 наурыз күні Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасының арасында маңызды келісім-шартқа қол қойылды. Бұл келісім шарт негізінде екі жақ өкілдері екі ел арасында саясат, сауда-экономика, ғылыми-техника саласы, экология, өнер, гуманитарлық білімдер, информациялық сферада қарым-қатынастарды дамытып, тереңдете түсу мәселесін талқылады. Бұл отырыста ұсынылған мәселелер 1994 жылы «Достық пен қарым-қатынас» келісім-шартында жүзеге асырылды.
Декларация негізінде екі елдің байланысын достық негізде, БҰҰ мен Хельсинктегі қорытынды акт, Париж хартиясы мен СБСЕ-ның ұсынысы негізінде өрбітуде көздейді.
Табиғат байлықтары жағынан бірін-бірі толықтырып отыратын бұл екі шикізатқа бай мемлекет бір-біріне көмек көрсетіп, біріккен жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның таулары мен шөлдері

Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардын, қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология ғылымы

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы

Туған ұлы күнінде қолбасшының
Зеңбіректер атылсын үні тынбай.
Той жасаймыз тау халқын түгел қырып,
Шырқалатын сан ғасыр ұмытылмай.
Солдаттармыз жол салған тыңнан етіп,
Құлын даусы шыңғырсын шыңға жетіп
1941 жылғы 22 маусым- тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Қырық бірінші жылдың жиырма екінші маусымында таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды. Солай дүниежүзін дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыс басталды. 5 жылға созылған қасиетті соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Сәбилер жетім қалды, қариялар балаларынан айырылды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің көше батыры

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев.
- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз?......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Фотодағы бейтаныс адам

Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Кішкентайымнан атамның арқасынан түспейтін едім, бірге бұзау айдап, соңынан бір елі қалмайтынмын. Жаздың бір жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Атамның үйінде өзім қожа, өзім би едім. Олардың бар ермегі мен болсам, менің ермегім – үйде жиналған ыдыс сөрелерін, әжемнің әбдіресін, атамның заттарын тамашалау. Әсіресе мені қызықтыратыны шаң басқан чемодандарды ашып, атамның ескі заттарын ақтарып, өзімше бір тексеріс жасау еді. Сондай кезекті тексерістердің бірінде қолыма фото тиді, фотодан атама ұқсайтын бір адамды көрдім. Сарғайып, бір шеті жыртылып та қалған ескі фото болатын. Қолыма алдым да, атама қарай жүгірдім. Қасына барып, кім екендігін сұрадым. Атам суретке ұзақ қарап, қасына жайғасуды ұсынды. Кейін: - Бұл менің әкем, - деп бастады сөз басын. Алмамбетов Сәрсенбек - Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1941 жылы соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылады. Бірінші Украина майданында жаяу әскер бөлімінің 248моторланған атқыштар полкінде болып,Украина жерін жаудан азат етуге қатысқан. Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жүрек астынан оқ өтіп, екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Жеңіске 40, 50 жыл» сияқты медальдармен марапатталған. Бүгінгі көк аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз - осы адамдардың арқасы. Сен атаңмен мақтануының керек, - деген болатын. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық
0 0