"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді

Қазақ эстрадасының әншісі Индира Расылхан желіде орысша сөйлегені үшін сынға қалған жолдасын жақтап шақты. Өнер иесі отағасы екеуін сөгіп тастаған көпшілікке жауап беріп, қызу талқыға түскен видеоларына қатысты пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.

Индира Расылхан оқырмандарына отбасылық бейнежазбасын көрсетемін деп басы бәлеге қалды.

Әнші аталмыш видеода күйеуімен орысша сөйлесіп, оған тамақ әзірлетіп қойғаны үшін елден оңбай сөз естіді........
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді.Бұл арада кәсіпкерлік үшін жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтыну несиесіне жатпайды.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпкерлер мен ұйымдар жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұ тыну несиесі экономикада үлкен оөл ойнайды, сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі.Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік құжатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы үпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдауға немесе несиелеу режимін қатайтуға көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қөажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін) экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алу арналған несие;
- тұрғын үй құрылысының (жеке және коперативтік несиесі).
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға несие жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы әр түрлі сауда ұйымдары еріп келеді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Баянғали Әлімжанов Тақанұлы (1954 жылы 16 қазан)

Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»).
Өмірбаяны
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Аштық, ашаршылық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Атақты ұры аштан өледі.

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аплаценталдар

Аплаценталдар (көне грекше: aplacentalia, көне грекше: а — жоқ + лат. placenta — күлше, ұрықжолдас) — іштөлдерінің ұрықжолдасы (плацентасы) жетілмеген сүтқоректі жануарлар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

108. Егер аяқ-қол сынбаған болса, аяқ-қолдағы қан кетуді буындарды бүгу арқылы тоқтатуға болады.

109. Зардап шеккеннің жеңін немесе шалбарын түріп, және қандайда бір материалды түйіп, оны буынды бүккен кезде пайда болатын жарақаттан жоғары орналасқан ойық жерге қойып, сосын түйін үстіндегі буынды қатты күшпен басады. Мұндай кезде жарақатқа қан беретін бүгілген жердегі артерия басылады. Осы аяқ немесе қол бүгілген қалыпта зардап шегушінің денесіне байлайды немесе таңады......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні


Суға құлаған кекілікті ұстап алған Ораз оның ұйпалақтанған мамығын сипап біраз тұрды. Қорғасын бытыраның екі-үшеуі оң қанаттың түбін ала топшыдан тиіпті. Ала қанат жануар ешбір жазығы жоқ, енді міне, адам тамағынан өткелі тұр. Семіз екен, бөтекесі томпайып, жансыз денесі былқ-сылқ етеді. Жаңағы екеуі де қоразы еді, мынау да солай. Нысанадан шыққан екен. Ораз: «Апыр-ау, атарын атып алып, енді мұным не?»— деп ойлады да, алғашқы екі кекіліктің жанына байлай берді де, жалма-жан оларды да шешіп жерге тастай салды. «Сенің жазығың жоқ, біздің азығымыз жоқ», демеуші ме еді, мал сойғанда қазақтар. Иә, солай!

Ол кекілікті ұстаймын деп тізесінен су болды. Отыра қалып етігін шешіп, ішіндегі суын текті. Шұлғауын сықты. Сонан соң аз да болса дегдісін деп көген бойындай жерде тырбиып аласа өскен тобылғының үстіне екі шұлғауын да жайып қойды. Балтырын түріп суға барып аяғын жуды. Су сүйектеніп қалыпты. Қоңыр күз түгіл жазда да шекеңнен шығатын тастай су етін қарып кетті. Ауа сирек болғаннан ба екен, тауда күн тым өткір болатыны несі екен. Ол күнге қарады. Сәске түс болыпты. Қайтса да жарар. Жайулап ауылға жеткенше де түс болады. Он бесінші жылдың күзі де келді. Қарды қара, Айғайдың басын шалып қалыпты. Ол әлде не ойына түскендей қалтасын сипалады. Одан газет алып, бір қой тасқа отырып оған үңіліп қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Түнделеткен күйме


Мен қиялдың күші туралы, оның біздің өмірімізге тигізетін әсері туралы жеке бір тарауды жазғым келіп еді. Бірақ, біраз ойланғансын, мен со тараудың орнына ақын Андерсен туралы әңгімені жаздым. Меніңше, бұл әңгіме сол тараудың орнын басады және қиял тақырыбы туралы айтылатын жалпы сөзден гөрі, оған айқынырақ мәлімет береді.

Венецияның "Чартоза" атты ыбырсыған ескі мейманханасынан сия іздеп табу қиын. Сияның қажеті қанша мұнда? Келімді-кетімді қонақтар есебіне бұрқыратып ақша жазу үшін керек пе?

Рас, Христиан Андерсен "Чартозаға" келіп жайғасқанда, қола сауыт түбінде жылтырап болар-болмас сия қалған екен. Ол со сиямен ертек жаза бастады. Бірақ, сағат сайын ертегісі сұйылып, жібі босаңси берді, өйткені, Андерсен әлденеше рет сия үстіне су құйып еді. Бірақ ертекті аяқтай алмады. Көңілді аяқталатын ертектің соңы сауыт түбінде бұғып қалғандай.

Андерсен мырс етіп, келесі ертегімнің атын: "Қаңсыған сия сауыттың түбінде қалған тарих" деп атармын деп ойлады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Москвадағы труба алаңында

Рождество монастырының қасындағы шағын алаң Труба алаңы немесе жай ғана Труба деп аталады; жексенбі күндері осы алаңда базар болады. Тон, бекеш киген, бастарында тері картуз, цилиндрлері бар жүздеген адамдар осы жерде, сүзекіге салған шаяндай қыбырлап қаптап жүреді. Алуан түрлі құстардың шуылдап сайрағанын естігенде, көктем есіңе түседі. Егер аспан ашық, күншуақ болса, құстардың сайрағаны анығырақ естіліп, тіпті көк шөп иісі айқын сезіле бастайды, сол кезде көктемді аңсаған көңіліңіз шарықтап кетеді. Алаңның бір шетін ала арбалар қатар түзеп тұрады. Әкелген жүктері көп емес, қырыққабат емес, ноқат та емес, шымшықтар, сарышымшықтар, бозторғайлар, сиыр құйрық сары шымшықтар, бөрік торғайлар. Бұл құстардың бәрі де қолдан олақ құрастыра салынған қапастарда секеңдеп, далада бос жүрген бауырларына қызыға қарап шырылдасып қояды.

Шымшықтар бес тиыннан, сарышымшықтар қымбатырақ, ал басқа құстардың бағасын білудің өзі қиын.

— Мына бозторғайыңа не сұрайсың?

Бозторғайына не сұрайтынын сатушының өзі де білмейді. Ол желкесін қасып, құдай аузына не салса, соны айта салады, не бір сом дейді, немесе үш тиын сұрайды, оны саудалаушының түріне қарай айтады. Қымбат құстар да бар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0