Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Дәптер

Оманың жазу-сызуды үйренуі-ақ мұң екен, тіпті қолды-аяққа тұрмады. Үй қабырғасында көмірмен шимайланбаған бір жер қалмады: "Су ағады". "Жапырақ қыбырлайды".

Осы үйдегі келін төсегінің басынан "Хоридаштың сыры" дегенді тауып алды ол бірде. Кітаптың парағы сайын қарындашпен: "Қара су, қызыл гүл" деп жаза берді.

Жаңа күнтізбедегі бар жұлдызды да шимайлап тастады. Әкесінің кіріс, шығысты тіркейтін кітапшасына да белгілер салып қойды: "Жазып-сызып, оқи білген адам күймемен жүреді".

Белгілі бір кезге дейін оның бұл өнеріне ешкім көлденең тұрмап еді, бірақ бір ретте үлкен қолайсыздық болып қалды.

Қыздың үлкен ағасы Гобиндолал көзге қораш, тым күйкі жігіт болса да, газетке жазып тұратын өнері болушы еді. Онымен бір сөйлескеннен кейін-ақ осы бір ойшыл адам-ау өзі деген күдік ешкімнің басына да келмейтін. Сөйтсе де ол газетке ат салысып жүрді, әрі оның пікірі бенгал оқушыларының көбінің пікірімен тоқайласа кететін еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сол атеист қайда екен

Исламға құзғындайын шүйілген,

Молдаларға қабақтары түйілген.

«Алла» деп ем әлдеқалай байқамай,

Бүйідейін бүре кетті бүйірден.

-Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып.

-Жәй,- деймін ғой баяғы.

-Естідім ғой «Алла» дедің сен анық,

Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы.

-Комсомолсың, «Алла» дейсің тағы да,

Надансың,- деп тиді дерсің шамыма.

Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр,

Сарт еткізіп,салып қалдым жағына,

Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды,

Комсомолдан шығарып-ақ тастады.

Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп,

Шашымды алды, орнында бас қалды.

Сол атеист көрші болды менімен,

Жүріп жаттық әркім өз жөнімен.

Біреу бірде есік қақты түн іші

Ентігіп тұр бір әйел

Тарылғандай тынысы.

-Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,-

Деді-дағы сыбыр етті сұрланып.

-Міне, адрес ертіп кел сен молданы,

Тек сыр шашпа,- деп,- тірі жанға,- өтінді.

Молла маған: «Бірге жүр»,- деп болмады.

Сырқат менің атеисім боп шықты.

Арпалысып жатса-дағы дертіменен

Мені анық таныған ед ол-дағы.

-Алла, Алла,- деп есінен сан жаңылды.

Қанша рет дем салғызды кім білсін,

Ал мен болсам күйініштен

Соққан едім санымды.

Атеистер Алла атын атауға да шошынған,

Сыр ашатын кейде осылай тосыннан.

Үкіметті, адамдарды алдауменен күнелтіп,

Талайларды түтетін ед жүн етіп...

Сол атеист көрінбейді бұл күнде

Кетті ме екен әлде олардың күні өтіп?-

Деп Сарыбай маған сауал тастады.

-Біле алмадым.

Менің ойым басқа-ды:

Атеистер құрыды ма- құрысын,

Ашық болсын дінсіздерден

Тәуелсіз ел аспаны.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Соқыр ат соғысқа қатысқан ба

(әңгіме)

- Саған осы атты лайық көрдік, Жолдыбай. Өзгелерден бойың да, жасың да кіші екен. Алас ұрып тұрған асау атқа ие бола алмассың. Жолдыбай бригадир меңзеген атқа жүген сала тұрып, аттың бір көзінің жоқ екеніне, қабырғалары арса-арса, мейлінше жүдеулігіне, ең бастысы, арқасындағы ошақтай жауырынынан тамшылап ағып тұрған қанды іріңге назар аударған. Өздеріне тиісті аттарын жүгендеп алып, көңілдері тау бұлағындай тасқындап тұрған балалардың бірі.

- Опыр-ай, мына Жолдыбайдың асығы алшысынан түсуін қара, соқыр десең соқыр, жауыр десең жауыр. Мына атқа мінгенде, біздің Жолдыбай әлгі кім еді, диірменмен соғысатын?

- Е-е, ол жазушы Сервантестің Дон Кихоты ғой. Санчодан аумай қалатын болды тегі,- деп тұрғандарды қыран күлкіге бөлеген. Жолдыбай ел қатарлы атын ерттемек болғанда, қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсіңнің кері келіп, соқыр ат ер салғызбай мөңкіп тулап, әлек-шәлегін шығарған. Өлдім-талдым дегенде ерді салып, айылын тарта бастағаны сол еді, аспанға шапшып, тебініп, шайнап ала жаздаған.Мұны көрген шөпші балалар: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Бұрындық хан

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.

1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Жаратылыстану | Ғалам эволюциясының моделі

1922 жылы А.А.Фридман Эйнштейннің салыстырмалық теориясына сәйкес Әлемнің эволюциялық сипатын ашты. Бұдан кейін В.М.Слайфер галактикалардың көпшілігі (өзінің өлшеген 41 ден 36) 2000 км/с жылдамдықпен алыстап бара жатқандығын және тек, бірнеше галактиканың ғана жақындап келе жатқандығын анықтады. Кейін Күн біздің галактикамызда 250 км/с жылдамдықпен айналатындығы және осы галактикалардың жақындау жылдамдығы Күннің осы объектілерге қарай қозғалатындығына байланысты екендігі анықталды. (Алыстағы объектілердің жақындауымен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға болады. Осы эффектіге сәйкес жақындап келе жатқан күннің сәуле толқындарының ұзындықтары азайтылып, спектрдің көгілдір жағына ығысқан, ал алыстап келе жатқан күн сәулесі толқындары үлкейіп спектрдің қызыл жағына қарай ығысқан.) 1929 жылы америкалық астроном Эдвин П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың бастапқы нүктеден жан жаққа шашырайтындығын анықтады. Бұл нүкте ғаламның орталығы деп аталып, осыдан кейін ғалам қалыптаса бастаған бұл оқиға - Үлкен Жарылыс деген атқа ие болды.
Физика ғылымының (релятивистік және кванттық) жетістіктері эволюциялаушы ғаламның моделін жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде бақыланып жатқан және жаңадан көзге түскен объектілердің сипаты мен қозғалуын, 1916 жылы Эйнштейн ашқан салыстырмалылықтың жалпы теориясы ғана толық сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл теорияда кеңістіктің үш өлшемі және уақыттың бір өлшемі байланыстырылған. Осылардың қосылуы нәтижесінде пайда болатын төрт өлшемді кеңістік – уақыт қисық. Оның қисық түрде болуы ғаламда зат пен энергияның болуымен түсіндіріледі.
Қазіргі заманғы салыстырмалылықтың классикалық жалпы теориясынан ғаламның өмір сүруінің үш түрлі вариантын көрсетуге болады:
1) Ғалам өткен уақытта да, болашақта да шексіз мәңгі тіршілік ете алады.
2) Ғаламның басы мен соңы бар.
3) Ғалам уақыт аралығында үнемі өзгеріп отырады.
С.Хокинг пен оның әріптестерінің көзқарастары екінші вариантты жақтайды: Ғалам пайда болған кезде заттардың тығыздығы шексіз үлкен, ал кеңістік – уақыттың қисаюы шексіз кішкентай болды. Осындай жағдайда физиканың заңдары да, біздің кезіміздегіден басқаша болуы керек. Қазіргі кезде физиктердің басым көпшілігі Жердегі материяның атомдық-молекулярлық құрылысын ескере отырып, ғаламның бастапқы жағдайын көз алдына елестету өте қиын деп есептейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жылжымайтын мүліктерді бағалау

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Алматы облыстық Райымбек ауданы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы бұрынғы техникалық түгендеу бюросы (БТИ) алғаш рет аталған ауданда 1987 жылдан бері ТТБ 1999 жылға дейін, 1999 жылдан бері кәсіпорынның аты өзгеріп жоғарыдағы атпен жұмыс істеуде.
Бұл орталықтыңфункциялары:
- жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуден өткізу;
- Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық төлқұжат әзірлеу;
- Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша инвентаризация жүргізу;
- Жеке тұрғын үй қорының тұрғын үйге берілетін техникалық төлқұжатын әзірлеу; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚР мемлекеті және құқық тарихының қайнар көздері

Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т.б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оқушылардың жұмысын зерттеу

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылғаны баршамызға да мәлім. Осыған сәйкес қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайндап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірбиеде кеңінен қолданылады.
Жалпы қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жазадан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.....
Рефераттар
Толық
0 0