Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды. Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді. ....
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған. ....
ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы, дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері. Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр .....
Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда адамзатты толғандырып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар ластанған ауаның жоғарғы қабатында таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың қалаларға, ауылды жерлерге таралуын бәсеңдетеді. Бүгінгі таңда Тараз қаласының климаты өте құрғақ және күрт континентальды өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия материгінің ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен түсіндіріледі. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігіне байланысты ауа райы көбінесе ашық немесе аз бұлтты болып жиі ауысады, сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген, кейде ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі күн мен түн, қыс пен жаз температурасының бірден ауысуынан пайда болады. Облыстың оңтүстік таулы аймақтарының климаты жылы, қысы жұмсақ, ылғалдылығы жеткілікті, ал солтүстік жазық аудандарында қатты құрғақшылық байқалады. Шөлді аймақ 70% алып жатыр. Облыстың жылдық орташа температурасы 7-100С. Ең суық қаңтардағы айлық орташа температура 5-100С, ал солтүстік және солтүстік батыста 10-140С. Қысқы кезеңдегі абсолютті максимум 40-450С, қиыр оңтүстікте 35-380С аяз. Қысқы кезеңде салыстырмалы түрде төменгі температура көп болмайды. Жылы кезең жоғары температура және құрғақ ауамен ерекшеленеді. Ең ыстық шілде айындағы температура 25-270С, таулы аймақтарда 21-240С болады. Ал шөлді аймақта 470С тең. Жамбыл облысының территориясынан көп мөлшерде пайдалы қазбалар қоры табылған. Олар фосфаттар, түсті металдар, минералды тұздар, отындық шикізаттар, түрлі құрылыс материалдары. Сондай-ақ республикалық қордың 10 % құрайтын газ кен орны да бар. Республикадағы балансты гипс қорының жартысынан көбі облысқа тиесілі. Республика мен ТМД бойынша ең көп фосфарит қоры Қаратауда шоғырланған. Облыстағы біраз уақытқа дейін негізгі кәсіп орындары тау кен қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс орындары болды. (АО «Қаратау», ТОО «Қазфосфат», «Минералды тыңайтқыш», ОАО «Химпром», НДФЗ филиалы «Қазфосфат»). ....
БҰҰ құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бүгінгі таңда бұл ұйым өз өміршеңдігін танытып, зор халықаралық авторитетке ие болып отыр. Қазіргі күнде бейбітшілікті қамтамасыз етуде БҰҰ бiрқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл ұйым осы күнге дейін келіссөздер процестерін басқарып, аймақтық дауларды тыйып келеді. Сонымен қатар, адамдарды оқыту, олардың потенциалдарын ашуға үлкен зейін қойып, оған орасан зор ресурстар жұмсап келеді. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және планетаны ядролық қарудан қорғау жөніндегі ғаламдық бағдарламаны қалыптастыруда. Адам құқықтары саласында маңызды істер атқарылып келеді. Өйткені, БҰҰ Жарғысы ұстанған негізгі қағидалар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық саладағы халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді мадақтау боп табылады. Осы негізгі қағидалар БҰҰ-ның адам құқықтары үшін күресiнде басшылыққа алынады. БҰҰ-ның ең ұзақ мерзімді мақсаттары әйелдер өмірі жағдайын жақсарту мен өз өмірін тиімді бақылау мақсатында мүмкіндіктер беру боп табылады. Бұл мақсатта Әйел құқықтарын қорғайтын авторитетті халықаралық институттар құрылған. Олар: Әйелдер мүдделерін дамыту жөніндегі БҰҰ қоры – ЮНИФЕМ, Әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу институты – МУНИУЖ және т.б. Әйелдер білімін арттыруға және жағдайларын жақсартуға арналған бағдарламалар олардың арасындағы сауаттылық деңгейін дамушы елдерде 1970 ж. 36%-дан 1990 жылы 56%-ға арттырды. БҰҰ-ң құрылымында әйелдер мәселелерін шешу үшін экономикалық және әлеуметтік кеңес жанында әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссия құрылған. Ол 1946 жылдан бастап, осы күнге дейін қызметін тоқтатпай келеді. Оған әр түрлі мемлекеттердің өкілдері мүше болып табылады. 1980 жылдан бастап, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Сарапшылар Комитеті жұмыс істеуде. БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Вена орталығында әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде Бөлім орналасқан. 1993ж. басында БҰҰ құрылымында тұрақты даму және саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі Департамент жұмысын бастады. БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелері – ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ВОЗ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) және т.б. өз құзыреті шегінде әйелдер мәселесімен айналысады. Әйелдер жағдайын жақсартуды зор үлес қосқан – БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламасы (ПРООН). Оның бүкіл әлемде өкілдері бар да стратегиялық мақсаттарды орындауда тез қызмет атқаруымен ерекшеленеді.....
Өнім сапасын басқару-тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау. Өнім сапасын басқару (ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады -ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен игеру -өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, әғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру -шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру -заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе жаңғыртып жетілдіру -ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру ӨСБ жүесін құру принциптеріне мыналар жатады - өнімді жасау, енгізу мен жетілдіру - басқарудың функциясы мен құрылымының проблемалық-мақсаттық бағытталуы
Өнім сапасын басқару---атқаратын функциялар жиынтығының мынадай белгілері бойынша егжей-тегжейлі жіті қаралады а) мақсат түрлері бойынша—басқарудың стратегиялық, тактикалық және оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті мақсаттарына жетуіне орай б) басқару процесі фазалары бойынша шешімді қабылдау, ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың істеріне в) мақсат тобы бойынша—ғылыми-техникалық, өндірістік, экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың қызмет аясына г) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша басқарудың міндетті қызмет аясына Саланы басқарудың ұйымдық құрылымын құру ерекшеліктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. ....
Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.
1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген. Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған. Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Қоректену көзінің кернеуі мен жүктеменің кедергісі өзгергенде түзетілген кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғылар кернеу стабилизаторлары деп аталып,олар түзеткіштен кейінгі фильтрлер мен жүктеме арасына қосылады. Кернеу стабилизаторларының екі түрі бар:параметрлік және компенсациялық.Стабилизатордың бірінші түрінде кейбір электрондық аспаптардың , олар арқылы өтетін ток өзгеріп отырғанда кернеуді тұрақты мәнінде ұстап тұра алатын қабілеті пайдаланылады.Жартылай/шала өткізгіш аспаптардан осындай қасиетке стабилитрон ие екені белгілі.Стабилизатордың екінші түрінде кернеуді стабилизация жасау мәселесі жүктемеге келіп түсетін кернеуді автоматтық түрде реттеу негізінде компенсациялау әдісімен жүргізіледі. Параметрлік стабилизаторлар Бұл стабилизатордың схемасы/тәсілі/68.а-суретте бейнеленген. Ол алғашқы стабилизатордан /Д1 мен Д2 стабилитрондар.Rб1 –резисторы/және шығыс стабилизатордан /Д3-стабилитрон/.баланстық резисторы Rб2-ден,жүктеме Rж-дан тұрады.Түзетілген кернеу Uт.қоректену кернеуінің өзгеру себебімен немесе жүктеме кедергісі Rж-ның өзгеруінен өз шамасынан ауытқыса,жүктемедегі кернеу тіпті шамалы өзгереді,өйткені,ол стабилитрон арқылы өтіп жатқан ток өзгерісіне байланысты өзгермейтін стабилитрондағы кері кернеумен анықталады./68,б-сурет/.Стабилизаторды есептегенде басты нәрсе,жүктеме кернеуі бойынша Uст= Uж деп алып,стабилитронның түрін таңдау және оның жұмыс жасау жағдайларын қамтамасыз ету.Бұл үшін жұмыс процессінде өзгеріп отыратын стабилитронның тогы IСТ вольтамперлік сипаттаманың жұмыстық бөлігінен шықпауы керек,яғни Iстmin -нан кіші болмай, Iстmax –нан үлкен болмауы керек/68,б-сурет/.....
Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты. Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген. Еңбек жолы 1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....