Сексен жаста қатарың сирей бастайды. Қапалы болса да, қатал шындық сондай.
Ал, «Құланоты» ауылында соңғы кезеңде сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың бидайдың ішіндегі жалғыз арпа.
Бұл жасқа жеткенше Сырым өзінің саяқтығын сезе бермеуші еді. Өйткені алдында ағалары бар еді, ал алпыс пен жетпістің арасында өзіңнен бес-он жас кішілерден үлкендігің аса шодырайып тұрмайтын.
Енді Сырым алдындағы ағалардан жұрдай болды да, артына бұрылып қарап еді, әлдекім ат басындай алтын беретіндей алға тым асығыс кетіп қалыпты. Өзгелерден оқшау озып кеткеніне ыңғайсызданатындай хал кешетін болды.
Анау-мынау десе де, сексеннің аты — сексен. Қырыққа жетпей қыржиып қартаятындарды да көріп жүрміз. Төрт жыл қиян-кескі соғыстың ішінде жүрсең, соғыс біте бергенде, құмалақтай оқ та емес, қол тоқпақтай снаряд оқ қолыңды шолтитып жұлып кетсе, ол аз болғандай сол жамбасында осколка қалса, оның үстіне өмір бойы колхоздың бригадирі, қарауылы болсаң, сексен деген, әрине, аз жас емес.
Тарғындарға жүкті болып анамыз, Туған жерде айтылады көп аңыз. Түмен-түмен тұяқтардан кейін де Қызғалдаққа толып кеткен даламыз. Жүз қырылдық, Мың қырылдық, Тіріміз......
Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой!.......
Андрогамондар (андрогамоны); (androgamonum; гр. апеr — еркек; гр. gamonum — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы зат. Сперматозоидтар екі түрлі андрогамондар бөледі. I андрогамондар сперматозидтардың қимылын тоқтатады, ал II андрогамондарды лизин (еріткіш зат) деп атайды. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас , яғни ол жұмыртқа жасушасының сыртқы көпқабатты фолликулалы қабығының фолликулалы жасушалары араларындағы желімдегіш зат — гиалурон .....
Астың мембраналық ыдыратылуы аш ішектің шырышты қабығы эпителийлерінің жиектерінде бекітілген ферменттермен болады. Ішектін бұл қызметінің бұзылуы жасушалардың бүршіктерінің атрофиясы кезінде байқалады.
Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:
— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.
Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:
– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.
– Жоқ, – дедім мен.
– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Мемлекеттік білім беру мекемелерің немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын күәландыратын құжат беріліді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерің бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріліді. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Білім жүйсінде қалаған деңгейдегі басқару қатнастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатнастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс - әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасың қалыптастыру барысындағы оқушы іс -әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері,сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орын басарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол - сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады. ....
Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты - бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру - әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті Құраңда былай бұйырады: "Әй, мүминдер! Өздеріңді әрі үй - іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар ". Олай болса, бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеу кісінің әрі өзіне, әрі балаларына, тіпті әлеуметтік ортаға да зиян. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі тап-таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де, тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата-анасына сауап жалылады. Ал егер балаға көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда оның өмірі қор болып өтеді. Күнәсін оны тәрбиелеген адам көтереді. Сондықтан баланы бұл дүниенің бәле-жаласынан және қияметтің қиындығынан қорғау керек. Мұның мәні - балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, көркем мінезділікті, жақсы істерді үйрету, жаман қылықтан, өткінші өмірдің рахаты мен қызығын қуудан, дүниенің құлы болудан сақтандыру. Өйткені Ислам бала тәрбисін ата-анаға парыз еткен. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қоғаммен мемлекет те жауапты. Уқба ибн Амирдеи (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылғандай, ата-ананың бала алдындағы міндетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп, бақса, олар (яғни, қыздары) үшін тозақ отынан қалқан болады". Ата-ананың келесі міндеті - балаға жақсы ат қою. Бұл жайында да Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Әкенің бала алдындағы міндеті -жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру". (хадисті Ибн Аббастан (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен). Бұдан кейінгі ең маңызды міндеті – балаға ислами тәрбие беру. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Ұл-кыздарыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап әрқайсысының жататын жерлерін бөлек етіңдер".45 Бірде сахаба Әбу Рафиғ (р.а.) Расулуллаһтан (с.а.у.) "Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?" - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.у.): "Әрине, ата-ананың баласына қатысты міндеті - оған Құранды үйрету(яғни Құранда айтылғанды орындауды), оқ ату мен жүзуді және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету", - деп жауап берді. ....