Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Тыным


Намазбай ақсақал жұқа қара шапанын желең жамылып, тұмсығы үшкір резинке кебісін сүйретіп, аяғын сылти басып үйден шықты. Аула ішіндегі тәртіпсіздікті көріп, табан арасында бұрқан-талқан болды.

— Жоламан!— деп айқай салды.

— Ата, мен мұндамын,— деген дауыс шықты кеше жақтан.

— О, ойының осылғыр жүгермек, кел мұнда!

Со замат қысық көз, ақсары бала жетіп келді. Ашуға булыққан шал қаһарлана түсті. Қарашығы сөніп бара жатқан шоқтай, бозамықтанған нұрсыз, сөлсіз, қатыгез көздері ақилаңа шығып барады. Селдір сақалы дір-дір етеді.

О, найсап! Қораның ішін кім сыпырады? Бастырманың астым кім тазалайды? Ешкілерің қайда жайылып жүр? Сиырды неге арқандамайсың? Есек неге суарылмаған? Құманда неге жылы су жоқ?

Накеңнің тұңғышы — Еламан майданға кеткен. Міне, екінші жыл — хабар-ошарсыз. Ол туралы жұрт әртүрлі қауесет айтады. Бірі: «Сорлыны мектепке оқытпай ұрып соғып, өз шаруасын істетуші еді, қайтсін, басы айналып, милау боп қалған ғой. Есі ауысып, үйінің адресін де ұмытқан болар».

Расында, Намазбай шал өте қатал адам. Оның өмірге көзқарасы да айрықша. «Өзім жесем екен, ішсем екен» деген қағида бойынша өмір сүреді. Мәңгі бақи өлмейтін адам сияқты қырық жылдық, елу жылдық астық қорын жинайды. Отын-суын дайындайды. Малдың жем-шөбіне дейін әзірлеп қояды. Пақсалап соғылған аласа үйдің тамбасындағы мая-мая пішендер, тау-тау үйінді жоңыршқалар соның айғағы. Осыдан он жыл бұрын мал қораның үстіне жиналған жүгеріпая, қозапая һәм жантақ мүлде көкшілденіп, қарайып шіріп кеткен. Бір жылы қыс қатты болып, көрші-қолаңның малдары, тіпті колхоздың қора-қора қойлары жем-шөпсіз қалғанда да қол ұшын бермеген бұл Намазбай шал. Сондықтан, ауылдастары оны — «Саран шал» деп атайды. Накеңнің малқорлыққа, дүниеқорлыққа берілгені сонша, жымысқы іс істеп жіберуден де тайынбайды. Делделшілік, алып-сатарлық, саудагерлік — өзінің ежелгі үйреншікті кәсібі. Қыстан әзер шыққан тайынша-тананы арзан бағамен сатып алып, жаз бойы бағып-қағады да, семірген соң күзге салым жұмабазарға қарай айдайды... Сөйтіп, пішендей көкала ақша былғары әмиянға сүңгиді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Айығу

I

Біздің жақтың көктемі ерте оянады. Февраль айының орта шенінде-ақ күн кәдімгідей жыли бастайды. Қалың қардың астынан тышқанның көзіндей жылт-жылт еткен мөлдір тамшылар көрінеді. Суға еріген қанттай қар қарайып, оның салмағы да арта түседі. Көбінесе ымырт жабыла, батыстан жылы самал еседі. Ол қалың қарды түнімен кеміріп, таң атқанша тып-типыл қылады. (Біз, бұл жылы самалды — «алтын күрек»,— деп атаймыз). Ертеңгісін күн қыза бастасымен-ақ, бел-белес, күллі атырап ойпаң-тойпаң болады да қалады. Жер қабырғасындай кең адырдың ойыс-ойысын қуалай қоймалжың сулар асығыс ағып, үлкен сайларға тұмсық тірейді. Сай табанын тілгілеп, сарқырай жөңкілген бұлаққа қамыс шығыр орнатып, шырқ көбелек айналдыру қандай қызық!..

Әсіресе, биылғы көктем ғажап; март айының аспаны көкпеңбек. Осынау биіктікте шөкім-шөкім ақша бұлттар үлп-үлп етеді. Жер қыртысы батсайы жасыл барқыт жамылған. Әуелеп ұшқан тырналардың сүйкімді әуені жүйе-жүйеңді шымырлатып жүрегіңді еріксіз елжіретеді.

Бүгін жексенбі. Таңғы мезгіл. Бозторғайлар төбемізде тынымсыз шырылдайды. Ыю-қыю бір топ ауыл балалары қырға шығып доп ойнап жүрміз. Бір кезде ауыл жақтан «қағанақ бас» Ысқақ дейтін бала ала құйын боп жетіп келді де, осы түнде болған қолайсыз жағдайды хабарлады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Айтжүргін

Айтжүргін - ойынында жиналған жастар дөңгеленіп отырып, тізелерін бүгіп, аяқтарын жартылай алға созады. Осы кезде ортаға көпшіліктің қалауы бойынша біреуі шығып, беліндегі белдігін алып отырғандардың біреуінің бүгулі тізесінің қуысына тыққан кезде отырған адам қолма-қол белдікті ұстай алып арлы-берлі "айтжүргін" "айтжүргін"деп басқалардың аяғының арасына жылдамдатып жүгірте береді. Осы кезде ортадағы адам белдікті жылдам суырып алып, іздеушінің арқасынан белдікті жылдам суырып алып, іздеушінің арқасынан гүрсілдетіп ұрып-соғып есінен тандырады. Бір кезде өлдім-талдым дегенде белдікті біреуінің аяғының арасынан ұстай алғанда, өзінің шабан қимылдауының, орашолақтығының кесірінен ұстатып алған адам ортаға шығып айыбын ән айту, домбыра тарту немесе би билеу арқылы өтейді де, әрі қарай ойынды сол жүрізетін болады. (Мұндай айып кезінде орындаушының өз қалауы бойынша кез келген ән-күй, би орындалады). .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Менеджмент туралы жалпы түсінік

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Акциялар түрлері

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам шығаратын және орлардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы(курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі
Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Манарбек Ержанов

Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.

Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).
Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

1953 жылғы наурызда әміршіл - әкімшіл жүйесінің идеологы, КСРО басшысы И.В.Сталин қайтыс болды. Осы жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, куғын -сүргін ұйымдастырушысы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П.Берия барлық лауазымдық қызметкерлігінен босатылып, атылды. Осылай Кеңес Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенінен, оларға мұраға қалған әміршіл-әкім жүйе жойылмады. 1953 жыл шілде, қыркүйек айларында болған КОКП орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді.
Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н.СХрущев кеке адамның басына табынудың жай-жоспары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И.В.Сталин мен Н.Ежовтың, Л.Берияиың заңға кайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасалған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғаны, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені де туралы да айтылды. Съезде «жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.
Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н.С.Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлексттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның касында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Н.С.Хрущев кезінде соңы пікір айтқандар қуғындала бастады. М.С.Хрушев басқарған кездеде биократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП – ның ХХІ съезінде Н.Хрущев социализмнің толық жеңгені, еиді коммунизимге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтылды. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қоғамдағы экологиялық жағдай оның Қазақстандағы көрінісі

Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр.
Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы.
Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдістеме | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:
• адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
• білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
• Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0