Реферат: Әдебиет | Ғұлама Ұлықбек

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.

Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.
...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері

Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көру талдағышы

Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі.
Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады.
1. Көздің қосымша құрылымдары
2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары
3. Жарық қабылдағыш құрылымдар
Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады.
Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әр түрлі химиялық өнімдерінің барған сайын көбірек қолдануын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.
Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал, соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы ықтимал.олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.
Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ- бен зақымдану аймағында іс- әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.
Қатты әсер ететін улы заттар.
ҚӘУЗ- бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын,объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Нұсқаулық туралы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Нұсқаулық туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) О3 Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналыр түсіну
Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары: Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Отбасылық альбомның кейіпкері

... Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар,
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
..Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар...
С.Мәуленов
Жылыой ауданы, Жаңатаң ауылында тұратын нағашы атамның ауылына барған сайын мен ыстық ықыласқа, шексіз мейірімге бөленіп қайтамын. Әсіресе, ұнататын ермегім- нағашы атам мен әжемнің басынан өткен естелік әңгімелерін тыңдау.Ол кісілер айтып отырған әңгімелерді естіп отырып, бейне бір ертегі тыңдағандай әсерде боламын. Ал анам, балалық шағын еске түсіргісі келе ме, ауылға барған сайын , міндетті түрде отбасылық альбомды қарайды, әрине, онымен бірге біз де отыра қалып альбом ақтарамыз. Сондай бір альбом қарау кезінде мен альбомның алдыңғы жағына ұқыптылықпен жапсырылған ескі фотолардағы екі әйел адамның суретін көрдім де, қасымда отырған әжемнен «Мына кісілер кімдер?» деп сұрадым.Сол кезде әжемнің жүзінде ерекше бір толқыныс пайда болып: «Бұл кісілер-менің әжем мен анам» -,деп жауап берді. Мен: «Олардың аттары кім?Қашан қайтыс болған?»-,деп сұрағымды жалғастырдым........
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Адам санасының физиологиялық негізі ырықты сезім сананың жоғарғы мәні

Қазіргі таңда дүние жүзінде әртүрлі үлкен-үлкен жаңа ашылулар мен жаңалықтар жарыққа шығуда. Әрбір ғылым саласындағы қызметкерлер: ғалымдар, академик-профессорлар, оқытушылар барлығы әлі сыры толығымен ашылып болмаған Жер бетінің жұмбақтарын зерттеп, анықтауға атсалысуда.
Сондай жұмбақ жаратылыстардың бірі- адам. әрине, Қазір осыдан 1-2 ғасыр бұрынғыға қарағанда жеке адам туралы біршама көп білеміз. Дегенмен де адамның жаратылысы туралы түсінбейтін, білмейтін жақтарымыз да көбірек.
Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы , тағы басқа туралы бірнеше ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология, биохимия, психология, антропология, т.т.
Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға жауап береді.Осы үлкен мидың оң және сол жақ жарты шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы, месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын.
П.К.Анохин 1968жылы салалы іс - қимылды түсіндіру үшін арнайы функциялық жүйе сызбасын ұсынды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Екінші деңгейдегі банктер

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге


"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен?
-қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Зар

Кешкі қара көлеңке. Жапалақтаған жабысқақ қар жаңа ғана жанған фонарьларды шыр көбелек айнала баяу ұшып, үй төбелеріне, аттардың сауырына, адамдардың иығына, бөркіне қонып, жұп-жұмсақ ақ кебенекке орап жатыр. Арбакеш Иона Потаповтың үсті-басы аппақ, аруақ сияқты. Тірі адамның денесін қанша зорласаң дәл ондай бүгілмес, шананың алдыңғы тұғырында екі бүктетіліп бүгжиіп кеткен, тырп етер емес. Төбесінен тұтас бір күртік қар құлап кетсе де ол тегі елең етіп, үстінің қарын қағуды қажет етпейтін сияқты... Жегулі атының үсті де аппақ, ол да қыбыр етпейді. Сол қимылсыздығына, денесінің арса-арса болған арықтығына, аяқтарының таяқ сияқты сидаңдығына көз тоқтатып, жақынырақ үңілсең, ол кәдімгі тиын сияқты пірәндік атқа ұқсап кеткендей. Шамасы, өзі бір терең ойға шомып тұрған болуы керек.

Соқадан, күнделікті көңілсіз көріністен ада болып, мына сияқты жарқ-жұрқ еткен неше түрлі оттары, тынымсыз айғай-шуы мен сапырылысқан адамдары бар осынау қарбаласқа келіп тап болған аттың ойланбасына болмаса Иона мен оның атының бір орында тапжылмай тұрғанына көп болды. Олар ауладан түс болмай шыққан, содан бері бірде-бір кәсіп табылған жоқ, міне, енді қалаға түн қараңғылығы түсіп келеді. Фонарьлардың ілкідегі көмескі сәулесі барған сайын жарқырай ашылып, көшедегі қарбаластың да у-шуы күшейе түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0