Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.
Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады. .....
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында сәуір айының 24-ші жұлдызында ашылған «Сезіну тәсілі» деп аталатын 2-ші курс операторланының фотокөрмесінен алған әсер негізінде.
«Қолдар тіл қатады»
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Кино және ТВ» факультетінің 2 курс студенті - Моисеева Камиланың «Қолдар тіл қатады» деп аталатын фотосуреттер топтамасынан алған әсерім тамаша. Соншалықты жүрегі сезімтал кіп-кішкентай қыздың туындыларын көріп, ол қозғаған ауқымды тақырыптарды ой елегінен өткізбеу өнерден алыс адамның өзіне қиын болары сөзсіз. Бірақ шығарманы оқуда әркімнің өз деңгейінде сараптайтындығын ескерсек, автордың жеке ойын есту мен үшін қажет дүние болды. Еріксіз Камилаға сұрақтар қойдым. Алған жауабым да тым салмақты болды...
Моисеева Камила: Бірде менен: «неге фотокөрмен қолдар тақырыбына арналған?», деп сұрақ қойды бір жан. Мен ойланбастан «Бұл менің жаныма жақын дене мүшем», деп жауап қаттым. Менің берген жауабымның аясы тар екендігін ішім сезді. .....
Азаттық жайлы сен де ұқтың, Әлемге ол даңқын жаяды. Кешегі ол өткен ерліктің Бүгінгі нүкте, баяны.
Өткеннен алған тағылым Азаттық деген - бүгінің. Сәбиге берер тәлімің, Сәбиге берер білімің.
Көтерер ертең желкенін Бүгінгі сәби, бала шақ. Азаттық деген - ертеңің, Азаттық деген - болашақ!
Тағылымды сөзімен ұрпағына ұлағат бере білген, ұлылықтың ауылына да ақ ордасын қондыра алған халықтың өз азаттығын, өз Тәуелсіздігін, еркіндігі мен егемендігін аңсаған күндері тарихтың еншісінде қалды. Әлем аясында өзін дербес ел ретінде айқындап, мойындатып, тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп келе жатқанына да - 25 жыл. .....
Бюджетаралық қатынастар- бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызатын шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай: Мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген; Берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған. Бюджет жүйесі- мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтілік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған. Бюджетаралық қатынас- мемлекетті реттеудің негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады: • Жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату, • Бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу; • Барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату. Қалыптасқан бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, олардың бюджетаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. ....
Қазақтың ұлы ақыны, Қазіргі Алматы обылысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жасында білім алуға мүмкіндігі болмаса да, зерек бала көзімен көріп, көңіліне түйгендерді өлең етіп айта бастайды. Сөйтіп, 16жасының өзінде -ақ ол қазақ даласына белгілі болды. Оның қазақ, қырғыз ақындарымен айтысы қазақтың халық ауыз әдебиетінің алтын қорына енді. Жамбылдың Бақтыбай, Айкүміс, Сарыбас,Шашубай, Құлмамбет сияқты ақындармен айтысы көпшілікке кеңінен мәлім. Әсіресе, ақынның Құланаян Құлмамбетпен айтысы даңқын көпке жайды. Ақын өзінің ұстазы Сүйінбайдың сара жолын мейлінше сәтті жалғады. Ол ғашықтық хикаяларды, тұрмыс-салт жырларын, батырлар туралы дастандарды жұртшылық арасында кеңінен толғады. Қырғыз халқының «Манас» жырын да өзінше жырлап, өзешелеу мәнермен айтып келді.....
Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді. Әсіресе, теріні сырт киім үшін пайдаланатын –ды. Оның бірі — тон. Ол «қаптама», «камйолша» атанып екіге бөлінген. Қаптамасы суықка сырттан киетін тон. Махамбеттің «Қаптай соққан боранда, қаптама киген тонар ма?» — дейтіні осы. Қамзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, басқа аңдардың терісімен астарлап, сыртын матамен тыстап тігетін киімнің аты ішік. Ішіктің толып жатқан түрлері болады. Мысалы, түлкі терісінен, оның жөн, бауыр, аяқ терілерінен — қараяқ ішіктер жасалады. Кейде, құндыз, бүлғынның қымбат терілерінен де ішік жасалады. Оған Абайдың Ақылбай деген баласы шығарған ән сөзіндегі «Бұлғын ішік мен кидім, құндыз жаға» деген жолы куә. Құндыз қазақта аса бағалы аң саналған. Қазақтар оның сала-құлаш терілерін төрдегі кереге басына сән үшің ілген. Ертеде бұл аң қазақ даласында көп болғандығына «Құндызды» аталатын өзен мен (Қостанайда), «Қамқа» (құндыздың бір түрі) атты келдің болуы куә. Кейін ел жиілене келе бұл сулардан құндыз бен қамқа ауып кеткен. Құлынның терісінен астарсыз тігілетін тонды «жарғак» дейді, Оның қара кұлынның терісінен сәндеп тігілетіні жоғары бағаланады. Қасқыр терісінен астарланатын ішік те қымбатқа саналады. Ішікті қазақтар тыстап киген. Кедей адамдар ішікті қоян, тарақ кұйрық (сарышұнақ) сияқты арзан терілерден де жасаған. Бірақ олардың сапасы оншама болмайды. Сондықтан «бір жылға қоян терісі де шыдайды» деуде де мән бар. Ішіктің тысы, әдетте шұға, мәуіті сияқты қальщ мата-лардан тігіледі. Тері мен тыстың арасьш қалыңдату үшін тозған маталардан, жүннен «бидай» саналады. Тонның жағасы жоғары етіп жасалады да, боран-шашында оны көтеріп алса, басқа суық тигізбейді. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деу содан. Жағаға қымбат аң терісі, қозының, лақтың бұйра елтірісі сияқты терілер салынады. Тонның белі тарылып тігілетіндері «қынамал», қынамайтындары «қаптал» деп аталады. Тысқы киімнің біреуі — күпі. Ол қойдың және түйенің жабағасынан жасалады да, жылылығы тері тоннан кем болмайды. Жаздың сырткы киімі, түйенің иә қойдың жүнінен тоқылатын шекпен, түйе жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардын, қолына түскен. Шамасы келмеген кедейлер шекпенді қойдың жүнінен жасайды. ....
Алдынғы тарауда көз жеткізгеніміздей, К. Маркс пен Ф. Энгельстен бұрынғы философтардың көзқарастары мен философиялық бағыттары ғылымға, шынайы әдіске және практикаға толық негізделмеген еді. Сондықтан олар дүниетаным мәселелерін арнайы ғалымдардың зерттеулеріне, қоғамның жалаң тәжірибесіне сүйенбей – ақ шешуге тырысты. Бұл – ескі мәндегі, адамды қоршаған дүниені өзгертуді мақсат еткен күреске кереғар келетін философия еді. Міне, ос жағдайда, ғылым жетістіктеріне сүйенген, практикамен, еңбекшілердің азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұдан бүрынғы философиялық ой – толғамдардың прогрессифті қасиеттерін бойына сіңірген мүлде жаңа сапалы философиялық жүйе жасау қажеттігі туды. XIX ғасырдың ортасына қарай оның тарихи әлуметтік және ғылыми алғы шарттары да пісіп жетілген еді. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептетері де болады. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір – бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Тірі организімдердің микроскопиялық клеткалардан тұратынын, адам мен жалпы табиғаттың бірлігін көрсетеді. Энергияның сақталу заңы материя қозғалысының мәңгілік және құрып кетпейтін, қозғалыс түлері мен энергияның біріне – бірі алысып отыратынын дәлелдеді. Бұл дүниенің материялдық бірлігінде айқындап беруге мүмкіндік береді. ....
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1. шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып)/ рөлге бөліп оқу. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды Көптеген оқушылар: шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды Кейбір оқушылар: шағын мәтінді түсініп, өздігінен мәнерлеп оқиды....
Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады. Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері (І және ІІ негізгі топшалар),барлық -элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар, р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан. Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады. Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.....
Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы. Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. ....