Реферат: Экономика | Аудиттің мақсаты мен міндеті

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мамандырылған контейнер

Мамандырылған темір жол контейнері – құрылымы жекелеген және соған байланысты жүктің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған контейнерлер.
Мамандарылыған контейнерлер брутто массасының ең жоғары көрсеткіші бойынша былай жіктеледі:
- шағын тонналық контейнер (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 2,5 тоннадан аз);
- орташа тонналық мамандырылған контейнер (2,5 тоннадан 10 тоннаға дейін);
- ірі тонналық мамандырылған темір жол контейнері (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 10,0 тоннадан жоғары);
Құрылымынң ерекшелігі бойынша мамандырылған контейнерлер былайша жіктеледі:
- параметрлері бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келетін;
- құрылым бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келмейтін;
- с.і. қатты, жұмсақ және құрастырылған.
Мамандырылған контейнерлердің әмбебап контейнерлерден құрылымдық ерекшелігі - салмақ түсетін қаңқа ішінде цистерна, бункер немесе жүк жайластырылатын басқа ыдыс орналасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент

Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді.
Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді.
Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызметт саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.
• Мемлекеттік бюджет табыстарының көлемі
• Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі
• Бюджет тапшылығының мөлшерінің көлемі
• Ақшы эммисиясының көлемі
• Халық табыстарының көлемі
• Хылықтың банктегі салымы
• Инфляция индексі
• ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасы
Бұл топ көрсеткішетрінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді.
Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
• өнімге баға индексі
• негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу ставкасы
• активтердің, соның ішінде айналым активтерінің жалпы құны
• пайдаланылған капиталдың, соның ішінде жеке капиталдың жалпы сомасы
• өндірілген (өткізілген) өнім көлемі.
Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады.
Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне прессаның есептік материалдарының жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер рыногында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орманды мемлекеттік бақылау басқару талаптары

Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ордендер мен Медальдар пайда болуы

ОРДЕН (нем. orden, лат. оrdo — қатар, дәреже)—ерекшелік белгісі, ерекше еңбек сіңіргені үшін берілетін құрметті наград. Ерекшелік белгісі ретінде Орден Бат. Европада 12 ғ-дан өмір сүрген рухани-рыцарьлық Олдендерге (қауымдармен) байланысты пайда болды. Бұл қауымдардың мүшелері өзгеден ерекше киім кпіп, оның омырауына белгіленген түрлі түстегі крестер тағып жүрген. 14—16 ғ-да монархтар дворяндарды көтермелеу үшін белгіленген сарайлық. Орден кеңінен тарады. Бұл қауымдардың қауымдық әшекейлі костюмдері, қауымдық ерекше белгілері болды, бұл белгілер кейініректе наград ретінде берілетін болды мыс, Англияда Аспалы Орден 1348 ж. немесе 1350 ж. белгіленген, Бани Ордені (1399), Австрия мен Испаниядағы Алтын бөрте Ордені (1429), француздың қасиетті Рух Ордені (1579) т. б. Наградтық 0. Азияның кейбір елдерінде, соның ішінде бұрын Орден болмаған елдерде 18—19 ғ-да көптеп шығарыла бастады. Мыс, Түркияда Жарты ай Орден (1799), Иранда Арыстан мен Күн Ордені (1808), Жапонияда Күн шапағы Ордені (1875), Қытайда Қос Айдаһар Ордені (1882). 0. әдетте лентаға немесе шынжырға тағылатын белгілерден (крестер, жұлдыздар т. б.) арнаулы түстегі иыққа асатын жалпақ лентадан (жоғары дәрежелі Ордендер үшін) тұрады. Орденнің бір немесе бірнеше дәрежелісі болады. Кейде Орденнен наградтау ұрпағына немесе жеке өзіне дворяндық атақ алу правосын т. с. с. артықшылықтар бөрді. Россияда алғашқы Орденді Петр I белгіледі, олар: жоғары наград болып саналатын қасиетті апостол Андрей Первозванный Ордені (1698), қасиетті Екатерина Ордені (1714). Кейініректе әскери қызметте үздік шыққан офицерлер мен генералдарды наградтау үшін қасиетті Александр Невский (1725), қасиетті Георгий (1769) Ордені т. б. белгіленді. 1 1917 ж. Окт. соц. революциясынан кейін Бүкіл росс. Орт. Атқару комитеті мен Халкомсов 1917 ж. 10(23) ноябрьде «Сословиені және азаматтық шендерді жою туралы» декрет қабылдап, патша Ордені жойылды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы (1977 жылы 15 наурыз)

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автотетраплоидия

Автотетраплоидия (грек, autos — өзім, өздігінен; tetra — төрт, төртеу; eidos — түр) — жасушалар ядролары геномдарының хромосомалар жиынтығы санының өздігінен төрт еселену (4п) құбылысы

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Бронхты демікпе

Бронхты демікпе.



Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді.



Этиологиясы. Аурудың негізінде көбінесе аллергиялық факторлар-тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.



Патогенезі: Демікпенің дамуы тыныс алу жолдарының ісініп тарылуымен, жоғары секрециясымен, обструкциялармен және бұлшықеттердің спазмымен байланысты.



Айқындалуы: 4 кезеңмен сипатталадаы:



Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Дүрліктірді төңіректі

(Сықақ)



– Мына көрші ауылда

Мал құлағы саңырау...

Кешегі қатты дауылда

Жеті үй жанып ...

-Жаным-ау!

Тіптен дымы қалмапты,

Шиеттей-шиеттей үш баланы

Өрт ұшқыны жалмап кетті

Деген келінін

Енесі бір сәт ірікті.

– Өтірік екен, әй, мұның,

Көрші анығын біліпті.

Тек, әттең,

Өтірік өсек

Елден елді шарлап кетті.

Ұзын құлақ былай қалып,

Интернет, БАҚ біткен зарлап кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Геология | Жерасты уран қазу жұмыстарының арнайы сұрақтары

КІРІСПЕ
Геотехнология – көп жоспарлы тау-кен ғылымы, жер асты байлығын сақтау және игеру тәсілі, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды физикалық және химиялық әсер ету арқылы алуға мүмкіндік беретін технологиялық процесстер мен техникалық әдістер жайлы бірлестірілген білімдер жиынтығы.
Ерітінділеу – бұл қатты материалдың бір немесе бірнеше компоненттерін, әдетте сумен ерітіндіге аудару. Тау-кен жұмыстарында жер асты ерітінділеу әдісі жер қойнауында жатқан металды алу мақсатында жүргізіледі. Бұл процесс қатты жер бетіне әсер тигізетін заттардың келуінен, химиялық реакциядан және ерітінділер күйінде оның өнімдерінің қайтарылуынан тұрады.
Жер асты ерітінділеу кезінде металл иондық алмасу жолымен реагент ерітінділерінің басқарылытын қозғалыс процесінде табиғи немесе жасанды құрылған өткізгіш массиві арқылы алынады. Оны қолданудың қажетті жағдайлары – пайдалы компоненттердің минералдық немесе органикалық ерігіш қышқылдардың қосылыстарында, сілті мен тұз ерітінділерінде болуы, кенді табиғи жеткілікті суландыру, реагенттің кенге әкелу және өнімді ерітінділерді қайтару мүмкіндігін жүзеге асыратын қолайлы таулы-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар, сонымен қатар өнімді ерітінділерден пайдалы компонентті тиімді алу мүмкіндігі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0