Реферат: Биология | Аралық бүйрек

Аралық бүйрек (көне грекше: mesonephos) — құрсақтағы ұрықтың денесінде бастапқы бүйректен кейін, 10-30-дене сегменттері тұсында, яғни дене түлғасы бойында мезодерманың нефротомынан (сегментті аяқшалардан) қалыптасатын бүйрек. Эмбриондық даму кезінде аралық бүйрек бастапқы бүйректі (пронефросты) алмастырады. Аралық бүйректе пронефросқа тән бүйрек өзекшелерінің (нефрондарының) денедегі метамериялық (сегменггік) орналасуы бүзылады. Нефрондардың екінші дене қуысымен (целомамен) байланысы үзіледі. Бүйрек нефрондарының тостаған тәрізді кеңейіп басталатын ұшы қан капиллярлары шумақшасЬіның қапшығына айналып, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Жаркент оязында


Жаркент оязындағы Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеге күнбатыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. (Көтеріліс туралы сол күнде баяндама жазған әскербасы Нэдзбецкий деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және Қарқара жәрмеңкесіне қатынасқан қытай саудагері қырғыз-қазақ ішіне орысқа қарсы көтеріліс жасауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.)

Жаркент оязы Қытайға шектес болған соң оған өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Маусым жарлығы» жарияланарда Кравченко дегенді бас қылып Қарқараға отряд жіберген.

Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы оязындағы Қызылбөріктердің көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нащепкин деген крестьянның диірменін талап (диірмен қазақ жеріне басып салынған), өзін өлтіріп, аялын байлап, диірменді өртеп жіберді. Онан Жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиіп әкетті және сол күні Шелек басына салынған Ново-Афон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары старостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан прапорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарай жүріп, жолдағы орыс қыстауларының, зайымкелерінің барлығын өртеген. Бұл жолда Спецевский деген поселкені отқа жағып, қазақ қолы со бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.

Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд қазақтың түтінін тұман қылды. Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы теңеулердің жасалу тәсілдерін оқытудың жолдары

Мұқағали поэзиясы- махаббат пен сенімнен тұрады.

Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты.

Махаббат пен сенімге ерлік, жүректілік керек.

Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол - ерлік.

(Ә.Тәжібаев)

Сөз патшасы – «өлеңнің» - өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Неше жыл өтсе де тарих білмек


Ақын С. Торайғыровтың 1993 жылы Баянауыл ауданының

Мойылды алқабында өткен 100жылдық мерейтойынан Естелік



Қазақ әдебиетін, бейнелеп айтқанда, алып шыңға теңер болсақ, оның басынан мәңгілік ақша қар арылмайтын, қатар орналасқан ұлылы-кішілі екі шырқау биігі қазақ әдебиетінің классигі – ұлы Абай мен жас кетсе де кемеңгер, данышпандығын алты алашқа әйгілеп кеткен Сұлтанмахмұт Торайғыров дер едік. Бұл шыңдық ақынның жүз жылдық тойында араларын жарты ғасырға жуық уақыт бөлетін қазақ әдебиетінің бір құстың қос қанатындай екі алыбына көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым әдебиет әлеміндегі тарихи орындарын анықтап, әділ бағаларын берді.

Біз сондықтан да бұл мәселеге көп аялдап жатпадық. Ат басын қара Ертістің Кереку өңірінде басталған ұлы ақынның 100 жылдық тойына келген қонақтармен бірге Арқаның ару өңірі Баян баурайына қарай бұрамыз.

Облыс орталығына ақын тойына арнайы келген қонақтар мінген автотранспорт легі жаздың жайма-шуақ күнінде көк мұнарға бөленіп қалғып тұрғандай әсер қалдыратын Ақбет тау асқар шыңы көрінген тұста, дәлірек айтсақ ,кеншілер ордасы –Майқайың поселкесінің тұсында тойға қатысуға келе жатқан қонақтарды аудан басшылары мен еңбекшілер өкілдері құшақ жая қарсы алды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Наурыз

Наурыз – шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғн Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінле аталып өтететін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұд Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә.Фердоуси, Ә.Науаи, О.Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбеген адам болмаған.
Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сүлеймен Бақырғани

Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) сопылық диадктикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассаушиілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көш қамал – қала Бақырғанды туған. Түркі әлеміні ғылым және өнер ошақтары – испиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йасы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жыдар оқып, ислам дінінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып: «ұлы Шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама ақын Ахмет Йассауидың ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йассы өзені жағасы
Жатыр гауһар асылы
Машайықтар сарайы
Шейхым Ахмет Йассауи
Қарашығымен қыстаған
Сұңқар, лашын ұстаған
Сансыз шәкірт бастаған
Шайхым Ахмет Йассауи
Шариғаты – шапағат
Таризаты - қанағат
Хақизаты парасат
Шайхым – Ахмет Йассауи –
дейді.
Бақырғани жасы ұлғайған сайында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидың сопылық – дидактикалық мазмұндағы хикмет - өлеңдері кезінде ұлан – ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім. Алайда мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент және Стамбұл бапаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1898 жж.) басылып шықты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Кәукен Кенжетаев Кенжетайұлы (1916 - 2008)

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды.
1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті.
1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі.
Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).
Ойнаған рольдері
К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде
Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл

Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін тажал. Ұлы Отан соғысының кешегі естен шықпастай болған сол бір кез, күн-түн демей жаумен жағаласқан жылдары ешқашанда ұмытылмайды. Денеге қадалған оқ орны, жарылған бомба жарықшағы күйдірген жара жазылды. Бірақ халқымыз Отан тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ұлдары ман қыздарының есімдерін ұмытқан емес.Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанына, міне, биыл 70 жыл. Біздің халқымыздың ашық аспан астында бейбіт еңбек етіп, бақытты өмір құрғанына да 71 жыл.
Сол қанды кезеңді еске түсіріп елестетін газет- журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлар тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне, ......
Шығармалар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Ақылды және ақымақ

Ақыл - Алланың сыйы.

Ақыл жасқа қарамайды, басқа қарайды.

Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды.
Жер - қазына, қазсаң да таусылмайды.

Ақыл - жас ұланнан,
Жүйрік - тай, құнаннан.

Ақылды өтірік шаршатады.

Ақылды жігіт атқа да қонар,
таққа да қонар.

Ақылдассаң - шешерсің,
Ақылдаспасаң - кем кесерсің.

Ақылдының сөзі қысқа,
айтса нұсқа.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аномалия

I. Аномалия (көне грекше: anоmalіa — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.
Геологияда— табиғаттағы құбылыстың әдеттегі немесе теория бойынша болжанған шамадан күрт ауытқуы. Жер қыртысының түрлі физикалық қасиеттерінің қалыпты шамадан ауытқуы геофизиялық аномалия деп, ал жер қыртысындағы кейбір химиялық элементтер мөлшерінің қалыпты шамадан ерекше көп болуы геохимиялық аномалия деп аталады. .....
Рефераттар
Толық
0 0