Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы )
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
• үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Химия | Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады.
Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.
Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ауыздың ойылуы

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.



Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.



Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.



Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Мұрт


Мен мұрт қойғалы қашан! Е-е, несін айтасыз, мұрт мәселесі өз алдына үлкен бір проблема! Олай дейтін себебім, көресіні жұрттан емес, мұрттан көрдім. Мәдениетті, әдепті таныс кісілер «Мұртты жігіт»,— дейді. Ал, кейбір мысқылшыл дырдубайлар «Ей мұрт»,— деп тәмам жұрттың алдында айқай салып, аптарихаңды айрандай төгеді. Жеке өзің келе жатсаң мейлі ғой. Кейде қызбен дегендейін...

Мұрт дегеніміз — үстіңгі ерін мен қос танаудың аралығына біткен, не сүт қоректілер тегіне, не өсімдіктер тобына жатпайтын өз ырқына жіберсең шырмауықтай қаулап өсетін тәртіпсіз бір дүние! Сағаттың қос тіліндей тылтиған бұл көпірдің пайдасынан зияны көп-ау деймін.

Әлі есімде, автобусқа мініп, бір күні қызметке бара жатыр едім, екі көзі тұздай егделеу бір кісі маған шүйліге кетті.

— Әп, пәлем, түстін бе қолға?! Мұртыңды біртіндеп тұрып жұлайын ба, осы?!

Мен аң-таңмын. Автобус ішіндегі жұрт елең ете қалды. Әлгі үйрек тұмсық бейтаныс адам қайта төнді.

Есіңде ме, мені кроватқа арқанмен матап тастап, аузыма шүберек тығып, колхоздың қыруар алмасын машинаға тиеп, тапа-талтүсте ұрлап кеткенің? Қайда әлгі сыбайлас чечен жігітің?.. Жаңылмасам аты Махмұт болар. Сен солай деп дауыстағансың... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Абай Құнанбаев

Абай бала кезінде ширақ, пысык болмағанымен, елдегі шешен, ақьін, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зерекгігімен, ынтальшығымен ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бүкар жырау, Марабай, Шөжелерді тындап өскен. Анасы Үлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.Юн-ың ағасы (әкесі Түрпанның інісі) Тонтайдың влерінде қожа-молдаларға кдрап: "Жазыла-жазыла қожамолдадан да үят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Қүнанбай қажының да кеңінен толғап сөйлер терендігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшьшардың да назарына іліккен; қ.Янушкевич. Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе сал-дырып, өзінін және туыста-рының балаларын оқытқан. А. сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Рабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы каладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бүл түста М.О. Әуезовтің "Өзі түстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа карамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дөріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондыкган барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соңақ тез есейіп, ілім куған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген түжырымы болашакұлы акынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. А. бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы баскаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щед-рин,. Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізді. Есейген шағында, осы езі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дөрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне өсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлендері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай А-дың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне ара-ласуға баулиды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-кдтынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылықка құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші – құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды ....
Рефераттар
Толық
0 0