1. Трилобиттәрiздiлер тип тармағы Трилобиттер класы 2. Желбезекпен тынысалушылар немесе Бранхиата тип тармағы Шаянтәрiздiлер класы Желбезекаяқтылар класс тармағы Бақалшақты шаянтәрiздiлер класс тармағы Жоғарғы шаяндар класс тармағы 3. Хелицерата тип тармағы Шаяндар класы (жойылып кеткен) Семсер құйрықтылар класы (жойылып кеткендер).....
Ораз соңғы күндері қатты өзгеріп кетті. Бірге оқитын жолдастары үшін бұл күтпеген жай болды. Ол түнеріп алады да, ешкіммен сөйлеспей қойды. Бұрын да мінезі ауыр еді, енді сұраққа ғана жауап береді де қояды. Гимназияның жоғары класындағы құрбылары оны әнеугі емтихандағы жайға өкпелі деп ойлады. «Оны кімнен көреді, езінен кермесе» деушілер де бар еді. Совет өкіметі орнағалы бері Оразды қайта-қайта іздеп келіп, алып кетіп жүретін әртүрлі адамдар да тыйыла қалғандай. Гриша Ораздың мінезінің өзгерісін содан деп ойлады. Бір оңашасын тауып Ораздан Гриша сұрап көріп еді, ол бұрынғысынша жауап бермей қойды.
Жақында гимназия бітірушілер орыс әдебиетінен емтихан берді. Ораз шығарманы өлеңмен жазды. Соның салдарынан оның кәмелеттік аттестатында бір үштік баға мәңгі орын алды. Орыс әдебиетінің мұғалімі:
— Әй, Жандосов, бекер-ақ істедің. Аттестатыңды бүлдірдің ғой,— деп еді. Ораз оған мойымады:
— Ол да мемлекеттік баға ғой,— деп күлін қойды. Гимназиядағы он жылғы өмірінде ешқашан «үш» алмаған Оразға төмен баға қойылғанына жолдастары қынжылып та, қиналып та қалып еді. Гимназиядағы ағарту үйірмесін басқарып, бәріне сапырып ақыл айтып отыратын жолдасының өздерінен темен баға алғаны оларға қатты батты. Ораз томсырайып үндемей жүргенде, барлық гимназистер осыған ренжіп жүр дескен. Бірақ олай болмай шықты.
Аттестат алған күні Ораз ерте жатты да, ұйықтап қалды. Түн орталап төсегіне оралған Гришаның енді кезі ілініп барады екен, үйдің ішінде біреудің түрегеліп жүрген сыбдырынан көзін қайта ашып алды. Сытырлап жаңбыр жауып тұр. Алматының жауынды сәуірдің сылбыр түнінде далаға беттеп бара жатқан кім? Әлде осындай аласапыранда балалардың бірдемесін алып жүрген ұры ма? Бірақ таныс бейне сияқты. .....
Ауылым – алтын бесігім Жүрегім, жырым сенікі, Кеңесті далам, кең далам. Тудым, өстім, есейдім. Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді.......
Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде мллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технолгияларын жасау қажет. Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. ....
Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады. Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады. Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді. Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр. Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады. Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне, жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа - орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді. Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі, жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік зардаптар қатарына жатқызуға болады. 1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді. Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Су туралы не білесің? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді. Оқушылардың кейбірі: сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді және ажыратады.....
Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге .....
Ұлы Дала төсінде еркін көшіп, ен жайлаған байрақты бабаларымыз тоқымына басар жалғыз атын ел шетіне жау тисе, ер басына күн туса деп сақтайды екен. О шетінен, бұ шетіне дейін қыран қанаты талатын, сызып қойған шекарасы болмаса да «атажұрт», «атакүлдік», «кіндік қаны тамған жер» деген......
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. .....
ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады. .....