Ертегі: Сапаһи

Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу әйелі болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті.

Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы ауқатты адам болса да, басқа әрекеті болмаған соң, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара тұрмысы тіпті нашарланып кеткен соң, бір күні әйелі отырып Сапаһиге:

— Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, жұрт қатарлы істеп жүрген тіршілігіміз жоқ. Енді жанды қалай......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Сырқат әйел

Баққа бөленген әдемі қаланың ортасына салынған емхана бір көшені бір-ақ алып тұрады. Оның көше жағына қараған беті дәрігерлер науқас адамдарды қабылдайтын бөлмелер де, аула жақ беті ұзын зал. Ұзын залдың бойына қойылған отырғыштардың босы көп болғанымен қабылдау кабинеттерінің бәрінің алдында адам баршылық. Адамның ең көп отырған жерлері құлақ, мұрын, тамақ ауруларын, көзді, тісті қарайтын кабинеттер алды. Ұзын залдың ашпалы терезелерінің барлығы ашық. Осы ашық терезелерден таңертең соққан самалмен бір хош иіс келеді де, адам мейірін қандырмай жоқ болады. Сусап отырғандарға зор сабадан бір-бір тостағаннан қымыз беріп бір жайқар келіншек ізінше қайтып шығып кеткендей болып тұр. Жанға сая көктемнің лебі отырған науқастарға табылмас шипадай сезіледі. Самал тағы да, ессе игі еді деседі, отырғандар;

Залдың. кіре беріс есігі кең ашылды да, денесіне жабыстыра тіккен қалың күрең қызыл көйлегі бар бір әйел көріне кетті. Ол есік жабылар — жабылмастан залдың оң жағына қарай тез басып жүріп берді. Осылай қарай бұрылуымен одан хош иіс бұрқылдап, терезеден келген лепке жарымай отырғандардың мұрнын жарып жібере жаздады. Ол құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет алдынан аяғындағы өкшесі дірілдеген жылтыр қара туфлиін шажамайын шиқылдата, екі қолын артына лақтыра тастай сыпыртып өте шықты. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет ең түкпірде еді. Бұдан былай кабинет жоқ болса да ол етіп барып бұрыштан кілт бұрылып, қашаған қуып үйренген қысыр биедей өкшесінен қайтты. Туфлиін шиқылдатып бері жүрді. Екі құлағын кезек басып шыдай алмай шеткерірек отырған орта жастағы Ерекеңнің беті тыржың ете түсті. Оған жалғас отырған қартаңдау әйел де татып кеткен айран ұрттан алғандай мұрнын тыжырып, бет-аузын қатпарландырып, аулын ырсита қойды. Көзі әлгі әйелде. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Күдік


Әйелімнің төркіндеп кеткеніне бір аптадан асып барады. Амандық болса, ертең-бүрсүгүні келіп те қалар. Оның келуіне қарсы мен көп жұмыс істеп тастадым; үйдің іші-сыртын әктеп, есік-терезені көгілдір, жалтырақ бояумен сырладым. Көрпе-жастықты, кілемді қағып-сілкіп самалдаттым. Керуеттің босап кеткен сымының құлағын бұрап, домбыраның шегіндей қылып бабына келтірдім. Саусақтың ұшы тисе болды, «дың» етіп шаттық күйін шерткелі тұр.

Үш жұмсақ арқалығы бар, ала бажалақ диван сатып алдым. Бұл жаңалықты жұбайым көрсе қатты қуанып та қалар-ау деймін. Үйге кіріп келген ол әрине алдымен мамық диванды көреді. Сосын, «шалымнан айналдым» деп менің бетімді өппесіне кім кепіл?! Әлде «еркек деген осындай болар!» — деп, арқамнан қағып қана қояр ма екен?..

Әйелім сүйсінетін бұдан басқа да толып жатқан шаруалар істеп тастадым. Оның ескі туфлиін ремонтқа беріп, су жаңа қалпына келтірдім. Туфлидің біз өкшесін жарқыраған күміс сауытпен күптеткіздім. Қалай кисе де оңайлықпен тоза қоймас-ау! Бұл жақсылығымды сезіне білген парасатты келіншегім шексіз қуанышқа бөленіп, менің мұртымнан сүйіп жүрмесе игі еді!.. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан Дойл | Жырық ерін


Әулие Георгий атындағы діни білім беретін колледждің ұстазы, кісі қолынан жазым болған марқұм Элиас Уитнидің інісі Айза Уитни наша тартуға дағдыланып алды. Колледжде жүрген кездің өзінде-ақ де Куинсидің нашақордың көретін түсі мен алатын әсері сипатталатын кітабын оқығаннан кейін аталмыш жазушының нендей кепті бастан кешкеніне көз жеткізу мақсатында әсіре әуестікпен темекіге апиын қосып тарта бастаған. Басқалар сияқты бүл да тастаудан гөрі тартудың әлдеқайда оңай болатынына көп ұзамай-ақ көз жеткізді, сөйтіп күллі дос-жаранының аяушылығын туғызып, үрейін ұшырып, ұзақ жылдар бойы өз құштарлығының құлы боп қала берді. Оның сарғыш тартып ісінген болбыр беті мен қарашығы сығырайып кеткен мөлиген көзін, креслода дәрменсіз жатқан денесін көз алдымда ап-анық көріп тұрмын – бір кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бұл.

Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.

— Науқас қой! - деді ол. - Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Темперамент туралы жалпы ұғым

КIРIСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Мақсаты: «Фигураның қабырғасы», «фигураның бұрышы» түсініктерін бекіту, шеңбер сопақша арасындағы айырмашылықты нақтылау;
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту;
Шапшаңдылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Билингвальды компонент: Шаршы - квадрат, үшбұрыш - триугольник, дөңгелек - круг, сопақ - овал.
Көрнекіліктер: Шеңберлер, сопақшалар, заттар салынған суреттер, жұмыс дәптері.

Мотивациялық қозғаушы
Математикалық ұранды айтқызады.
Қонаққа ара келіп, ойын ойнағысы келетінін айтады......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Ел және Елбасы

Сенім де талай түсті-аусергелдеуге
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім» деп шырқаған өзіңізді
Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге.
Жадыра Дәрменбаев
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге.
Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Бөгенбай батыр

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...

Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскер басылық қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, әбден титықтатып біткен казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында 30 мың қолды бастап барып, казак-орыстардыдүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден батап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Әл Фараби Бабыр наме прозалық шығармасы

Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман мәдениеті» феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар.
Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.
Орта ғасырда ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.
Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т.б.
Мұсылман мәдениеті VІІ –ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен. Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра қалалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс қаласынан Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунасыр әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. әл-Фараби шыққан Сыр бойы епжелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған қаласы Түркістан маңындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн Хаукал әл-Фарабидің замандасы жазған болатын.
Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынна оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Сайф ад-Даула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын «Музыканың үлкен кітабы» атты күрделі еңбек жазған. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінің шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айтқан. Әл-Фарабидің осы еңбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымның бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде, бірінші ұстаз деген баға берген. Ол музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары

Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0