Реферат: Экономика | Аралас экономиканың мазмұны

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған.
Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс "ескертуімен" өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес.
Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр.
Қазақстанда және басқа да тәуелсiз мемлекеттер қатарында әмiршiлдiк экономикадан нарыққа өту кезеңiнде мүлде басқа жағдай қалыптасуда, экономикадағы мемлекет рөлiнiң басымдалағы бiзге өткен күннен мұра болып қалды, нарқы одан бiртiндеп босатып, өзiн-өзi реттеу механизмiн енгiзу үшiн тұтас реформалар бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақстан экономикасының дамуының өткен жолы бiздiң мемлекетiмiздiң объективтi заңдылықтары мен ерекшелiктерi аса мол күштi және өндiрiстi ұйымдастырудың таза нарықтық үлгiсiне көшу үшiн, ұзақ тұрақтандыру қажет ететiндiгiн айқын көрсетiп отыр. Бұл орайда соңғы 10-жылдықта экономика саласында маңызды нәтижеге қол жеткiзген басқа елдердлiң тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру тәжiрибелерiн есепке алу шарт. Сонымен қатар, экономикада ұлттық дәстүрдi, Қазақстанның халықаралық нарықтағы болашағы мен қазiргi жағдайын есепке алмай басқа бiр елде тәжiрибеденг өтькен жалпы схемамен iс-әрекет жасауға әсте болмайды. Бiр әлеуметтiк-экономикалық жүйеден басқасына ауысу тек ұйымдастыру шараларын ғана талап етiп қоймайды, мемлекет азаматтарыың қоғамдық санасының түбегейлi өзгеруiн, меншiк саласында жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуын және iлкiмдi адамдардың тұтас тобының пайдав болуын талап етедi. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңісті күн

Ұлы ұран тау қырандай саңқылдады,
Дабысын ұлан-байтақ ел тыңдады.
Сонау алыс ғасырлар түкпірінен
Түсі суық найзалар жарқылдады.
Қасым Аманжолов
Міне, уақыт өте келе сұм ажалымен жалмаған соғысқа қарсы отан үшін күреске шығып ерлік көрсеткен бабаларымыздың нәтижесінде биыл Ұлы Отан соғысының жеңісті күндерін жетпіс бірінші рет атап өткелі отырмыз. Дегемен, азаттық пен бейбіт өмірді тарту еткен осынау Ұлы Жеңістің оңайлықпен келе қоймағанын еске түсірсек. Сол кездегі кеңес халқы ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ете отырып, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізді, ерліктің сан үлгісін көрсетті. Сонымен қатар өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасында, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары бүгінгі күніміздің кепілі болғанды. Әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздарды атап өтпесек болмасты. Ұлы Жеңіс күні өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Дүние жүзі тарихы | Унковский елшілігі

Унковский елшілігі- Ресей өкіметінің 1722 жылы Жоңғар хандығына жіберген елшілігі. Орыс артиллериясының капитаны И.Унковский басқарған бұл елшілікке жоңғар билеушісінен Ресей бодандығына мойынсұнатындығы жөнінде ант қабылдау және Жоңғар хандығы жерін картаға түсіру міндеті жүктелді. Елшілік 1722 жылы 26 қарашада Севан Рабдан қабылдауында болып, оған Ресей патшасы жіберген сыйлықтарды табыс етті. Севан Рабдан Ресей бодандығын қабылдау Цин әскерлерінің Шығыс Түркістанға басып кіруіне тосқауыл қояды деп санады. Бірақ бодандық мәселесін шешу үшін .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қара қытайлар мемлекеті Найман мен Керейттер ұлысы

Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Семьяда және мектеп жасына дейінгі мекемеде дене шынықтыру жұмысын ұйымдастыру

Дене шынықтыру жұмысы бала туысымен басталып бала өмірінің барлық кезеңдерінде өткізілуі керек. 1 жасқа дейінгі балаларға дене шынықтыру жұмыстары үйде учаскелік дәрігер мен медсестраның қадағалауымен өткізіледі.



Дене шынықтыру жүрек пен тамырларының жұмысын жақсартады, тканьдерге оттегі мен қоректік заттарды толық жеткізуге, зат алмасуын жақсартуға, организмнің төменділігін күшейтуге себепкер болады. Денелері жақсы шыныққан балалар аз аурады, психикалық дамуы алғыр болады.



Дене шынықтыру әрекеттерін өткізу үшін келесі арнайы шарттар болуы керек:



1. Дене шынықтыру әрекеттері жақсы желдетілген бөлмеде, таза ауада ыңғайлы жеңіл киім кигізіп өткізіледі.



2. Бұл әрекеттер күнделікті өткізілуі керек.



Дене шынықтыру тәрбиесіне мыналар жатады:



А) массаж (сылау)



Б) гимнастика



В) қимыл ойындары



Г) спорт секцияларына қатысу



Д) Таңертеңгілік гимнастика.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Василий Шукшин | Микроскоп

Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:

— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.

Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.

— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:

— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.

— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..

Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...

— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..

— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.

— Әкел қолыңды, уәде ме!

— Шама-шарқың белгілі, қисық тұмсығым! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Медицина | Гольджи аппараты

Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіліді. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митокондриялар тағы басқалар жатады. Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы ауыр металдардың ерітінділерімен (осий немесе күміс) нерв клеткаларын бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материялдың барын бірінші болып тапты. Оны «ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін бояу әдістерін жетілдіру арқылы Гольжди аппаратыныңбарлық эукариотты клеткаларда болатыны толық анықталады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі Гольджи аппаратының мембранасының осмий ерітіндісін өзіне жақсы сіңіретіндігінен екен. Егер осмий ерітіндісімен бояса, кейбір клеткаларда бұл аппарат тор-тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (диктисома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. сонымен Гольджи аппараты клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Әр түрлі жаңа әдістерді (электорнды микроскопия, афторадиография, цитохимия, биохимия) қолдана отырып, Гольджи аппаратының құрылысы жан-жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері-цитозольа (глиалоплпзма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Еліміздің батыр қыздары Әлия мен Мәншүк

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0