Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші. Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......
Заңдылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар заңдылықты екі мағанада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан. Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, заңдылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде заңдылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., қабыл-данған Хамурапи заңының шығуы мынандай қағида негізінде қабылданған: ....
Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді. ....
МЕНІҢ Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жалқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, опти¬мистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың еске түседі. Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің. Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпар-лар¬дың тұяғының дүбі¬рін, қыран қанаты¬ның ғаламат суы¬лын естігендей бо¬ласың. Қарлы шың¬нан қияға көз сал¬ған қанатты барыс¬тың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді. Менің Қазақ¬станым! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, “көрші хақы – тәңірі хақы” деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген ізгі де асқақ даналықты өмірлік кредосына айналдырған, “Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шал¬қай – ол құдайдың ұлы емес” дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар онда. ....
Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты. Орта ғасырлар және қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына тоқталсақ.. ....
Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және .....
Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Өзінің жазғысы келген ойын бір қызғыш дәптерге түсіріп, тұтас толтырып шыққан еді. Осымен негізгі мақсаты да орындалды. Бұл - әлдебір кештің сұлбасы. Оны бір жерге шығара қояйыншы деген де ойы болған жоқ. Тек бұл жазудың не жазу екендігі айқын тұру үшін басына "Қазақ хандығы құрылуының 540 жылдығына арналған бағдарлама" деп жазып қойды. Бағдар етіп 1456 жылды алғаны. Сонан соң дәптерді қағаздарының арасына салды. Арада аз уақыт өткенде, мектептегі мұғалімдік жұмысының екінші жылының да алғашқы қоңырауы қағылып, жаңа бір оқу жылы басталып кеткен еді. Үстел үстіндегі тексеріліп қойылған жоспарлардың ішінен өзінің күнтізбелік жоспарын рұқсат сұрап алғалы жатыр еді, оқу ісінің меңгерушісі: - Бір кеш өткізу ойда жоқ па? - деді. - Қандай кеш? Әдеби кеш пе? Мамандығы әдебиеттің маманы болған соң, осылай деп сұраған еді. - Мейлі, әдеби кеш болсын, басқа тақырыптағы кеш болсын, әйтеуір, бір кеш өткізу ойда жоқ па? Жас маман болған соң жұмыс істесін дегені болса керек. Кеш өткізу туралы ой нақты жоспарында жоқ еді, бірақ сұрақ қойылған соң, орнықты бір жауап қайтаруы да керек. Осы кезде барып есіне әлгі дәптер түсе кетті. - .....
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды....
Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститутциясының 30- бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін , сондай – ақ тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс – қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процессі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конститутциялық құқығы мен бостандығы шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдану мүмкін. Сот билігі деп соттар жүзеге асратын адамдардың мінез – құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат – міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конститутциясының заңдарының өзге де нормативтік –құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. ( Конститутцияның 76 бабы). Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады ( Конститутцияның 76-бабы,заңның 1- бабы) Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады. Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отрып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.....