Редактордың темірдей қатты, сирек сарғылт шашы үрпе-түрпе: ол ой үстінде. Оң қолыңда бір сомдық автоқалам, сол қолында умаждалған қағаз.
Ол комсомол-шопандар бригадасына кеше келіп кеткен аудандық газеттің тілшісін еске түсіріп отыр. Тілші бригаданы аралап, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескесін қой қораға беттеген. Қорадан шыға бере Мақмұт төрт-бес минут уақыт бөлуін сұрап, жармаса кетті.
− Ал айта бер, жігітім,- деді тілші былай шыққасын блокнотының бетін аша беріп. Шамасы, Мақмұт бригада өмірі жайлы тың мәліметтер айтатын шығар деп тұр.
Мақмұт тікесінен салды.
− Редактордың міндеті не?
Тілші таң қалды.
− Оның не қажеті бар?
− Мен газеттің редакторы едім.
Тілші аз-кем уақыт тілсіз қалды. Аздан соң бөгеліп барып:
− Қандай газеттің?- деді.
− «Таң нұры»... Осы бригаданың қабырға газеті.
Иығынан зілбатпан жүк түскендей жеңіл күрсінген тілші көсіле сөйледі. Сөйтсе редактордың міндеті ауыр екен. Газеттің идеялық мазмұны үшін жауап беріп, көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Жарияланған материалдардың нақтылығы мен сапасы үшін де редактор жауапты. .....
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады. Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады. ....
Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Кіріспе Курстық жұмыстың көкейкестілігі – цитологияның зерттеу әдістері мен микроскоптың шығу тарихын зерттеп, оқушыларға түсініктерін қалыптастыру. ХІХ ғасырдың ортасындағы озық ойлы педагогтардың еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің бірлігін негіздеу жиі байқала бастады. Мұндай көзқарас алғаш рет И.Ф.Гербарттың педагогикалық көзқарастында айқын аңғарылды. Ол: «адамгершілік білімсіз оқыту – мақсатсыз құрал, ал оқытусыз адамгершілікті білім немесе мінез-құлық білімі - құралынан айрылған мақсат» деп атап көрсетті. Сондай-ақ К.Д.Ушинский еңбектеріне педагогикалық үрдістің тұтастығы туралы бұдан да тереңірек идея айтылған. Ол тұтас педагогикалық үрдістің мектеп әрекетінің әкімшілік, оқу және тәрбиелік элементтерінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Кез келген мектептің негізгі элементтерінен алдымен оның тәрбиелік күші тәуелді болады дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бір шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігінде баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.[4] Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.....
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты. Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна немесе каста дейді. Негізінен алғанда, Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді. Олар: 1) Брахмандар (ақтар) - айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар; 2) Кшатрилер (қызылдар) - айналысатын істері - жауынгерлер; 3) Вайшьилер (сарылар) - еңбек ететін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с; 4) Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. Тарихи тұрғыдан алсақ, алғашқы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан үш принципті көрсетуге болады. Олар: 1) Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; 2) Касталық қоғамның пирамидалық құрылымы. Әр каста өзінен төмен тұрған топтарға жоғарыдан қарап өзінің төмендегіге қарағанда қадірлілігін сезінуге мүмкіндік алды; 3) Реинкарнация, яғни, адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі. Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үнді аңыздарында үш мыңнан артық Құдай кейіпкерлері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі құдайлар мен негізгі ұғымдар. Йндра - найзағайдың, күн күркіреудің құдайы; Митра - күн құдайы; Варуна - аспан құдайы; Агни - от құдайы; Яма - өлім құдайы; Тапас - дене іңкәрі, жылылық; Рита - ғарыштағы тәртіп; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; Карма -адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі: Мокша - бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу; Дхарма - заң мен әділет құдайы.....
Желдің табиғи жету нәтижесінде жер беті қабатына түскен қар желдің әсерінен, қозғалады. Түскен қар түйіршігі қар жамылғысын ұру нәтижесінде жаңа көптеген бөліктердің қозғалысына әсерін тигізеді. Желдің күшейіп, қар қиыршықтарын, бір ауданнан келесі бір ауданға ұйытқыта ұшыра соғуын қарлы боран деп атайды. Жер қыртысының жоғарғы қабатының желдің әсерінен қармен үрленуі қарлы боранның бір түрі дефляция болып есептеледі. Ағылшын тілді еледерде дефляция сөзінің орнына жел эрозиясы термині қолданылады. Бұл термин осы жердің отандық мамандарының еңбектерінен алынған. Дефляция латын сөзі “deflare” – ұшыру немесе сөзбе – сөз құбылыс мағынасын береді. Эрозия сөзі де латын тілінен шыққан erodere – шіріту, шаю мағынасын білдіреді. Қарлы борандар қардың жауу, күшті жел және қардың үрлеу нәтижесінен болады. Қарлы боранның ұзақ уақытқа тасымалдануы қардың артық қорына, дефляция мүмкіндігіне, желдің күші және ұзақтығына байланысты. Қарлы борандар, қарды бір ауданнан келесі бір ауданға тасымалдап, оны тығыздау арқылы қар жамылғысындағы су ресурстарының біркелкі таралмауына және топырақтың біркелкі қатпауына себепші болады. Қар қиыршықтары горизантальды бағытта ұшып, көріну қашықтығын азайтады. Қарлы боранның нәтижесінде қар басушылық әсерінен автамобиль, темір жол қатынастарының және самалеттердің ұшып қонуы қиындап, қауіпті жағдайлар туады. Күшті борандар телеграфты және телефонды байланысты үзіп, жұмыс істеуіне кедергі туғызады. Сондай – ақ егістікке көктемде еріп, ылғалға айналатын қарды, сай салаға суырып әкетеді. Ұзаққа созылған қарлы боран отардағы малға да қауіпті. Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен ұзақтығына байланысты болады. Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады. Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады. Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы аккумуляцияның басымдығы. Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция процестерінің аралығын қамтиды. ....
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады. Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады: 1) Әлеуметтік институт ретінде 2) Шағын әлеуметтік топ ретінде Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы. ....
Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі — 1846) — батыр. Кіші жүз адай руының құнанырыс тармағынан шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған. Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған .....
Саржан Қасымұлы Саржан сұлтан (туған жылы белгісіз — 1836 жылы өлген) — қазақ халқының 1825 — 36 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Абылай ханның немересі. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822) тақ мұрагері .....
Тағам өнімдерінің мироағзалармен және оның метаболиттерімен ластануы Жоспар: 1.Азықтық улану. 2.Азықтық улану инфекциясы. 1. Ластану аурудың екі формасын туғызады: азықпен улану (азықтық интоксикация) және азықтық улану инфекциясы. АЗЫҚПЕН УЛАНУ: оны микроорганизммен продуцирленетін токсин тудырады, ол тағамдарға түсіп және онда дамиды. Азықпен уланудың мысалы ретінде стафилококковті улану және ботулизм болып табылады. Азықтық улануды бактериялық улану және микотоксикоздар етіп бөлуге болады. Бактериальді уланулар. .....