Реферат: Биология | Полиомиелит


Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Өмір деген бір жарқ еткен найзағай


Аспан астын, жер үстін алай-дүлей етіп, жан-жағыма нұр шашып, найзағайдың жарқылынан көңілшең бұлттардың өзі жылап hәм қуанып отырған шақта “Адам” атауы жаратылды және сол кезден бастап “Ғажайып әлем” деген әлі бітпеген шығарма жазылуда. Ол шығарманың кейіпкерлерінің ішінде сен де, мен де бармын. Жерді, елді жаратқан Тәңірі қандай шебер еді!? Дегенмен, өмір мен адам арасында әлі күнге дейін байланыс орнамаған. “Адам” өзі сияқты басқа да тіршіліктегі жаратылыстармен байланысқа түсе алды. Бірақ, өмірмен емес. Не үшін? Оның жауабы әр қилы.

Адам - ерекше жаратылыс. Қаншалықты саналы болғанымен, соншалықты ақымақ. Алланың өзі адамға саф алтыннан қымбат өмір беріп тұрса да, адам әлемнен осы күнге дейін алтын іздеуден шаршаған емес. Міне, бір дәлелі осы. Бұл ақылдылық па, әлде ақымақтық па?

Ақылдылық десек, оның себебін анықтауға тырысып көрейік. Адам өмірге келгеннен елден өзгеше болуға, жайлы өмір сүруге, жаңағы Алла берген алтындай өмірін жақсы өткізуге тырысады. Ал бұлай өмір сүру үшін міндетті түрде жақсы жағдайды, әлемдегі алтындардың барлығын талап етеді. Ал адам сол үшін мансап, байлық іздейді. Бірақ көпшілігі адамнан наданға айналып жатады. Себебі, байлық көздің нұрына, терінің суына енгеннен кейін бойдан адамгершілік қасиет кетеді. Себебі, өзімізге өзіміз қаншалықты жақындай түссек, өмірден соншалықты алыстайтынымыз бар. Ал, бұл - ақымақтық. Сонда өмір дегеніміз не дейсіз бе? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ізденген жетер мұратқа


Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.

• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды.
• Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы.
• Сүзбе ерінді жұмсартады.

• Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.

• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді.
• Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем.
• Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Мақтанышым – қазағым!

«Айналайын халқымнан қазақ деген» деп өлең жолдарында айтылғандай, осыдан бірнеше ғасыр бұрын тарих сахнасында «қазақ» деген атаудың пайда болғаны қандай керемет десеңізші! Содан бері талай тар жол, тайғақ кешкен қазағымды мен мақтан етем, құрмет тұтам. Біраз тарих тұңғиғына үңілсек, қазақ халқының талай жаугершілік заманды бастан кешіргенін білеміз. Сол кезден-ақ қазақ халқы ар мен намысты алға қойып, қасық қандары қалғанша кең байтақ жерімізді жаулардан қорғап қалған. Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын бастап, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра білді.
Бертін келе XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді болуы да халқымызды қиыншылықтан көзін аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: География | Жер қойнауы және оның байлықтары

Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №2 (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1 Сөздік қорды толықтыру
2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)
2.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратады.
Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша айта алады.
Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Байбақты Қармысұлы

Байбақты Қармысұлы (1823 — 1914) — батыр. Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерді жайлаған. Байбақты Бесқала, Қоңырат жаққа өткен кезінде Хиуа ханының жасағына алынып, қызылбастарға қарсы жорықтарға қатысқан. Бір ұрыста aдайдың Сүгір деген батырын жау қоршауынан алып шыққан. Осы ерлігі үшін .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Қазақстаным

Менің Қазақстанымда көптеген қалалар, өзен-көлдер, жазық далалар, таулар, табиғаты тамаша жерлер өте көп. Біздің Қазақстанда орыс......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Огюст Конт

Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. .....
Рефераттар
Толық
0 0