Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ер қанаты


Айнагүл бүгін балаларға жылқы жайлы сабақ өткен еді. Сабақ барысында Айнагүлдің аузынан, мағынасына орай, жылқы деген де атау айтылып жатты, ат деген де сөз шықты, Қамбар ата түлігі деген де сөз айтылды, тіпті жылқының жас ерекшелігіне байланысты айтылатын сөздер де аталмай қалмады. Оны былай қойғанда, Айнагүл жүйрікке байланысты айтылатын тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деген сөздерді де
ретіне қарай қолданып бақты.

Айнагүлдің бір мінезі сабақ беру барысында өзінің шәкірттерін тыңдағанды да жақсы көретін. Бұл жолы да солай етпек болды. Кенет сыныптың ортасынан Ернар деген бала қол көтерді. Ернар Айнагүлдің сүйікті шәкірттерінің бірі еді. Сондықтан ба өзін еркінірек ұстайтын. Кейде апайына аздап еркелеп қоятыны да бар. Ернар бұл жолы салмақты мінезбен орнынан тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тұғыры биік қазақ елім!

«Елімді иесіз деймісің,
Жерімді киесіз деймісің», -деп Үмбетей жырау жырлап айтқандай, аталы жұртымызда,айбынды ұлтымызда киелі ерлер баршылық. Қазақ хандығы құрылғаннан бері еліміз жаугершілік заманда өмір сүрді, ұлы құл, қызы күң болмауы үшін ерлері де, әйелі де аянбай тер төгіп,ұлан ғайыр қазақ даласын бүгінгі күні бізге табыс етіп отыр. Еліміздің кең байтақ жеріне көз тіккен жоңғардың да,қалмақтың да сағын сындырып, еліміз жеңіске жетіп, тарих қойнауында қалған үлкен із болып, қанша соғыс пен көтерілістердің кесірінен қазақ азаматтарымыз жапа шегіп, халқы азайды. Бұл – халықымыздың шыңдалған,елдіктің рухын көтерген, ұрпаққа азаттық пен бостандық үлгісін көрсеткен, тағылымы мен үлгілері мәңгілік ескерілмейтін, шын мәніндегі бірлік пен азаттық шайқасы болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Сталинград шайқасы

Сталинград шайқасы – 2- дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.

Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз


Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жаза жүйесі түсінігі және мәні

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Айқап журналы мен Қазақ газеттері

Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен “Улфат” газетіне қосымша ретінде “Серке” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған.
1907жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі “Біздің мақсаттарымыз” деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында “Дала” газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығыныңұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты. 1911-1913жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет “кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету” ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Емші даласы” газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді.
“Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады ”. “Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның климаты

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын
Оқу мақсаттары: 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді;
Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады;
Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Бейтаныс статья

Егіз қыз Виктория мен Инесса Черкасовалардың әкесі Борис Черкасов Алматы облыстық тұтынушылар одағы базасының заң бөлімінің бастығы, ал шешесі Валентина Черкасова екі қыздың әкесінен тіпті де кем түспейді, — Алматы қаласындағы № 2 заң консультациясының адвокаты. Көріп отырсыздар, екеуі де заңды білетін адамдар және заңды білуден осы уақытқа дейін қорлық көрген'жоқ, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сондықтан да ерлі-зайыпты екеуі биыл екі қызы орта мектепті бітірген кезде бір ауыздан екі қыз да өзіміздің ізімізбен кетсін, екеуі де заң факультетіне түссін десті. Несі бар, болмасын деген оңбасын!

Екі қыз сонымен университеттің заң факультетіне арызды беріп келіп қалсын. Виктория алғашқы емтиханнан-ақ тоңқалаң асып, шығармадан екі алып шыға берді. Жаны мұрнының ұшына келген әке-шеше енді Инессаның тілегін тілеп, соны салмақтады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! Әке-шеше бар уақытта баласына жақсылық қана тілеуі керек. Оған кім қарсы болмақ! Бірақ арада біраз күн өткенде әке:шеше иек артқан Инесса да СССР тарихынан мақрұм екен, емтиханнан құлап, шоқпар бас Қисық цифрды арқалап үйіне келді.

Міне әке-шешенің сасқан жері осы болды. Әке-шешеге өмір бойы азық болған заң қызметі оларға ендігі ұрпағыңа қызмет етпеймін дегенде біржола қолдан шығып бара жатқандай елестеп кетті. Нақ осы жерде әке-шеше екеуі бірдей заңды қайта ақтарып, тексеріп бір жылт тапқандай болды. Енді екі қызды кешкі факультетке түсіруді ойлады. Несі бар, болмасын деген оңбасын!

Кешкі факультеттер, бір жаман жері тиісті бір мекемеде жұмыс істемегендерді қабылдамайды. Құдайға шүкір, бұл жерде әке-шеше көп қинала қойған жоқ, Алматыдағы заң орындары тегіс таныс, екі қызды солардың біріне орналастырмақ болды. Оқуға түсу дегеннің қиын екенін көрген соң ерлі-зайыпты Черкасовтар арамдықты да қоса ойлай жүрді. Заңды оқып, зая қызметін істеген оларға ойларына жүзеге асыру қиынға түскен жоқ.

Алдымен әңгіме Викторияның орналасуы туралы. Совет аудандық халық сотының председателі Никитина қол қойған 1 сентябрь күнгі № 20 бұйрықтың 2 параграфына тура былай деген сөздер түсті: «1971 жылғы 30 августан бастап Виктория Борисовна Черкасова сын мерзімімен курьерлік қызметке алынсын». Сол судья Н. Никитина қолымен 1 сентябрь күні бұйрық бере отырып, одан бір күн бұрын 30 август күні Викторияға өндірістік мінездеме де беріп тындырып та қойып еді. Н. Никитина өзі сын мерзімімен курьерлік қызметке алған Викторияны аузының суы құри мақтап, «30 августан бастап сот мәжілісінің секретары болып қызметке алынды» деп жазды. Халық сотының председателі Никитина да, әке-шеше де бұл жерде заңды білетіндігін бір көрсетіп тастады. Өйткені, заң факультетіне сот мәжілісінің секретарының бірінші кезекте қабылданатынын күні бұрын білді. Егер олар заң қызметінде істемесе оның бүге-шігесін байқар ма еді. Сөйтіп заңсыз жасалған документ заң факультетіне барып жатты. Виктория емтихан да тапсырды...

Ал Инесса ше? Несін айтасыз, Викторияның жоғарыда айтылған ісінің бәрі Инессадан үлгі болып алынған жоқ па? Виктория ісі Инесса тәжірибесінен алынса, Совет аудандық халық. сотының председателі Никитина Алматы. қалалық сотындағылардан үлгі алып еді. Қалалық соттағылар 18 августа №38 бұйрық бойынша Инессаны курьер етіп алып, еңбек книжка көшірмесін Алматы қалалық сотының сот мәжілісінің секретары деп жасап берді. Кейін мәселе белгілі болып қалған кезде бұрынғы бұйрыққа жазуға орын болмаса да сот председателей, қолының үстіне дейін олар былай деп баттастырып жазып қойды: «...Белькевичтің орнына сот мәжілісінің секретары міндетін уақытша атқару жүктелсін». Бұл жерде біз де шегініс жасап, осынша өтірікті кім құрастырып, кім жасағанын, кімді кім алдағанын қалалық соттың өзіне қалдыра тұрамыз. Өйткені осы алдаушының біреу еместігі бадырайып көрініп тұрады. Бір жаманы мынау болды. Бұл кезде Белькевичтің орнында басқа бір адам істеп жатқаны, аман-есен жалақысын өзі алып отырғаны, кейде басқалардың да заңның ондай ұсақ-түйегіне дейін біле беретіндігі қалалық соттағылардың есінен тарс шығып кетті. Сөйтіп заңды білетін заң қызметкерлері жасаған заңсыз документтер қаланы "шарлап жол тартты.

Сонымен көріп отырсыздар, Виктория да, Инесса да — екі курьер сот мәжілісінің екі секретары болып шыға берді, олар жоғары оқу орнының студенті де болатын еді. Бірақ...

Біз Алматы қалалық, Совет аудандық сотындағылардың да екеуі де заң кызметінде істейтін Б. және В. Черкасовтардың да заңды және оның тармақ-тармағын жақсы білетіндігіне дау айта алмаймыз. Дегенмен мына бір оларға таныс емес статьяны естеріне сала кетпек едік. Өйткені кім біледі, сотқа да сот болатын күн болмай тұра ма, сонда біліп алса бір кәдесіне жарар. Оның үстіне айыпталатын статьяны күні бұрын білген де дұрыс болар. Қазақ ССР Қылмыс кодексінің 148-статьясы «қызмет жөніндегі подлог» деп аталады. Онда тура былай деп жазылған: «Қызмет жөніндегі подлог», яғни қызмет несі адамның пайдақорлықпен немесе басқа бір зұлымдық ниетпен документтерге көрінеу мәліметтер енгізуді, жалған документ жасауы, документті өзгертіп қолдан жасауы, сондай-ақ көрінеу жалған немесе өзгертіп қолдан жасалған документтер беруі,— үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады».

Амал нешік, киын да болса, ащы да болса мұны айтпай бола ма, «ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» демей ме халық. Ал судья қылмыс істесе ол не жаза алады екен, ә?! .....
Әңгімелер
Толық
0 0