Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. .....
XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда мен Шағатай мемлекетін ыдыратуға итермелеген процестер басталды. 50-60 жылдары түркі-монғол билеушілері арасында тақ үшін күрес басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты. Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан, халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей бастады. .....
Темір тапшылықты анемия- темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия.
Этиологиясы. Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі:
1. Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы;
2. Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда);
3. Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы;
97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.
98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:
жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;
жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;
жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;
жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.
99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.
100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.
101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод тұнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рұқсат етілмейді.
102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.
Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.
Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын. – Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады. Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады. Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады. ....
Тәттібай Есімбекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр. Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен андастан тарайтын төртінші ұрпақ. Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда .....
Ерте жастағы балалардың аурулары. Ерте жастағы балалардың тамақтануының созылмалы бұзылыстары.
Арулардың анықтамасы, жіктелуі
аурулардың даму себептері, белгілері, диагностикасы
асқынулары,емі ,алдын алуы
клиникасы мен емі
науқас нәрестелердің күтім принциптері
Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса, бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді.
Егер баланың дене құрылысы оның мөлшерлік нормасынан артық немесе кем болса, бұл балалар дистрофиктер деп аталады.
Салмағы мөлшерден артық балаларды паратрофиктер деп атайды.
Салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдайды гипотрофия деп атайды.
Балалардағы дистрофия – бұл созылмалы тамақтану бұзылысы, онда асқорыту қызметінің бұзылуымен қатар,зат алмасу мен клеткалар мен тіндердің сіңіру қызметі де бұзылады. Олдене және жүйке–психика дамуынтежеп, бала организмінәлсіретеді. Дистрофия ауыр және созылмалыинфекциялыауруларпайдаболуынабейімдейтінқолайсыз фон болыптабылады. Дистрофиялыбалаларды осы ауруларбойынша "қатер” тобынажатқызады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді. Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын..." "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскесінің халық соты болды. 1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады. Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.....
«Отан – оттан да ыстық» әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан» десе әрбір адамның жүрегіне жылы тиері анық. Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсің» дегеніндей, Отан үшін еткен әрбір еңбек зая кетпейді. Отанды сыртқы жаудан қорғап, қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің міндетіміз, қасиетті борышымыз. Отан - ата-бабаларымыздың білегінің күшімен, найзасының ұшымен, қасық қаны қалғанша небір жаумен дамылсыз күресіп, мықтап қорғап келген асыл құндылығымыз. Халқымыздың басынан небір қиын-қыстау кезең өтті емес пе?! Соның бірі - Екінші Дүниежүзілік 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Көзге жас келтіріп, көңілге мұң ұялататын ауыр кезең-ді. Сол жылдары әрбір үйдің іргесін қалап, тұтқасын ұстап отырған ер азаматтары мен әрбір үйдің қаншама сүйікті ұл-қыздары майданға аттанып, қыршынынан қиылды. Ошағының отын үрлеген аналар, жәутеңдеген жетім қалған балалар, майданға кеткен әрбір жанды үміттерін үзбей асыға, зарыға күтті емес пе?.. Төрт жыл... 1418 күн өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сан қилы соғыс жүріп жатты. Майданда жүріп қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіріп, қолындағы суық қаруын өзіне қарсы тұрған жауға кезеп, бүкіл өмірін Отанына арнаған, Отаны үшін өмірін, артында қалған етжақындары үшін жандарын қиып ерлік көрсеткен қаншама азаматтарымыз болды емес пе? Соғыс жылдары КСРО 270 млн. азаматынан айырылған екен. Оның ішінде 4101 мыңы қазақстандықтар болып жатты. Отаны үшін «Жұмыла артқан жүк жеңіл» дегендей, бұл соғыста тылда жүргендердің барлығы да «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді. Үлкендермен қатар балалардың да тигізген үлесі мол болды. Еңбекке жарағанының барлығы қажырлы еңбек атқарды, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.....