Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Бір Ел, бір Елбасы)

Қашанда қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махабатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.


Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан.
Еліміздің қай жерін....
Шығармалар
Толық
79,5 -47,5

Қазақша шығарма: Арман мен қиял

Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, ас-қақ арман дейміз, күпіршілік жасап, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деп тілек айтамыз.

Жақсы ғой, бірақ та сол асыл арман құрғырлар, өз санатыңнан құлшыныс білдірмесең, сол алдамшы арман күйінде қала бермей ме? Және де сенің арманыңа сенім білдірген етене жақының болса, тіпті құба-құп. Ал өрімтал шағыңда асыл арманыңды заңғар таудай көретін......
Шығармалар
Толық
39,5 -21,5

Қазақша реферат: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз....
Рефераттар
Толық
19,5 -10,5

Қазақша шығарма: Ыбырай Алтынсарин - қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ.....
Шығармалар
Толық
13,5 -7,5

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күз бен біз)

Сары түсті сағыныштан Күз моншақ,
Тағып алып тағы келді бізді аңсап.
...Көздеріңді тұрды менен жасырып,
Кірпіктерің қызғаншақ.

Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз,
Ал, екеуміз күзде ашылған бүршікпіз.
Кірпіктерің күні-түні....
Өлеңдер
Толық
49,5 -29,5