Шығарма: Қырық қыз(аңыз ізімен)

Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Физика | ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ

Сыну керсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алай-да, шоқтың түсіне тәуелді1. Мұны ашқан Ньютон болатын.
Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объ-ективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанша көңіл аударады. "Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет — жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадаи шыққан кескіннің кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік ел

Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан.
Н. Ә. Назарбаев
Шіркін, мен қандай бақыттымын!
Елеулі елдің ерке қызы болып туғаныма... Неге маған қолыма ақ қағаз бен қалам алып көсіліп бір шаппасқа? Неге маған бақытыммен бөләспеске...?
Арайлап атқан таңдарың , әсем батқан күндерің, дариядай суларың, туған жер, әр түкпірің керемет қой біз үшін. Туған жер - кіндік қан тамған жер. Ондай жер пендеде жалғыз ғана. Адам өмірінде киелі орын алатын жер. Алғаш тәй - тәй басқан, тұңғыш "ана" деп күлім қаққан киелі жер. Нақты осы азғантай жер пендені елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан адам бойында туған жерге деген махаббат сезімі оянады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Туындының анықтамасы

Анықтама: f функциясы [a,b] аралығында анықталсын. Егер x0 [a,b] үшін нақты мәнді шегі бар болса, онда f функциясын x0 нүктесінде дифференциалданады, ал шектің мәнің f функциясының x0 нүктесіндегі туындысы дейді де, f '(x0) cимволымен белгілейді.
1. Элементар функциялардың туындылары кестесі.
1. f(x)=C C=const =0
2. f(x)=xp =pxp-1
3. f(x)=ax ,
4.

5. f(x)=sin x ,
6. f(x)=cos x ,
7. f(x)=tg x ,
8. f(x)=ctg x ,
9. f(x)=arcsin x ,
10. f(x)=arcos x ,
11. f(x)=arctg x ,
12. f(x)=arcctg x , ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Тоқтарбайұлы Қобыланды

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0