Реферат: Биология | Гломерулонефрит

Гломерулонефрит



Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.



Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.



Клиникалық айқындалуы:



1. Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуымен басталады: әлсіздік, көңілсіздік, тәбетінің төмендеуі, ыстығының көтерілуі, лоқсу, құсу, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Бала зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауырады.



2. Бұл ауруға тән белгілердің бірі-ісік синдромы немесе нефротикалық синдром. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады, әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап анасарка дамиды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Көз тию ырым ба? Шындық па?

Бағзыдан келе жатқан, бұл дүние әлі күнге дейін, өз деңгейін көтермесе түсірер емес?!
Балаңның маңдайына күйе жақ!, шашыңды байлап қой!, сәбиіңнің киіміне көзмоншақ тақ! Ішкі киіміңді сырт айналдырып ки! сонда біреудің​ ​ көзі өтпейді деген мәні түсініксіз сөздерді әрдайым естіп жататынымыз жасырын емес.
Бір ескеретін жайт қоғамымызда бұған сенбейтіндердің .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Отаным

Отаным-неткен көркем едің,
Алдыңда бас иемін.
Қымбат сенің өпкен желің,
Әр таңың да қымбат сенің.
Отан-неткен керемет сөз еді! Отан деген сөздің өзі жүрегіңе үлкен махаббат ұялатады. Отан-біздің туған жеріміз. Ол-ата-анамыз, туған-туыстарымыз, дос-жарандарымыз және өзіміз тұрып жатқан ел.
Менің Отаным-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы.Отанымызды, туған-жерімізді қорғау үшін көптеген батырлар өз жандарын қиды, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай сынды Отан үшін қолға қару алып, жауға қарсы аттанған батырларымыздың есімдері тарихта өшпестей із қалдырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғали Орманов (1907 - 1978)

Ғали Орманов (15.8.1907, Алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын.

Қазақ педагогика институтын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ертегі: Жалайыр хан мен Сағат

Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таянған уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сүйінші сұрай келген адамның басынан төмен алтын құятын болып уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі малшының әйелі де толғатыпты. Екеуі де ұл табады. Бір жеті өткеннен кейін ханның баласын өз бесігіне, малшының баласын өз бесігіне салады.

Ханның баласының аты Жалайырхан, малшынын баласының аты Сағат болады. Жалайырхан да, Сағат та жетіге толады. Екеуін де мектепке береді. Жалайырханнан кейін Сағатты да хан жақсы көреді. Хан бір күн қиял құшып отырады да, екеуін де шақырып алады. Екеуінің де бетінен сүйіп, екеуін де жақсы атқа мінгізіп, қаншама нөкер ертіп, аң аулауға шығады. Әр күн осылай етіп, хан сонымен қызықтап жүреді......
Ертегілер
Толық
0 0

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ

Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және оның көрсеткішер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны – статистиканың жалпы теориясы.
Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен онын, құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. кәрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндетгерінің бірі -республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың динамикасын зерттеу, талдау барысында бірнеше статисгикалық, көрсеткіштер колданылады. Олардың көпшілігі нақты (абсолюттік) немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Мақсаты: ЖШС "ГолдПродукт" біріккен кәсіпорнының жағдайын, берілген мәліметтер бойынша өзгеруін (динамикасын) динамикалық қатардың әдістерін қолдану негізінде талдау жасау. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен Қазақстанның патриотымын

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.
ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі сөз, тіл қазынасы — ескі сөз» деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4 б.).
ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да жоқ (2;7 б.).....
Рефераттар
Толық
0 0