Бақытым бар үшінші – Отан деген, «Құдай деген кім десе, Отан дер ем!» Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. М.Мақатаев Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Қазақстан, Азияның кіндік тұсындағы ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....
Екінші сынып оқып жүрген кезім. Ауылымызда Шайбаз деген молда кісі қайтыс болды. Ес білгелі көріп тұрған алғашқы өлімім. Көңіл айтып жан-жақтан келген адамдардың "Атамайлап" жылаған дауыстары үй иелерінің зарлы үндеріне қосылғанда құдды қиямет-қайым. Мұндайды бұрын соңды көрмеген бала жүрекке қалай әсер еткенін елестету қиын емес шығар. Енді міне жерлеуге алып бара жатыр. Қараңғы көрге. Түн ортасы болды көзім жыпылықтап әлі ояу жатырмын. Бір түрлі қорқыныш сезім. "Барлық адам бір күні өліп, қара жердің қойнауына кіріп, шіріп жоқ болады екен ғой. Түбінде....
Естай Беркімбайұлы (1874, қазіргі Павлодар облысы Екібастұз ауданы қарасты Ақкөл ауылы - 1946) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).
Өмірбаяны Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға. 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды. Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.....
Константин Константинович Шестаков (23.4.1923, Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 27.6.1944, Ресей, Ленинград облысы Выборг ауданы Лампилия ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардияшы жауынгер. Орыс. 7-сынып бітірген соң МТС-те трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 27 маусымында шақырылып, майданға аттанды. Шестаков 1944 жылдың жазында Ленинград облысын азат ету кезінде көзге түсті. Шестаков қызмет еткен 129-гвардиялық атқыштар полкі Лампилия ауылы жанындағы отты нүктені алуда жау жағынан қатты қарсылық болды. Гвардияшылар екі рет .....
Еменәлі Жалбырұлы - батыр. 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасынан шыққан. Өзінің аталас туысы Жаңбыршы биден тәлім-тәрбие алған. Бұрындық ханмен, Жаңбыршы бимен бірге қазақ жұртын сыртқы .....
Бұрынғы заманда бір шәрінің жас балалары жиналып ойын ойнайды екен. Балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір, бек, жендет болып ойнайды. Енді біреулері қазы, сұрақшы болады, кейбіреулері тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алди- яр патшаның шәрісі деп атапты. Барлық балалар Алдияр патшаның өмір-пәрменіне риза болып, бас иіп тұрады екен. Сөйтіп, балалар күн сайын Алдияр патшаның шәрісі өздерінің ойнайтын жеріне жиналады, патшаның берген өмірін орындап, ұйлеріне кеш қайтып жүреді.......
Қазақстан Республикасының әлемдік ортаға тәуелсіз, егеменді мемлекет болып кіруі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің алдына жаңа, әрі жоғары талаптар қояды . Бұл қаржылық есептің мәні мен мазмұнының шет ел серіктестіктерге түсінікті және қол жетерлік болуы мен оларды өңдеу және ұсынудың халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келу қажеттілігімен байланысты . Бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталды . Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілуіне ҚЕХС , қаржылық шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары мен оны қолданудағы әдістемелік ұсынулар сияқты нормативтік құжаттар үлкен үлес қосты деуге болады . Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудитт әдістемесі департаментінің ” № 4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ” – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық , қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемерлерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге ) тапсырады ” делінген . Ақша қаражаттарының бар жоғы туралы , оларды толтыру ресурстары , бағытталуы сыртқы пайдаланушыларға келесілерді талдау үшін керек : > кәсіпорынның қаржылық жағдайын , төлем қабілетін , өздерінің ағымдады міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетін , болашақта ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді активке инвстициялау арқылы өз қызметін дамыту мүмкіндігін , әрі қаржы ресурстарын тарту қабілетін зерттеу . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептілікті қолданушыларға компанияның ақша қаражаттарын және оның баламаларын қалыптастыру қабілеттілігін бағалауға негіз беретінімен пайдалы . Қолданушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер компанияның ақша қаражаттарын қалыптастырып , оларды уакытылы орналастыру қабілетін бағалауды қажет етеді . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мақсаты шаруашылық серіктестіктер тобының қаржылық - шаруашылық қызметі туралы сенімді ақпаратты пайдалануды , оны бағалап , тиісті экономикалық шешім қабылдауын қамтамасыз ету ....
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды. Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ....