Бұрынғы заманда бір кедей адам өмір сүрген екен дейді. Мал дегеннен ешбір малы болмай, үйінде тек сары мысығы болған екен. Кедейдің жалғыз ұл баласы болған екен дейді. Кедейдің баласының бір мінезі: далаға шықпай, пеш түбінде сары мысығы екеуі отырады екен дейді. Күндерде бір күн баланың әкесі, шешесі дүниеден өтіпті. Баланың жасы да он бес-он алтыға келіп қалыпты. Оны көршілер пештің түбінен шықпаған соң «Пеш көсесі» деп атайды. Бала пештің түбінен шықпапты, бірақ сары мысығы өте пысық әрі күшті болып, баланы асырапты. Демек, түрлі аңдарды ұстап әкеліп тұрыпты.......
Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған. Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......
Ядро. Ядро-өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Грекше “карион” ядро деген мағынаны білдіреді. Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды (45-сурет). Ядро мембранасы құрылсы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады (46-сурет). Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. ....
Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология деп аталады. (грек – ethos - әдет, мінез) деген мағананы береді. Этология ғылымы 20 ғасырда пайда бола бастады. Бұл жаңалықты Нобелъ сыйлығының иегері академик И.П.Павлов ашқан. Ол жануарлардың мінез – құлқын жана-жақтылы зерттеді. Қазыргі уақытта этология ғылымымен биология факулътетіндегі Сарбонде, Аксфорде, Англия, Голландия мемлекеттері қатты көңіл бөліп оқытады. Павлов жануарлардың мінез-құлқына генетикалық талдау жүргізген және оның талдау жүргізген бірден-бір жаңалығы осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемде жануарлардың мінез-құлқы үйретімді, жуас, тыңдағыш болған екен. “Жануарлар адам секілді бәлкім рахаттылық, қуаныш-қайғы, күйзелу, бақыттылық және бақытсыздықты сезінуге қабілетті” деп Чарлиз Дарвинның еңбектерінде жазылған. Ағылшын биологі Д. Гексил адам тәрізді маймылдар денемен, сезім ағзаларымен ған қамтамасыз етілген, яғни, адамдарға ұқсас, сонымен қатар қызығушылықтың, ашудың, қауыпсіздіктің, жақындылық, ауырсыну, рахаттылықтың көрсеткіштері бар. Бұл құбылысты кез-келген адам зоопаркте көруі мүмкін, бұл басқада сұтқоректілерге қатысы бар екенін қортындылайды. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-құлқын бақылау әдісі кең қолданылады. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта» Сабақтың тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.6.1 Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді Көбі: оқыған өлеңдегі сөздердің қолданылу ерекшелігін түсінеді және түсіндіреді Кейбірі: өлеңге қатысты пікірін айтады, өзі білетін өлеңді айтып беред ...
Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді. Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған. Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз .....
Ертеде бір ханнің үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады.
Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Шалы кеткен соң, кемпір қалың ойға батып жатып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатып ғажайып түс көреді. Түсінде ұзын бойлы қара кісі келіп аян береді. «Мен саған сегіз қарбыз, бір қауын беремін, тоғыз балаң болады. Қауыннан туған кенже балаңның атын Көкжан батыр қой», – дейді.......
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен. Баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап дүниелік әкелуге бір шаһарға жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы: «Әке, неге күрсіндіңіз?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде әкесі: — Балам, сенің жастығың есіме түсіп отыр, сен ересек болсаң осы балалармен бірге сонда барып келер едің ғой, – депті. Әкесіне сөзін аяқтатпастан, баласы......
Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі. Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді». Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады. ....