Диккенс мен үшін алдында ізетпен бас иер жазушым болып қала береді.
А. М. Горький
Бағзы бір кезде король мен королева өмір сүріпті. Король еркек кіндік атаулының ең ер жүрегі де, королева әйел затының ең сұлуы екен. Жалақыны король басқармада қызмет етіп тауып тұрады. Ал королева деревнядан шықса керек, әкесі село дәрігері болыпты.
Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.
Төңірек тып-тыныш.
Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.
Ел Көксеңгірдің күнгейінде. Жайлауда жиын отырған көп ауылдың кешкі жылқылары суға келіп шығып, алды өріске кетіп бара жатқан мезгіл еді. Жаңа жамыраған қойлар дүниені у-шу қылып мазаны кетірген соң, біз ауыл иесі Жортар ақсақалмен әңгімелесіп, құдықтың желке жағындағы тастақ төбенің басына таман аяңдап келе жаттық.
Оңтүстік жақ жазықта жапырлап отырған көп ауыл айналасында шұбыртып қыбырлап жүрген малдарымен бірқалыпты жасыл даланың түсін түрлендіріп, көз қуантып тұр.
Көкжиектен асып бара жатқан күн ақырғы алтынды шұғыласымен далаға көрікті нұрын төгіп, ауылдың кешкі қызулы өмірін қызықтандырып тұрғандай. Төбенің басына таман көтерілген сайын, біздің көз алдымыздағы көрініс суреттің ауданы кеңейіп, қыр өмірі өзінің ең дырдулы шағын көзге көрсеткендей болды.
Даладағы мөлдір таза ауадан, сүйкімді суреттен көңілге белгісіз бір үміт кіргендей болады, қиял кезеді. Қөңілдің осы шағына не үйлесер еді деп ойлап келе жатқанда, көңіліме бұрыннан есте жүрген бір нәрсе түсті. Ол — қасымда келе жатқан Жортар ақсақалдың ерте замандағы басынан кешірген бір әңгімесін тыңдау еді. Жортар жас шағында осы ортаның айдынды қолбасы, батыры болған. Ол кезде маңайдағы ел атағынан шошитын. Тыным-тыныштықты білмеген, барымта, соғыс десе — алағызып қолды-аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты. Жортар мықтылық, батырлығының үстіне, ауызға ілінген найзагер болды десетін. Бұл сипаттың бәрін мен бұрыннан естігенімнің үстіне, сол батырдың шал болып қартайған түсін көргенде, ұзақтап алысқа кеткен ескі күннің көмескі түсі елестегендей еді. Сүйекті зор денесі апсағайланып, үлкен басы, келбетті түсі салқын сабырмен маңғазданып, туыстағы ірілігін бір көрген кісіге де білдіргендей. Көп бейнет, көп жылдардың ізіндей болып, бетіне түскен қатпарлы терең әжімдері ескі тентек күндердің таңбасы сияқтанады. .....
Көлік құралдарына салынатын салық, тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық, мәні зор деп айтуға болады. Көлік құралдарына салынатын салык салу обьектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне карай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады. Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып и табылады. Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мсмлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады. Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады жане айдық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі.....
Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екндігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады. Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Соладың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды. Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол- құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап – ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.....
Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.....
Викентий Никонорович Тощенко (1910, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы - 27.11.1943, Украина, Днепр бойы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия капитаны. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға жіберілді. 1-гвардиялык атты әскер дивизиясы 5-гвардиялық Тамань атты әскер полкінің қатарында Солтүстік Кавказдағы, Днепрдегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы 26 қыркүйекте Тамань атты әскер полкінің 1-эскадроны .....