Ертегі: Жаһанша

Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.

Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:

— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.

Сонда патша айтыпты:

— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:

— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Зерделі бала

Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.

Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:

Айналайын, таспиғым сенен,

Ешкім күмән қылмас менен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Тұл


Бетон үйдің қоңырауы шолпы сылдырындай сыңғыр ете қалды. Қолына ыстық кофені ала берген Серафима дір ете түсті. Таң атпастан бейсауат жүрген “кім болды екен?” деп елеңдеп те еді, бірақ қарадан-қарап дір ете түскеніне өзі де таңырқады... Дегенмен өмір бойы әлдебіреуді елеңдей күтіп келе жатқан аңсар сезім сырғыған сынаптай соғып өтті. Ол да соқтықпалы дерт секілді ойнамалы еді.

Ауыр денесін жеңіл қозғаған әйел темір есіктің “көзінен” қарады. Қабат үйдің кіреберіс алаңқайында екі адам тұр. Оның ұзын бойлы, қара киімді қарты келесі қабатқа көтерілер баспалдақтың қашағашына сүйеніпті. Қасындағы немересі болса керек, тым жас көрінді.

Қоңырау тағы сылдыр етті.

— Бұл кім? — деді Соня.

— А...а...а... қарағым!.. — деген қарт адамның дауысы қарлығыңқырап шықты. — Мен — әкеңнің бір танысы едім...

Өткен түнде ғана әкесімен сөйлескен-ді, бірақ ештеңе демеп еді. Мұның ойының үстінен түскендей:

— Қарағым! Сен мені танымайсың. Әкеңе де көп болды, хабарласқан емеспін. Сен қам жеме! Менің өзіңе деген бір ауыз сөзім бар... Әкеңе емес. Сол үшін құлқын сәріден кеп тұрмын. Ғапу ет! — деді арғы жақтан.

Бұл еріксіз есік ашты......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой», – дейді. Әуелі таң қалған Жүсіп аз ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар», – деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!» – дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ», – дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:
— Сен арқама мін, орманға апарайын, – дейді де Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп құстың арқасына отырып, қалың тоғайға келеді......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Дәулет құс

Баяғыда бір шал болыпты. Шалдың бір әйелі, екі баласы, бір дәулет құсы болыпты. Шалдың әйелі өліп, оның орнына басқа әйел алады. Шал бір сапарға кетер алдында дәулет құсын, екі баласын әйеліне тапсырып кетеді. Әйелдің бұдан басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты. Жаңағы кісі сапарға кеткесін, әйелдің үйіне жалған байы келеді де: «Маған дәулет құсты сойып бер», – дейді.
Онда әйел: «Шалымның тапсырып кеткен дәулет құсын сойып бермеймін», – дейді. Сосын жаңағы жігіт өкпелеп кетіп қалады. Бес-алты күн өткесін әйел жігітті шақырып алдырып, «болмас енді» деп, дәулет ......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан мемлекетінің рәміздері

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды,оның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдыққатынастарды реттейі.Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады.Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған Адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі . ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем (3 сөйлемнен кем емес)/ сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен өзара байланысқан сөйлем жазу
Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлем жазу
Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлемдерді еркін жазу ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Бекжан Тұрыс Асаубайұлы (1965 жылы 15 ақпан)

Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016).
Өмірбаяны
1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Баяндама: Қазақ жалқы есімдерінің әлеуметтік мәні

Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік
тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ)
кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен
мәдени-тарихи байланысын, қарым-қатынасын да деректейді. Сондықтан
белгілі ономаст-ғалым В.А.Никонов.......
Баяндамалар
Толық
0 0