Менің аты-жөнім - Ербол Ажар. Мен Жамбыл облысы, Меркі аудаындағы № 17 Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 "б"- сынып оқушысымын. Мен оқу озатымын және қоғамдық іс-шаралардың белсенділерінің бірімін. Өзім би билеп, ән айтып, домбыра тартқанды ұнатамын.......
Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар......
Ерте, ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда, бір орта шаруалы адам өмір сүріпті. Сол адамның үш баласы болыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, күндерде бір күн бұл адам ауруға шалдығып, өлер халге жетіп, өлер алдында, көзінің тірісінде, өз қолымен бар дүниесін үш баласына бөліп бермек болып, үш баласын қасына шақырып алады. Сонан балаларына кеңес етіп, сөзін бастайды: «Өмір өтті, уақыт жетті, мен енді өлер халге келдім, енді өз қолыммен тең етіп, дүниені бөліп бергелі отырмын», – деп сөзін аяқтады. Ең бірінші үлкен баласын шақырып алып......
Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты - Ахмет, ортаншысы – Сахмет, кенжесі – Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше, ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!» – депті. Әбдірахман патша мұнысын мақұл көріп: «Балам, айтқаның болсын, әуелі үйге барып, қолыңа жүген ал, жылқыға барып, қалағаныңды ұста, ер-тұрманыңды сайла, қару-жарағыңды ал, алты айлық азығыңды ал да маған кел, барар жол, қылар ісіңді кейін айтамын», – дейді......
Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелермен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функцианалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады. Торша тұлғасы- денесі, қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейрит немесе аксон және ұшы немесе терминалдар. ....
Тарих – бүкіл адам баласының бойынан өткізген жағдайын тарихи тәжірбиесін баяндайды, тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқарған қызметін дұрыс анықтай алады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тарихын оқып үйренудің қажеттігі туралы: «Бұл тәуелсіз.......
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқүрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді. .....