Құлазып құм жамылған, кәрі Бетпақ, Тауы мұрт, селеу сақал барлығы аппақ, Жайлау ең тасбақа мен құртқа ғана, Сарғайған сарыдала ең қойған қақтап. Көктемде қызғалдағың......
Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі. .....
Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді. Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып......
Жел тез күшейіп келеді. Аппақ болып сіресіп жатқан адырдың жалпақ жоталарында бірін-бірі қуалап, өрнек сызып, құбылып сырғыған күміс борасын қарауға бір түрлі әдемі әсер еді. Бірақ жел үдеп ышқына түскен сайын шаңдатып, тозаңдатып, кәдімгі ақтүтек кәрлі боранға айналды.
Боранмен араласып, бірінің соңынан бірі шұбап, шаңғышы жеті бала келе жатыр. Бұлар «Бірінші Май» сегіз жылдық мектебінің оқушылары. Алдағы болатын шаңғы жарысына әзірлік жасап, шынығып жүрген спортшылар.
Бұлар ауылдан бағана ауа райының тыныштық кезінде шыққан болатын. Содан қырқаны қырқалап отырып, Тереңөзектегі диірменге дейін жетті. Онда таныс диірменшінің үйінде ыстық шай ішіп, біраз әлденіп, тынығып алым, енді қыстаққа қайта қайтқан беттері. Үйге дейін әлі де оп шақырым шамасындай жер бар шығар.
Шаңғышылар боранға бір қырын қарсы жүріп келеді. Ауа райының бұл тәрізді тентек мінезіне тап болармыз деп ойламаған олар үйлерінен жеңіл киімдерімен шыққан еді. Құлақ мойындарына қиыршық қар сабалап, бүйірлерінен ызғырық өтіп тоңа бастады.
Кешке қарай болған соң аяздың да күшейе түскен түрі бар.
Бағанағы өздері жүріп еткен шаңғы ізі әлдеқашан тып-типыл болған. Шаңғышылар күртік қардан, соныдан жол салып, күшпен жүріп келеді.
Долы боран ішін тар.тып, бірден-бірге асқына түсті. Бейне бір аяқ астынан қояншығы ұстағандай үдеп, құтырынып кетті. Бір бағытпен соғуды және де қойып алды. Біресе, арттан, біресе алдан сабалап, кейде құйын боп ұйтқып, шырмап алғысы келді. Аспан да, жер де бірөңкей ақ түтекке айналып, енді тіпті қай тұста не бар екенін білу мүмкін болмай барады.
Шаңғышылардың ең алдында бірінші болып келе жатқан жауырынды қаблан бала Жолдыбек — шаңғы үйірмесінің старостасы. Осы жорыққа мұрындық болып, бастап шыққан да сол еді. Жолдыбек әлсін-әлсін алдан артындағы жолдастарына көз салады. Ақ тозаңның ішінен қарап елең көрініп келе жатқан балаларға: .....
М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді. Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды. Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген. Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. ....
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған ....
Польша Республикасының жер аумағы – 312,7 мың км. Астанасы – Варшава қаласы. Әкімшілік жағынан провинцияға бөлінеді. Ұлттық мейрамы - қараша – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – злота. Мемілекет басқарушысы – президент. Польша Германияменр және төрт батысевропа елдері – Ресей, Литва, беларусия және украйна елдерімен шектесіп жатыр. Польша барлық елдермен қалыпты және болжамдауға болатын қатынастарды орнатуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатты жүргізіп келсді. Сыртқы саясатта Польша әлемнің көп түрпатты құрылымының принциптерін басшылыққа алады. Варшава халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен бслсенді түрде ынтымақтасып келеді. Қазақстан Республикасының егемендігін алғашқылардың бірі болып таныған Польша біздің елімізбен жан-жақын қарым-қатынас орната бастады. Әңгіме шын мэнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айіқындайды, мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталган сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды ,екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне — стратегиялық эріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді. Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар қызығушылығы бар. Біріншіден. Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат көздеріне бай болуы, қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ. Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы байланыс дэнекері рөлін атқаруда. ....
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.....