Тойғара ханшайым (т.ж.б. -1805) - Нұралы ханның қызы. Ақылына сай сұлулығымен ерекшеленген, Ресейдің жоғ. мәртебелі ортасына танымал болған тұлға. Белгілі тарихшы, ғалым А.Рязанов «Сырым батыр» кітабында: «Орынборда Нұралы ханның қызы Тойғара ханшайым өмір сұрді. Оның жолдасы .....
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды.......
Жалпы айтыс қазақтың көсемдігі мен шешендігінің бір дәлелі іспетті ұлттық өнер.Ал айтыстың көшін алға сүйреушілер ақындар. Ақындық кез-келгеннің басына қона бермес бақ,олар орасан зор дарын иесі.Әу демейтін қазақ жоқ дегенде бар бірақ,саxнаға шығып сенім артқан xалықтың үмітін ақтай отырып,табан астында сөз таба білу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Ендеше осынау ғазиз өнеріміздің біздің өміріміздегі орны мен бүгінгі өресі жайында...
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле–өлгенше соны таныр қиядан. Өнер–білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан, Ата–анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы–жаман болса, бала–соларда», деп, ХI ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата–аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт–бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата–ананың балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата–ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді. Ата–ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?! ....
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып 27 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.- Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халықболыпқолдауымызқажет.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты......
Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. .....
Қонысбай ғажайып бір түс көрді. Түсінде қап-қара киім киініп, цирк аренасында тұр екен. Басында күмбез тәріздес қара сәлде, қолында қылтырықтай таяқша, кәдімгі жұрттың көзін байлағыш сиқыршының өзі дерсің!
Ол жан-жағына көз тастап, көпшілік қауымға ойлы көзбен қарады. Бәрінің де жүздері солғын, жадау тартқан. Алдыңғы қатардан «нан» деп жылаған жас балалардың ащы да аянышты даусы естіледі. Қонысбай таяқшасын бір сермеп, селтиіп тұрған цирк қызметкерлеріне ишарат білдірді. Олар табан арасында үлкен бір ақ тандырды дөңгелетіп аренаға шығарды. Сиқыршы бала тандырдың аузын жылтыр қара шүберекпен жапты да өлеңдете жөнелді.
Жомарт тандыр, ақ тандыр,
Мына жұртты шаттандыр.
Әмірімді ал, ұққын.
Қарнын тойғыз халықтың!
Қаптың аузы сөгілсін,
Аузыңнан нан төгілсін!
Айтқандай-ақ, нан дегеніңіз тандырдың аузынан қайнап шыға бастады. Тап-таза бәрі бидайдың ұнынан жасалған, буы бұрқыраған арайлы да ажарлы кәдімгі нан! Түйенің көзіндей күлшелердің асты қаудырақ, үсті том-томпақ, аузыңа салсаң ериін деп тұр әншейін. Шайнамай-ақ жұта салуға болады. Жұрт мәз-мейрам. Бөбектердің қолында бір-бір күлше. Жүздерінде күлкі ойнайды. Бүкіл көрермендер сиқыршы балаға алғыстарын айтып жатыр. .....
[quote]12 және 8 сандарын алып, олардың бөлгіштерін жазайық: 12={1,2,3,4,6,12} 8={1,2,4,8}7 12 және 8 сандарының ортақ бөлгіштері бар. Олар: 1,2,4 сандары. Бұл сандардың арасындағы ең үлкені - 4 саны. Оны 12 және 8 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші деп атайды. Осы ұғымдарға анықтама берейік. Анықтама: Натурал а және b сандарының ортақ бөлгіші деп осы сандардың әрқайсысына тиісті бөлгіштерді айтады. Анықтама: Натурал а және b сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) деп ортақ бөлгіштердің ішіндегі ең үлкенін айтады. а және b сандарының ЕҮОБ-ін Б(а; b) түрінде белгілейді. СондаБ(12, 8)=4. ЕҮОБ-нің кейбір қасиеттерін көрсетейік. Бұл қасиеттер дәлелдеусіз қабылданады. 1°. Кез келген натурал а және b сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші әрқашан бар және ол жалғыз. 2°. а және b сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші сол сандардың кішісінен артық болмайды, яғни, егер а< b болса, онда Б(а, b)
XXI век - век науки и технологии. То, что казалось далеким и немыслимым, в настоящее время, является неотъемлемой частью жизни человека и в частности, это компьютеры. Компьютер - это программируемое электронное устройство, способное обрабатывать данные и производить вычисления, а также выполнять другие задачи манипулирования символами (т.е. компьютер - это комплекс программно-управляемых электронный устройств). Цель работы: Разработка и создание электронного учебника по изучению архитектуры ПК в средней школе, который можно использовать при преподавании информатики для учащихся 7-х классов, а также для самостоятельного изучения. Объект: Разработка и создание электронного учебника по изучению архитектуры ПК . Предмет: Электронный учебник по изучению архитектуры ПК в 7-х классах. Новизна состоит в том, что в работе представлена интерпретация данной темы эффективными средствами Macromedia Flash. Данная тема является актуальной на сегодняшний день, так как происходит бурное развитие компьютерных технологий, и они превосходят все наши ожидания. В процессе эволюции, меняется не только внешний и внутренний мир, но, в целом изменяется и работа компьютера, а это значительно облегчает труд и время человека непосредственно ведущего работу на нем. Процесс взаимодействия человека с ЭВМ насчитывает много лет. Благодаря разработке и внедрению микропроцессоров в структуру ЭВМ появились малогабаритные, удобные для пользователя персональные компьютеры. Определение «персональный» возникло потому, что человек получил возможность общаться с ЭВМ без посредничества профессионала-программиста, самостоятельно, персонально. При этом не обязательно знать специальный язык ЭВМ. С развитием вычислительной техники расширяется сфера ее использования. В данной работе уделяется особое внимание рассмотрению персонального компьютера, как отдельной единицы. Мы попытаемся проникнуть внутрь машины (именно внутренние устройства являются центральной частью компьютера отвечающих за работу и производительность, а значит, именно на их развитие было обращено все внимание на протяжении многих лет) и, проанализировав понять, в чем же суть развития ПК. Наука не стоит на месте. Практически каждый год в мире техники появляются новинки. Еще несколько десятков лет назад, кто бы мог подумать, что компьютер, который был неподъемным и пугал своими габаритами, в процессе совершенствования может уместиться в обычной сумке, удивительно, но это факт. Компьютеры так прочно вошли в нашу повседневную жизнь, что обойтись без них практически невозможно. Волей или не волей, человек даже не задумывается, но практически всю свою деятельность мы осуществляем на ПК, не зависимо работаем ли мы на своем рабочем месте, либо проводим досуг в сетях Интернета. С помощью ПК мы храним свои цифровые архивы, общаемся с друзьями и реализуем свои потребности в творчестве. Уже сегодня пользователям глобальной информационной сети Интернет стала доступной любая находящаяся в хранилищах знаний неконфиденциальная информация. Именно поэтому важно знать основные принципы работы и устройства компьютера, а также его составные элементы. Конечно, легко говорить о компьютерном мире сейчас, когда компьютер не нуждается в доработках - он можно сказать, уже совершенен, хотя изменения были, есть и всегда будут, так как человечество пытается добиться совершенства во всем. ....