Ертегі: Айлалы тазша

Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның сұлу әйелі болыпты Заманындағы ханның баласы сол әйеліне ғашық болып жүреді екен. Хан баласы бір түнде келіп, тазшаның әйелін оятыпты.

Сонда әйелі тазшаға:

— Ханның баласы менің мазамды алды, – дейді.

Тазша айтыпты:

— Олай болса, мен бір жаққа жолаушылап кетейін де түнде қайтып келіп, аңдиын. Егер хан баласы келе қойса, оны ұстап алып өлтірейін! – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Тісіңіз ауыра көрмесін


— Әлі есімде,— деп бастады Ермек сөзін,— бұрнағы жылы тісіме нан тиіп кеп кетіп еді, отыз тісім зар қақсап жүріп берді. Содан кәне тамақ іше алсамшы. Біреу ыстық, біреу суық іш деп басымды даң-даң қылды. Бәрінің де айтқанын істеп үлгердім. Бірінен болмаса екіншісінің емі қонып қала ма деген оймен айтқанды мүлт жібергенім жоқ. Тіпті тойғанымша чеснок та жедім. Көбірек жеп қойсам керек, ішімді ауыртып бәлені салғаны бар емес пе? Тістің емін іздеймін деп екі ортада ішімді ауыртып, «қайдан жедім бауырды, ішім жаман ауырдының» керінің келгенін көрдіңіз бе?

Енді емі қонып қала ма деп әлі де әркімдердің айтқанын істеп жүрмін. Кесеге ыстық суды құйып алып, ішіне бір уыс қаратікен тұзды салып, ұрттап та көрдім. Ауырғаны қояр емес, қақсағаны былай тұрсын, енді сыздап та бәлені салды. Көп емшінің бірі, ашутас пен тотияйынды күйдіріп ыстықтай тісіңе бас дегенді айтты.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Алып қара құс – Cамұрық

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен.

Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Демократия туралы жалпы түсінік

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің типі мен жалпы жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи т. б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық билігін» жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. 5- ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтыңнегізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі,біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсатында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босап кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Статистика

Статистика пәні халықты эеономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді.Бұл жиынтықты өзгерістің бағытын заңдарын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін және ғылыми қағида бойынша іріптеліп алатын өкілдердің зеріттеуге қатыстыру керек.Statistic термині латынның-статус деген сөзінен шыққан,ол белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы Ахен Валь өзінің мемлекеттерді басқару деген еңбегінде келтірген.Жалпы статистика ұғымы үш мағынаны білдіреді:
1) Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2) Статистика деп-статистика тәжірибесіне қажетті ережелермен мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3) Статистиканың белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорынның әлеуметтік-экономика жағдайы туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.Статистикалық әдістерді өздерінің қолданысына байланысты және бірінен соң біріне жалғастырып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1) Статистикалық бақылау-яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2) Жиналатын мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау,өңдеу,жинақтау.
3) Жинақталған,өндірілген,топтастырылған мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.
Осы аталатын әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер және зерттеу кезеңі деп аталады.Сонымен қатар статистика әдісінің құрамына жалпылай және ішнара байқау,топтау және тұжырымдамаға сипаттама жасау ұғымдары кіреді.Белгілі бір жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көптілігін статистика жиыны деп атайды.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистика заңдарының тұрғысынан тұжырымдап жасағанда болмайды.Халықтың бірлігіне адам тұрғыдан өнеркәсіптің бірлігіне кәсіпорын ауылшаруашылығының бірлігіне фирма жеке шаруашылық иесі жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер

1.Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ).

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Пиелонефрит

Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.



Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.



Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:



1. Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.



2. Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.



3. Лимфогендік /гематогендік сияқты/. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Фронтит

Фронтит (лат. frons, frontіs — маңдай және іtіs — қабыну) — маңдай қуысының қабынуы. Ауру мұрын қуысындағы патогенді микроорганизмдердің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда болады. Фронтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Фронтит ринит, тұмау, қызылша, т.б. жұқпалы аурулардың салдарынан дамиды. Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды, қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай алмайды, көзден жас тоқтамайды. Дене қызуы алғашқыда 38 — 39°С-қа көтеріліп, содан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар, полиптер анық көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин, галазолин, назифин, назол, т.б. тамшыларын құяды, физиотерапия тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптер қайта-қайт пайда бола берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Бөтелке құдіреті

Шопанның әңгімесі

Осы бір аяғы түскір түніменқақсап, көз ілдірмеді. Бұл аяқты жігітшілік күрес сайысында немесе көкпар тартысып жүріп мертіктіргем жоқ. Бұл кемістік — кешегі Германия соғысынан жабысқан пәле Мал бағып, ат үстінде жүргендіктен, бізге протез дегеніңіз тым қажет нәрсе. Сол жасанды аяғым тозып қалып, бұл күнде ит қорлықты көріп жүргем. Әй, өз аяғыңа қайдан жетсін!..

Осыдан үш ай бұрын қаладағы протез заводына заказ берген едім, аяқ орнына қол салып жіберіпті. Өзім бармасам іс бітер емес. Бір отар қойды бәйбішем мен балама тапсырдым да, ала қоржынымды арқалап жолға шықтым.

Үлкен жолдың үстінде қарақшыдай қақшиып тұрмын. Бұ жақта автобус жүрмейді. Оқта-текте зу-зу етіп жүк машиналары ғана өте шығады. Қол былай тұрсын, аяқ көтерсең де тоқтайтын емес.

Көксоқыр шоферлардың көңілі кейде көл, кейде шөл ғой. Әсіресе, олар бүгін ашулы сияқты.бәрі де қатайып алған, тіпті, бұрылып та қарамайды. Қаншама уақытым босқа өлді-ау! Ала кетсе машинасының майы таусылатындай, қап мына шіріктердің бәлсінуін-ай! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ұры емес қоғам кінәлі ме

Теледидарда немесе бас қосқан жиындарда қоғамдағы келеңсіздіктер талқыланып жатады. «Ұрлық, алаяқтық көбейіп кетті, арсыздық, ұятсыздық өршіп кетті, қоғам бұзылып бара жатыр» деген сияқты тақырыптар қозғалады. Сонда біреулер «Ұры кінәлі емес, қоғам кінәлі» десе, екіншілері «Ұрламағанда қайтсін енді, жоқшылық бас сауғалатқанда амал бар ма?!» деп әңгімеге май тамызып отырады. Негізінде, ойлап қарасақ, ұрлық пен кедейліктің еш байланысы жоқ. Ауқатты отбасыдан шыққан ұрылар мен әлімжеттілік қылатын баскесерлер елде жетіп артылады. Қаншама кедей отбасылар бар адалдық шеңберінен шықпай, ар-ұят, адамгершілік қағидалары аясында берекелі ғұмыр кешуде. Біреудің ала жібін аттау ойларына да кірмейді.

Ал қоғамдағы келеңсіздіктердің шешімін халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов жақсы түсіндірген екен: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адам­шы­лықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қа­зығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар.»

Иә, адалдық пен ар-ұят бір-бірмен тығыз байланысты қасиет. Мәселенің бәрі тәрбиеге келіп тіреледі. Ата-бабамыз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген емес пе?! Сондықтан бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлу керек. Бала-шағаға кішкентайынан ешкімге қиянат жасамауды, ешкімнің ақысын жемеуді, адал болуды, ар-ұятты болуды жақсылап үйрету керек. Адал болуды, ар-ұятты санасына сіңіріп өскен бала ешқашан ұрлыққа, опасыздыққа бармайды. Өзіміз де ар-ұятқа жіті мән берейік. Ар-ұят түзелсе, қоғам да түзеледі.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0