Реферат: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс

Жаңа индустриалдық кезең. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық – Еуропа мемлекеттері мен Америка елдері үшін әлеуметтік – экономикалық және саяси – қоғамдық өзгерістерге толы кезең болды.
Өнеркәсіп – экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір,темір,түсті металл ,мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мейлінше артты. Өнеркәсіптің дамуы көлік саласының рөлін арттырып, ірі темір жол магистральдарын және тас жол салу ісі жалғасын тапты. Көліктік техника мен жаңадан салынған жолдар капиталистік индустрияландырудың құрамды бөлігіне айналды. Өнеркәсіп орындарында өнім сапасын арттыру мақсатымен жаңа технологиялар енгізіле бастады.
Жаңа технология мен техника , қоғам дамуының дем беруші күшіне айналды. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны пайдалануда алдыңғы қатарға көтерілді. Шветция ,Италия, Ресей, Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті.
Ал Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген елдерінде индутрияландыру тіптен басталған жоқ болатын.
Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Еуропа елдерінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысында маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқарудың екі негізгі формасы - монархия және республика қалыптасты.
Монархия басқару формасы ретінде, мемлекет басында монархтың тұруымен сипатталды. Ол қайсыбір биліктен, органнан немесе саилаушылардан тәуелсіз билікті қолына алды. Монарх – мұрагер мемлекет басшысы болып табылды. Ол өзінің бұл қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден өтерінде ғана оны мұрагерінің қолына өткізеді. Тарихта монархияның екі негізгі түрі – абсолюттік және конститутциялық формалары белгілі.
Абсолюттік монархия – монарх билігінің , оның құзырының шексіздігін білдіреді. Биліктің мұндай түрі Ресейде,Австро-Венгрия мен Германияда болды.
Конституциялық монархияның айырмашылығы сол,мұнда мемлекет билеушісінің:монарх,король,император,хан,сұлтан билігі шектеулі.Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге тиесілі болады-монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске). ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Шведцияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Азаттық туы астында

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп кқрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен,- деп басталатын әр сөзі саф алтындай салмақты: өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр.
Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді,......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Антропогендік ландшафт

Тірі ағзалардың жағдайының өзгерісіне байланысты дамып, жетіуін эволюциялық даму дейді. Ол тірі организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыптау процесі арқылы жүзеге асады. Экологиялық жағдайға бейімделу тірі организмдердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін ұрықтану, төлдеу, көбек таралу ерекшеліктерін, формасыон түсіну, физиологиялық әрекетін, мінез – құлқынт.б. толық қамтиды. Атап айтқанда суық белдеудің өсімдіктері жатаған, жануарлары түкті, құрғақ белдеудегі өсімдіктер жапырақсыз ал жануарларының терісі мүйізденген болады. Тірі организмдердің ортаның экологиялық жағдайына бейімделуі табиғат ырғақтығына да байланысты. Мысалы, Қазақстам территориясында маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Сондықтан өсімдіктер де, жануар-лар да жылдын жылы мезгілдерінде өнім беруге, суық мезгілдерінде бойына сіңірген нәрін, жинаған азықтық қорын үнем етіп, тіршілігін жалғас-тыруға өніп - өсуге, көбеюге бейімделген.
Чарльз Дарвин дамытқан эволюциялық теория бойынша өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзгергіштік қасиеті болады деп қарастырады. Олардың өзгергіштік қасиеті ортаның экологиялық жағдайының әсері мен тірі ағзалар мүшелерінің және олардың әрекеттерінің арасындағы корелляциясына (өзара байланыстылығына, арақатынастылығына) байланысты болады да, бір түрдін өзгерісі екінші түрдің өзгерісін туындатып отырады. Мы¬салы, климаттың өзтерісіне байланысты тас көмір дәуірінде құрлық беті өсімдіктері жетіліп, ормандар өсті, осыған орай құрлық бетінде бауырымен жорғалап жүріп тіршілік етуші жануарлар ағаштан ағашқа секіріп, одан ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Демек, бауырымен жорғалаушы жануарлардың прогресті бағыттағы дамыған өкілдерінен орман ландшафты сына бейімделіп сұрыпталған құстар (Архиоптерикс) пайда болған. Алайда сұрыпталу процесі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуы тірі ағзалардың тұқым қуалау-шылық қасиетіне байланысты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қоянның айласы

Бір күні алыс сапардан шаршап, болдырып келе жатқан түлкі жол жағасында жортақтап жүрген қоянды көріпті. Сонан соң түлкі ауырған болып, қоянның жолына сұлай кетеді де оны қасына шақырады.
– Қоянжан-ау, қоянжан! Неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, халімді неге сұрамайсың? Жақынырақ......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Іс әрекет психологиясы

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж тәсілімен тізбектелген төрт сабаққа кіріктірілген «Сыни тұрғыдан үйрету» модулі туралы

Сыни тұрғыдан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХ ғасырдың 70 – жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталады. Бірте – бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан. Ол қазақ халқының атамекені. Бұрыннан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, Шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Франция, он екі Бельгияға пара-пар ел. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында тоғызыншы орын алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – Қазақстанның егінді көп беретін өлкесі, Қостанай қаласы! Ол - ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы.......
Шығармалар
Толық
0 0