Шығарма: Қазақстан - алтын бесігім

Жер шарындағы кез-келген адамның Отаны, туған жері болады.Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден- ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдар мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», – деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
– Екеуіміз бірігіп берік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді. Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жетімнің ақысы

Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.

Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......
Ертегілер
Толық
1 0

Ертегі: Тоқсаба мен тоғыз жасар бала

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.

– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.

– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.

– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қыран мен құзғын

Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп:
— Қарғам, екеуіміздің де тегіміз - құс. Бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты.
Сонда қарға:
— Сендер ылғи жемтікті ......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Операциялық жүйелер мен олардың атқаратын қызметі

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.
Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді. ....
Рефераттар
Толық
0 0