Реферат: Сана құрылымы Сананың пайда болуы

Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді.
Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады.
Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Атайдың қулығы

Мектептен қайтып бара жатқан кіп-кішкентай қыз, пәтер баспалдақтарынан әрең көтеріліп бара жатқан қарт атайды көріп қалады . Қолындағы ауыр жүкті көзі шалып , егде тартқан атайдың жанына келіп

-Ата қолыңыздағы жүктің жартысын маған беріңіз, - деп күлімдейді.

Ақ сақалды , нұр жүзді атай қыздың әдептілігіне қайран қалады. Үйіне жеткенше кішкентай қыздан

-Арманың не қызым? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Баяндама: Көркем әдебиетке қызықтыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту

Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің тыныс-тіршілігі ,рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады.Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі - сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде.
«Рухани тоқырау ой тоқырауының салдары»,-- дейді ғұламалар.
Сол ой,сана, сезім,түйсік дегендерді қалыптастыру жауапкершілігі тіл.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі

«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шығыс Азия

18 ауданға (аймаққа) және 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан және Эрдэнэт) бөлінген. Монғолия тәуелсіздігін 1924 жылы қарашада жариялады. (Қытайдың құрамындағы бұрынғы Сыртқы Монғолия). Ұлттық мерекесі – 11 шілде – халық Төңкерісі Күні.
Халқы – 2493 615 адам (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге - 2 адам. Тұрғындардың басым бөлігі (90%) – монғолдар, қазақтар - 4%, қытайлар - 2%, орыстар - 1%. Мемлекеттік тілі – монғол тілі, сонымен қатар орыс және қытай тілі таралған. Басым көпшілігініњ діни наным-сенімі – буддизм, халықтың 4%-ға жуығы исламды уағыздайды.

Шаруашылығы. Экономикалық қызметі дәстүрлі ауыл шаруашылығына негізделген (Монғолия дүние жүзі бойынша жан басына шаққандағы үй шаруашылығында мал санының көптігімен ерекшеленеді). Кен өндіру өнеркәсібі (көмір өндіру, темір рудасы, мыс, молибден, вольфрам, қалайы, алтын) негізгі салалардың бірі. Балық және орман шаруашылығы экономиканың маңызды секторы. Қазіргі кезде ел экономикасы орталықтан жоспарлаудан нарықтық экономикаға өту кезеңін бастан кешіруде. Ақша бірлігі – тугрик. Негізгі серіктес елдері – Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

Конституциясына сәйкес егеменді социалистік мемлекет, іс жүзінде елде коммунистік тәртіп сақталған, құрамына – 9 провинция жғне 2 орталыққа бағынысты қала кіреді. Астанасы – Пхеньян. КХДР 1948 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялады. (бұрын – Жапон империясы құрамындағы Чосун провинциясы). Мемлекет басшысы – президент, оның билігі шексіз. Жоғарғы заң шығарушы органы – Жоғары ұлттық жиналыс.
Халқы 23 486 550 (1995) адам, орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 195 адам. Этникалық құрамы біртектес яғни елдің барлық тұрғындары – кәрістер, небары 1%-ға жуығы - қытайлар. Мемлекеттік тілі – кәріс тілі. Дәстүрлі діндері – буддизм жғне конфуциандық, алайда, қазіргі кезде діни уағыздар жасалмайды.
Шаруашылығы. Елдің өнеркәсіптік дамуының негізін гидроэнергетикалық қорлар мен көп көлемді пайдалы қазындылар құрайды. Негізінен өндіру саласы (көмір, темір, магнилік рудалар, графит, мыс, қорғасын, мырыш) және ауыр индустрия дамыған. Экономиканы мемлекеттік бақылау коммунистік елдерден де қатал жүргізіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұжымдастырылған. Жұмысқа қабілетті халықтың 36%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, негізгі өсірілетін дәнді-дақылдар – күріш, жүгері, соя, картоп, дәнді-бұршақ. Солтүстік Корея экономикалық даму қарқыны мен күнкүріс деңгейі жағынан Оңтүстік Кореяға қарағанда көп артта қалуда. Ақша бірлігі – КХДР вонасы. Негізгі серіктес елдері: Ресей, Қытай, Жапония, Германия, Гонконг, Сингапур. Елдегі порттар: Вонсан, Нампхо, Чхонджин, Хыннам. 9 провинциядан тұрады, Сеул және Пусан қалалары ерекше әкімшілік статусқа ие. Корея республикасы тәуелсіздігін 1948 жылы 15 тамызда жариялады. Атқарушы билігі бір палаталы – ұлттық жиналыстан тұрады.
Халқы 45 552 882 (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 463 адам. Этникалық құрамы бір халықты: елдің барлық тұрғындары – кәрістер, аз ғана бөлігі – қытайлар. Ресми тілі – кәріс тілі. Халықтың 27%-ы – буддистер, 24%-христиандар, қалған дінер – конфууиандық, чондокьо. Қызмет көрсету өрісінде жұмысқа қабілетті халықтың -52%, өнеркәсіпте - 27%, ауыл шаруашылығында - 21% жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0