Астана тұрғыны полицияға Әліби Жұмағұлов оның ноутбугын қайтармай жүргені туралы шағымданды деді елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.[1] Шығармалары
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" .....
Алғаш рет мектепке келгеніңде саған оқуды, жазуды үйрететін әрине мұғал імдеріміз. Мектепте мұғаліміміз бізге көп көңіл бөледі, түсінбегенімізді түсіндіреді. Біздің білімді болуымызға себепші болып отырған мұғаліміміз ол — сынып жетекшіміз Шарипова Сусар апайымыз. ......
Мәңгілік Ел болуға Қазақ елінің Ерлігі береке мен бірлігінде, ұлтаралық татулығында, дана басшылығында болады. Елбасы бастады, халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қостады, осының арқасында ұлттық тәуелсіздікке, қазіргі өркенге қол жеткізді. БІздер үшін Тәуелсіздігіміздің құндылығына жететін еш нәрсе жоқ. Өйткені тәуелсіздіктен айырылсақ басқасының бәрінен айырылып орны толмас өкініште қаламыз. Мәңгілік Елтуралы өлең жолдары....
Бір ұйықтап бір оянып кете бердім. Кешегі күнен бүгінгі күн ауырлау екенін жүрегім сезіп-ақ тұр. Әйтеуір жанымда бас тірегім, қасқағым мына жалғандағы сырласым, өзіме құрдасым, өзіме жырласым, өзіме жауым, өзіме асқар тауым, кәрі болсада мен үшін сол жастық шағында қалған жүрегім мына ақсақал бар. Әрине оңып тұрған олда жоқ, бірақ менің жанымда отырып өзін өзі жегідей жейтіні белгілі. Төсек тартып, ұл қызымның қолына қарап қалғаныма міне бес күн шамалас болып қалды. Күнімен түнімен кіріп шығып мазасызданып жүрген бірақ жан ол осы шал. Әрине оныңда ойын мен бір қарағанан-ақ түсініп аламын. Баяғыдан Алладан сұраған бір арманы бар еді осы жарым Күнімжанның алдынан өтіп кетсем арманым болмас деп. Кейде маған қарап жылапта алады, кейде тұнық ойға батып кетеді. Қолымнан ұстап айналдырып әкетіп бара жатқан ауруымды бір мезетке болсын басатын емшім осы екенін қайран жүрек осы кезде сезді. Жаным тығырыққа тіреліп, тұрсам опақ отырсам сопақ болып отырған мына менің қылықтарыма көнетін осы шалдан басқа адам жоқ. Талай нәрсені бір болып көрдік көтергенімізде болмады көтергенім ізде болды. Талай күліп талай жылап едік. Ұлдарымызды ұяға қыздарымызды қияға шығарып тәрбиені бердік. Ауырғалы бері жанымда кіші қыз жатыр. Шалымды басқа бөлмеге бөліп тастады оған төзетін біздің тарлан барма түнде қоштасып кетіп бір екі сағаттаң соң жаныма қайтып келеді сонда маған қарап. -Айымда сен Күнімде сен Жаным бір тербеледі күлімдесең Жанымда сен бағымда сен Сүймесем сені сәулем дәл бұлай сағынбас ем деп келіп жаныма отыратын қайтейін меніңде кетер уақытым жетті. Оным маған деген махаббаты менің жүрегімді жандырып сағыныш сезімі ояна бастағанын сезген едім. Осыған дейін бар сырын маған айтып бар арманын менімен бөлісіп отырған шалды жанымнан жырақтата алмадым. Кейде бұрылып оғанда қарап қоям бес күнен бері өзін өзі жеп қойған, бет-жүзінде үміт пен арманның кейпі көрініп тұр......
Республикамыздың аумағында кездесетiн мол табиғат ресурстары тиiмдi және тиiмсiз жолдармен игерiлiп келедi. Әcipece қазба байлықтарды өндiру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндiрiстерiнде кен қазғанданда табиғат орасан зор зардап шегедi. Оның үстіне елiмiздегi полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады. Семей өңiрiндегi сынақ аймағының радиоактивтi заттармен ластану деңгейi өте жоғары. Осы аумақта шоғырланған 154 өнеркәсiп орнынан жылына 294 мың т улы химиялық заттар қоршаған opтaғa таралады. Мәселен, Семей қаласы бойынша ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы жөнiндегi көрсет¬кiштерге көңіл бөлсек, мыс-100, хром-100,қорғасын-100, мырыш-300, кобальт-50, никель-50 есеге артқан. 1990 жылғы мәлiмет бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қару сыналғaн жердiң көлемi облыстарда: Ақтөбеде - 4207,5, Атырауда-1635,3, Шығыс Қaзaқстанда-11,1, Жамбылда- 2576,1, Қарағандыда - 4900, Батыс Қазақстанда - 1558,8, Орталық Қазақстанда - 19,6, Maңғыcтayдa - 21,4, Павлодарда - 717,0, Oңтүcтiк Қазақстанда - 8,1, Шығыс Қазақстанда - 941,2 мың га жердi қамтыған. Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдiң әскери ведомостволары 500-ге жуық ядролық сынақ жасап, 20 млн га шұрайлы жердi жарамсыз еткен. . Батыс Қазақстан аумaғында 1966-1979 жылдар аралырында 24 ядролық қapy сыналған. Сынақ Maңғыcтay облысында 3 рет, Батыс Қазақстанда 4 рет, ал Атырауда 17 рет жасалған. Соның iшiнде ең ipici Азғыр полигоны ғана 61 мың га жердi алып жатыр.3ерттеу нәтижелерi бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы көбейiп, цезий - 137, кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғaсын - 80, нитрат – 88 есеге apтқaн. 1988-1991 жылдар аралығында тек қaнa Тайсойған поли¬гонында 24000 зымыран сыналып, 30 мың т жанармай жaғылған. 1994 жылы 5 шiлдеде және 27 қазанда апатқа ұшырaған "Протон" зымыран тасығышынан бөлiнген гептилен уы Қарағанды облысының жерiне орасан зор қауiп төндiрдi. Оның зардабы елi белгiсiз болып отыр. Қазiргi кезде Қазақстан жерiнің 33,6 млн га жерi әскери полигондардың кecipiнeн бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумaғында барлығы 16 млрд т радиоактивтi қалдық жинақтaлған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының - 190 га, Қарaғанды облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3 га, Оңтүстiк Қазақстан облысыньщ 2 га жерiн алып жатыр. Мұны Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары мен олардағы қазiргi қалыптасқaн жaғдайлар келтiрiлген фактiлер арқылы көруге болады ....
Айыр қалпақ Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.
Сеукеле Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Ішік Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.
Кебіс месі Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Жарғақ шалбар Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Шапан қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.
Тақия Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығы мен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті. Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады. Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы- әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптік қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде. Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау туралы заң қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ қрпақтардың салтанатты өмір сүру үшін сақтау. ....