Оливер Твистің дүниеге келген жepi мен оның тууына қатысты жағдайды әңгімелейді
Толып жатқан себептерге байланысты атын атамай-ақ қойғанды жөн көріп, әрі ойдан шығарып та ешқандай атау бергім келмей отырған әлдебір қаланың қоғамдық мекен-жайларының арасында көптеген үлкенді-кішілі шаһарларда кездесетін үй — жұмыс үйі тұрды. Тап осы жұмыс үйінде, — оқиғаның осы бір кезеңінде оқырман үшін ешбір маңызы болмағандықтан айы мен күнін көрсетіп әлекке түсіп жатпай-ақ қояйын, — есімі осы тараудың басында аталған пенде дүниеге келді.
Оны приход дәрігері1 осы бір қайғы-мұң жайлаған әлемге алып келгенде, қандай да болмасын бір ат қою үшін баланың тірі қалар-қалмасы тым күдікті көрінді: негізінен алғанда бұл мемуарлар ешқашан жарыққа да шықпас еді, егер шыға қалғанда да екі-үш беттен аспас еді де, осындайлық баға жетпес сапасының арқасында кез келген ғасырлар мен кез келген елдің әдебиетіндегі барлық сақталып қалған өмірбаяндардың ең қысқа да, ең шыншыл үлгісі боп қалар еді. .....
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Ориа Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. әсіресе Қазақстанда отаралау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында 941 жаңадан қоныстанған посекелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға 0,21 десятина ғана жер келді. Ешқандай жері жоқ қазақ қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызына астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс украин қоныстну-шылырының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймқтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік имперлиастік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол пташа чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына , ірі қара малдың азаюына әкеоіп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдарлағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістанның майдандағы әскерінің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күшпен алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай құлақ шаруашылықтарына жаодап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде щенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым слық жинауы өсті. Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллирд сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқын тағы бір ауыртпалық әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.....
«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға, тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .
Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.
Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ. Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі әрине біздің жастардың қолында. .....
Астана қаласында 2017 жылдың жазы, мен үшін естен кетпестей ерекше өтті. Экспо - әлемдік деңгейде болып жатқан көрме қанша жылдардан кейін біздің еліміздің бас қаласынан орын алған. Экспо 2017- бізге берер атақ даңқы мол. Еліміз осы ЭКПО-ның арқасында жарқыраған күйіне......
Шұғыласынан нұр шашып, өз жылуымен жыл басы Наурыз да келді. Қос етек көйлектері желбіреп, үкілері үлбіреп, шашбаулары сылдырап, басқан іздері білінбей, белдерін қынай байлап, қазақ киімін киген менің сыныптастарым Наурыз мерекесіне дайындалуда. Қарағанда көз тоятын мұндай әдемі ұлттық киімге бай сән өнері, күмбірлеген күй өнері, әуелеген ән өнері, таң қалдырған би өнері, ұлттық спорт, тағылымға толы ұлттық салт-дәстүр – бәрі менің ұлтымның тамырын тереңге жайған текті халық екендігінің дәлеліндей. Мен өзімнің қазақ болып жаралғаныма шын бақыттымын. Басынан «ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» өткеріп, жетпіс жылдың үстінде қызыл империяның құрамында болған біздің елімізге, ұлттық құндылықтарымызға ......
Түн еді, жым-жырт еді, ыңсыз-шыңсыз, Айтқандай айға әңгіме көкте жұлдыз. Ақырын теңселеді биік таулар, Төменде жерге сүңгіп құдиған құз. Оппа нар жота-жота ақ қояндай, Үйіліп кесе-кесе жатыр солай. Жамылған қараңғыда......