Иә, перзент-Алланың адам баласына сыйға тартқан періштесі. Қазақ - өз баласын жетіге дейін патшасындай сыйлаған, он беске дейін шаруаға салып жұмсаған, он бестен кейін ең жақын досындай сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін қаңғыртпаған, тастамаған ел едік, қазіргі жайтпен салыстыра отырып, көне, сүрлеуі кеткен дара жолдан адаса бастағанымызға куәлік ету неткен қасірет десеңізші!......
Халықтың музыкалық творчествосы. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған. 20-дан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. ....
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырларлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. «Отан үшін отқа түс», «Отан үшін жан пида»,- деп ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ үшін соғысқа аттанды. Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері орындалды. Еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан ерлік көрсетті. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенанты Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше орден,медальдармен награтталды......
Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан .....
Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.
Көптен көрмеген ауылыма сағынып жеттім. Колхоз іріленгелі бері мұнда келе алмай жүргенмін. Арасы тай шаптырым екі ауыл бұрын екі коллективтік шаруашылық болып, қысқа жіптері байлауға келсе де, күрмеуге келмей, былай тартса арба сынып, былай тартса егіз өліп дегендей болып жататын. Осы ауылдың бірінен мен оқуға аттанып едім. Енді міне, екі ауыл бірігіп бір үлкен колхоз болған. Мына бір төбесі қызыл қаңылтырлы еңселі үлкен үй бұрын жоқ еді, әлгі колхоз председателі Айтбай салғызып алды деп менің туысқандарым шағым айтып есігімді тындырмайтын. Жұрттың көзіне сүйелдей батқан, арыз қоздырушы құрылыс шамасы осы болды. Оған жалғас мына бір қыштан тұрғызылған ғимарат ауылдық совет председателі Көбектікі болса керек.
Қысқасын айтқанда, бәрін де біліп келе жатырмын. Келмесем бұл ауылға өзім келген жоқпын, ал менің көзім бұл ауылды талай сыртынан шолған. Қай шұңқырдан үй салғызуға Айтбай қанша қап топырақ қазып алғанын, оған дөңгелек күпшегінің ұңғысы желініп кеткен елуінші жылдар ішіндегі колхоздың шиқылдақ өгіз арбасының қай жолмен қанша рет барғанын естіп, талай көз алдыма елестететінмін. Ал менің миым да бұл ауылда талай болып қайтты. Кімнің үйінде қандай өзгеріс бар, қайсысы баласын қай күні сүндеттеткені, қай шеше қызын қай күні әкесінен жасырып, түн жамылтып күйеуге қашырып жібергені, олардың арасына кімнің жеңгетай болғаны, қашқан қыздан кімнің көйлек кигені, «өлі-тірісін» қай күні, қалай, кімдердің әкелгені, құдалыққа құйрық-бауыр асаса келгендерді тұнжырап, әлде қуана қарсы алғаны бәрі маған белгілі. Өсек-аяңды жақсы тыңдағыш менің журналистік құлағымның жайын жақсы білгендіктен ауыл адамдары маған Көпенбайдың есігінің алдында жатқан жұдырықтай тасты Шөпенбайдың алдарына. .....
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.[1] Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы .....
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.
Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді.......