Өмірбаян: Дина Төлепберген (9 сәуір 1984 жылы)

Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы.
Білімі
Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген.
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі;
2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы;
2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі;
2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі;
2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Латын тілі тарихы және медицинадағы орны

Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды......
Рефераттар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Бүркіт

«Бүркіт» — бұл ойын дене шынықтыру, спорт залында, мәдениет үйінде өткізіледі. Ертеде үйде өткізілетін болған. Ойынды жүргізу үшін биіктігі 25—30 см. орындық не спортшылар отыратын ұзын орындық — сәкі қажет болады. Сол орындықтың үстіне шығып, жүресінен отырған ойыншы, екі аяғының арасынан екі қолын әлгі орындыққа не сәкіге тіреп, еңкейіп барып, жерде жатқан тақияны аузымен тістеп алуы қажет. Бұл ойынды орындағанда адамның екі тізесі шалқайып сыртына қарай көтеріледі де, дене салмағы екі қолының білегіне түседі. Ойын дене шынықтыруға, оның қуатын жетілдіре түсуге қолайлы .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ертегі: Жақсы әйел жаман еркекті түзейді

Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:

— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.

Ханның қызы айтады:

— Айтуға мен өзім де қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691-1740)

Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691, қазіргі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы маңындағы Ағыбай қыстауы – 1740, Арыстанбаб кесенесі маңы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы. Ұлы жүздің Ошақты тайпасының тасжүрек руынан. Әкесі – Тоқтабай да батыр болған. Ол кісі кезінде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (1)

Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.
Шаңсорғыш

Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.
Теледидар

Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.
Қайық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0