Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне: - Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға......
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан,- дегендей
Ертеде бір бай болыпты. Байдың жалғыз баласы бар екен. Бала ерекше болып өседі. Оның жаны кеудесінде емес, ақ бәкісінде көрінеді. Бұл ақ бәкіні байдың үйіне қонаққа келген данышпан қария тарту етіпті. Сол күннен бастап бай бәкіні ұлтарақтың астында сақтайды екен. Бірде байдың баласы жылқы бағып, түн болғанша жүріп қалады. Осы кезде түйеге мінген бір қыз сағым болып елестейді. Сонда бала сағымға қарап: — Ақ түйеге мінген қыз, жерді басып жүрген қыз, – дейді. Ал, әлгі сағым: — Ақ түйеге мінгенбіз, жерді басып жүргенбіз, зердең болса іздеп тап, – деп жауап береді. Жылқы баққан бала үйіне келіп: — Әке, маған бір сағым кездесті, соны іздеуге аттанамын, – дейді.......
Жүрегімнің түкпірінде ерекше орын алатын жансың. Қимаймын. Тоғыз ай көтеріп, түн ұйқыңды бөліп, ақ сүтіңді беріп, ақ бесіктен тербетіп қоңыр дауыспен бесік жырыңды айтып, бар мейріміңді көрсеттің де кеттің. Аз уақытта бар мейрімің мен махаббатыңды бердің рақмет саған, Мама.......
Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.
Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді. Ол жақта бәрі тыныш, бәрі тату тәтті. Түсінде адамға ұқсас аласа бойлы, қысқа қолды, екі басты беймәлім жануарды көреді. Оны жануар деуге келмес, дегенмен жартылай адам, жартылай жануарға ұқсас. Бұл беймәлім тіршілік иесі жасыл түсті, көңілді, дегенмен көрген жанға қорқынышты. Оны Хамит түсінде көріп қатты қорқады. Ол түсінде:
- Сәлем, Хамит, - дегенде Хамиттің зәресі қалмай, бұл менің есімімді қайдан біледі деген сұрақ маза бермейді. Бұл беймәлім тіршілік иесінің даусы да ерекше. Ол жақын жерде тұрса да, даусы алыстан естілгендей, бірақ құлаққа жағымды.
- Эй, адам баласы менен қорықпа. Менің есімім - Фавлун. Мен ертегілер елінен келдім. Біздің әлем сені таңдады, тек сені. Сендей бала сенің әлеміңде жалғыз. Өйткені сен біздің әлем жайлы бәрін білесің,-деп Фавлун есімді тіршілік иесі күлімсірей, Хамиттің қолына күлгін, сыртында түсініксіз сурет салынған бір жапырақ қағазды ұстатты.......
Тамырын ертедегі сақ, алыстағы ғұн, берідегі көк түрік, кешегі қазақ хандығынан алатын ұлы елім-еңсесін тіктеп,қанатын кеңге жайды. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақтың күні кеше ғана пайда болмағаны белгілі.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін ешқандай жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап, қол күшімен қатар ой күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының ерліктері бізге аманат.......
XXI ғасырдың басындағы әлемде жақсы қарқынмен дамып келе жатқан жас мемлекеттің бірі – Қазақстан.
Қазақстан – ол қазақ елі дегенді білдіреді. Осы республиканың негізгі тұрғылықты халқы қазақтардың ана тілі - түркі тілінің қыпшақ тобына жатады. Олардың діні – мұсылман суниттер......