«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Бұл қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сондықтан мен үшін мұғалім – ең мәртебелі, құрметке лайық мамандық.
Менің түсінігімдегі мұғалім – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші......
Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:
Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде.
- дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек.....
Білім саласында 12жылдық білімге көшуге байланысты елеулі істер атқарылуда .Бұл білімді де, білікті ұрпақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға байланысты туындап отыр. Қазіргі ұстазға өзгеру қажетпе десек, ол рухани жоғары адамгершілігі мен жауапкершілігі мол рефлексияға қабілеті басым , білімді ,өзін дамытып өзін көрсете алуға ұмтылып әдіснамалық қалыптасуы жоғары.......