Аяз би - қазақ ертегісі. Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: — Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер.......
Жатқанда Отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып? Ж.Молдағалиев Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Бас-аяғы үш-ақ әріптен құралған «ана» сөзінің мағынасы түсінген адамға түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да таза. Әлемдегі ең асыл, ең бағалы, ең қымбат жан деп ананы айтар едім. Халқымыз аналар қауымына жыр шығарған, қанатты сөздерге тірек еткен, ауыздан ауызға тарайтын аналар туралы әсем ән де шығарған. Ең аяғы, «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген мақал аналардың қаншалықты қадірлі адам екенін білдіргендей.......
Ежелден ел жайлаған-Атамекен, Жаз жайлау, қыста қыстақ мекен еткен, Барымталы, жортуыл замандарда, Қан төгіп, қорғап қалған жұмақ екен... Еркебуланов. Қ .Қ. Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиеттіқазақ топырағында өсіп -өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.......
Көркем табиғатымен, жайсаң тұрғындарымен ерекшеленетін Амантоғай ауылының мен үшін орны бөлек. Амантоғай ауылы - менің туып-өскен мекенім. Жайдары жандары, өзен-көлі, кең жазыққа ие байтақ даласы, табиғатты әсем етіп өрнектеген жануарлары, бәрі-бәрі маған ерекше ыстық болып сезіледі. Бұл жерде менің ой-санам қалыптасып, болашағымның іргетасы қаланды. Алғаш дүние есігін осы жерде айқара ашып, жарқын өмірге де......