Балабақша сабақ жоспары: 1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Айын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
- Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін!
Елбасымыз аман болсын,
Еліміз тыныш болсын!
- Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.
- Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
- Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, өте жақсы көреміз.
- Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Менің атым Қожа


БІРІНШІ ТАРАУДА

Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады.

Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сальвадор Далидің қанатты сөздері

Бүгін – әйгілі суретші-сюрреалист Сальвадор Далидің туған күні. Испан суретшісі, график, мүсінші, режиссёр, жазушы Сальвадор Далиді білмейтін адам кемде-кем шығар.

Дали туралы ойланғанда жазушы Таласбек Әсемқұловтың Асқар Сүлейменов туралы жазған.....
KZ
Толық
0 0

Шығарма: Достық

Адамдар бір –бірімен дос болу керек. Сенің досың әрқашан саған қол ұшын береді. Бірақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Құйыршық

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Балалары болмапты. Мал дегенде, бес ешкі, бір қартайған қара нары ғана бар екен.
Бес ешкінің біреуі қашаған болыпты. Бір күні шал оны сауғызайын деп, қуаласа, оңайлықпен ұстатпайды. Діңкесі құрып, ыза болған шал:
— Әй, шешек келгір! – деп, құйрығынан шап беріп ұстай алыпты. Қаттырақ жұлқып қалса керек, құйрық үзіліп, қолында қалып қойыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ тілін жақсы көремін

Мен 4 сынып оқушысымын. Бастауыш буынның ең соңғы сыныбында оқып жүрмін. Осы бірнеше жыл ішінде бізге әртүрлі мұғалімдер сабақ беріп, бірнеше пәндерді оқыдық. Пәндер әртүрлі және қызықты. Әр пәннің өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ беретін мұғалімдер де, әр жыл......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ана - күннің шуағы

Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаңда, қарызыңды өтей алмайсың» деп бекер айтпаған.......
Шығармалар
Толық
0 0