Ай өзені Оралдың солтүстігі, Ай секілді жалтырайды қыс күні. Жай бұрқанып жазда ұрады жағаны Ақ көбіктер — ақ найзағай ұшқыны. Кімдер екен өзенге Ай деп ат қойған, Әлде біреу бақыт күтіп жатты айдан? Ай секілді Ай өзені сап-салқын, Жағалауы жалпақ құмайт....
Бір аңшы болыпты. Өмір бойы аң аулап, күн көріпті. Аң мен құсқа ау құрады екен. Бірде ауын құрып жүріп, қалың арасынан арыстанға кезігіп қалады. Сонда арыстан: — Ей, адам, сен көптен бері кездеспей жүр едің, – дейді тесіле қарап. — Құлақ сал сөзіме. Сенің істеп жүргеніңнің бәрі қиянат! Тіпті менің сыртымнан кіжінетін көрінесің. Ал енді мықты болсаң, күшіңді көрсетші! Арыстанның айбарынан сескенген адам оны дәріптей: — О, айбарлы арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын......
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.
Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. 1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865) 2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды. 3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.....
Еліміздің ең танымал әншісі бірнеше қаланы аралап, концерт беруді жоспарлаған болатын. Тіпті Қостанай қаласында өткізілетін концертінің жарнамасы үшін ұятқа қалған-ды. Алайда бұл тыңдармандарының наразылығының жанын да түкке тұрмайтын қателік екен.
«Ұшы-қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып,үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады»,-деп Шоқан Уәлиханов айтпақшы,тылсым табиғат қашан да құнды дүниесімен тамсандыруын тоқтатпақ емес.Күн шуағын төгіп айналаны нұрландырса қуанышты деп,аспанды......
Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.
Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.
Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді. .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық! Өзіміз туралы айтайық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 тыңдаған материалын сөйлеуге, сөйлемге, сөзге ажырату және оның мазмұнын түсіну 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану 1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының (терминсіз) қарапайым формаларын қолдана алу Сабақ мақсаты: Тыңдаған материалды қайталады, мазмұнын түсінеді Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолданады Тәуелдік және жіктік жалғаулардың қарапайым түрлерін айтады. ....
Жатқанда жер құпиясы құлпын ашпай, Хақ тәңірі пендесімен сыр сырласпай, Тылсымын көк пен жердің шешу үшін Дүниеге келді біреуі Ықыластай. Құдайдың ықыласын кетті аударып, Аңырап шыққан бір үн көкті жарып, Азынап жердің......
Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.
Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын.....