Қамбаға бас сұқса-ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті, мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырғанда: – Мысықтың мойнына қоңырау тағып қоялық......
Сол 5 әріпті жан менің алақандай жүрегімнің төрінен орын алған еді ғой!? Күнде түсімді ұрлаған, ақыл-есімнен адастырған сол жарқын жүзді көруге асығатынмын! Әлем, мынау қоршаған, орта тіпті жұмыр басты пенделердің өзі маған онсыз мәнсіз болатындай көрінді!!! Ең асыл,ең құнды нәрселерді сол 5 әріпті періштеге ғана балаушы едім. Оны ойлаған сәтте......
Бір мәуелі бақта биік кәрі қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты. Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, ерке-тотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен. Қарны ашса, шешесіне келіп, аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын балапанына береді. Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті.......
«Дені саудың жаны-сау», «Бірінші байлық-денсаулық» деген қанатты сөздер арқылы ата-бабаларымыздың денсаулыққа көп көңіл бөлгенің аңғарамыз. Тіршілік иесінің ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын сақтауды қажет етеді.
Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданып денсаулыққа зиянды заттарды қолданбау басты қажеттілік. Бұрынғы ата-бабаларымыз табиғи өніммен тамақтанып, еңбек етіп жанын шынықтырған. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы: — Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен. Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.......
Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі. — Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді. Түйе: — Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі: — Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді. Түйе: — Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. — Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі: — Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр: — Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.......
Майданда сонау жыл Бізбенен бір жүрді. Ер жүрек солдат бір Мінезі күлдіргі. Сөйлеп шын қызғанда Сөзді тым тапқыш-ақ, Қол боста қыздарға Жазатын хат....